1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет10/10
Дата24.03.2023
өлшемі78,21 Kb.
#75822
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шакарим реферат

Прозалық шығармалары
Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

Қорытынды


Шәкәрім дүниеден өтті. Зұлымнын, сұмның қолынан асыл қаза тапты. Өмір бойы ақ пен қара, әділдік пен зұлымдықтың құрбаны Шәкәрім болды. Бірақ ол әлеуметтік, бостандық жолындағы әдебиет эстафетасын жаңа ұрпақтарға берді. Біз енді Абай мен Сұлтанмахмұт, Сәкен аралығындағы ақ таңдақ орынға зор тұлғасымен Шәкәрімді отырғызамыз. Дүниенің барлық көріністерін, адам өміріндегі мың алуан құбылыстарды бүкіл болмысымен, барлық сезімімен қабылдай білген ақынның түйсігінде шек жоқ. Ол жердің сырын, желдің үнін, құстың әнін, адамның арман қиялымен, мұнымен бірдей түсінді.
Қанша тіршілік-тірлігіміз күйреп, қанша сән-салтанатымыз қирап, алыптарымыз қияанатқа ұшыраса да, соның бәріне шыдаппыз. Көзіміздің жасымен, жанымыздың дертімен болашаққа бағып, әділдік күтіппіз. Сол күткен әділдік жетті. ақиқаты ортамызға қайта оралған Шәкәрім ақын.Шәкәрім шығармаларын бүгінгі күннің биігінен қарап талдап, бағалау, сөйтіп оларды өз тәуелсіздігін қолына алған еліміздің игілігіне аса беруіне үлес қосу-әрбір зерттеушіге, өнер иесіне де ортақ міндет.

Шәкәрім поэмаларының жазылу стилінде де ұлы ұстазына ұқсастық бар. Оның дастандары да негізінен баяндау үлгісінде жазылған. Ол заңды да. Өйткені, бұл дәуірде көркем де бейнелі сурет жасайтын қазіргі ұғымдағы поэмалар дәстүрі әлі де толық қалыптаса қоймаған болатын.


"Абайды қазақтың жаңа үлгідегі поэма жанрын өмірге әкелген ақын дей тұрсақ та, - дейді зерттеуші Б. Әбдіғазиев, - бұл кезде негізінен бұрыннан келе жатқан дастан дәстүрі үстем тұрғанды. Абайдың реалистік поэмалары да, Шәкәрімнің одан кейінгі дастандары да осы дәстүрде туды".
Бір айырмасы - Шәкәрім дастандарында авторлық түйінге кейіпкерлердің диалогтары мен монологтарына айрықша маңыз берілген. Бұл ұстаз дәстүрін ілгері дамытудағы шәкірт ақынның жемісті ізденісі деу керек.
Шәкәрім шығармалары ғасырлар бойы сараланып, қалыптасқан халық поэзиясының көркем тілі мен қанатты сөздерін, шығыс ақындарының сұлу да сыршылдық сипаттауларын, батыс пен орыстың романтик ақындарының сәбидей сезімталдығын, ал ұлы ұстаздың Абайдың шеберлік дәстүрін үлгі тұтып, қазақ поэзиясында өзінше жаңадан қайталанбас өрнек салды. Оның поэзиясының мағынасы терең, идеясы жоғары, сырты сұлу жұп - жұмыр, әсері мен әсемдігі бірдей мінсіз ұласып жатыр. Мазмұн мен ой көмкерілген, бейнеленген түрдің бірлігін танытатын қарымды суреткерлік.
Қорыта айтсам Шәкәрім Құдайбердіұлы Ұлттық мәдени қазынамыз бен рухани өмірімізді байытқан ұлы тұлғасы екенің ескеруге болады.
Қолданған әдебиеттер тізімі



  1. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

  4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  5. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. - Алматы: Қазақ университеті, 1991.

  6. Шәкәрім. Иманым. – А.: Арыс, 2000




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет