1. Кіріспе Негізі бөлім



бет1/3
Дата20.06.2023
өлшемі1,5 Mb.
#102587
  1   2   3
Байланысты:
Куралай


Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізі бөлім

2.1. Қазақстанның фэшн индустриясы әлемдік деңгейде

2.2. Отандық дизайнерлер


3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер


Қазақстан дизайнерлер одағы – шығармашылық ұйым. Кәсіби дизайнерлермен дизайн саласындағы мамандардың басын біріктіру мақсатында 1987 жылы құрылған. Одақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік көркем нақышының кешенді дизайн бағдарламасын дайындап, жүзеге асыру ісінде шығармашылық өндірістік кәсіпорындардың жұмыстарынүйлестіреді.Республикалықжәнехалықаралық көрмелерұйымдастырып, конференциялар мен симпозиумдар өткізеді. Кәсіпорындардыңөнеркәсіптік және құрылыс нысандарының фирмалық нақышын жобалау, баспаөнімдерінбезендірудизайнын, теріжүнкиізкерамикаматериалдарынан дайындалатын сувенир және қолөнер, зергерлік бұйымдардың этнодизайнын жасауды жүзеге асырады. Патенттік-лицензиялық қызмет атқарады. Қазақстан дизайнерлер одағы 235 мүшесі бар (2003). Олардың 20-сы Президент стипендиясының иегері. Одақтық Республика облыстарында 9 бөлімшесі бар. Қазақстан даму одағының алғашқы президенті Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Т.Б. Сүлейменов.
Қазақстанның Fashion индустриясы әлемдік деңгейден артта қалған деп жатады. Бірақ, сән әлеміне өз есімдерін жазып, тек елімізде емес, шетелдерде де танымал болып жүрген отандық дизайнерлеріміз баршылық. 
Әлем назарын аударып жүрген дизайнерлер Қазақстанда да жоқ емес. Еліміздегі эстрада жұлдыздары мен атақты жүргізушілер, кәсіпқой қыз-келіншектер отандық дизайнерлердің киім үлгілерін кие бастады. Шетелдік D&G, Louis Vuitton сынды брендтерді «Aya Bapani», «Aida Kaumenova» шығарған киімдер алмастырып отыр.
Ая Бапани Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани. Оның өнерге деген таланты әкесінен дарығандығы айтылып жүр. Ая Бапани қазақ көркем сурет өнерінің классигі Әлібай Бапановтың қызы. Ая Бапани киім үлгілерін ұлттық нақышта сәндеп жүр. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді. «Fashion TV Central Asia 2013» премиясында Орта Азияның үздік сән дизайнері атағын иеленді. Жас әрі талантты дизайнердің өз ерекшеліктері бар. Ол қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерін әлдеқайда тартымды екенін өз туындыларында дәлелдеп жүр. Ол ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін шетелдік сән көрсетілімдеріне шығарды. Нәтижесі де жоқ емес. Туындыларына жоғары баға алған атақты дизайнердің киімдері жоғары сұранысқа ие.






Аида Кауменова


Аида Кауменова – көркемpret-a-porter delux коллекциясын шығарушы жас дизайнер. Оның «AidaKaumeNOVA» брендтті жеке маркасы отандық жұлдыздар арасында танымал. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шетелдерден өз орнын алып жүр. Аида Кауменова Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол онда білім беру мектебімен қоса өнер мектебін де бітіріп шықты. Кейін Алматы Технологиялық университетін 1997 жылы «инженер-конструктор-модельер» мамандығымен аяқтаған. Дизайнер 2002 жылы Италияға барып шеберлігін жетілдіре түсті. Онда ол «Carlo Во» Urbino қаласында сән мектебін бітірген. Ол «Daraleque» маркасының арт-директоры және дизайнері болған. Арт-директордың мамандығынан кейін Аида «AidaKaumeNOVA» сән үйін құрды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет