1. Кіріспе Негізі бөлім



бет3/3
Дата20.06.2023
өлшемі1,5 Mb.
#102587
1   2   3
Байланысты:
Куралай

Леонид Жеребцов




Леонид Жеребцов есімді дизайнер елімізде «OpenWay 2012» брендімен танымал. Ол ұлттық жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы. Аталмыш байқаудан соң жас дизайнер «Leonid Zherebtsovfor Salta» коллекциясын дайындады. Қазақстан дизайнерлерінің «Kazakhstan Fashion Week» шарасында Леонид өз ерекшелігімен таныла білді. Оның киімдер топтамасының негізгі бөлігі қара, көк, сарғыш, ақмақта және стрейчтен тұрады. Леонидтің айтуы бойынша оның коллекциясы стиль мен ыңғайлылықты таңдайтын барлық жастағы қыздарға арналған.


Камила Курбани


Камила Курбанидің сәнді киім үлгілерін тігіп жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Оның есімі енді ғана таныла бастады. Камила Курбанидің қазақстандық сән сахнасына киім үлгілерін ұсынып жүргеніне екі жылдай уақыт болды. Осы кездің ішінде дизайнер сән әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсына білді. Дизайнердің негізгі туындылары екпінді гламурға емес, керісінш еunisex пен casual стиліндегі еркіндік үлгілерді ұсынып жүр. Камиланың тұтынушылары еркін ойлайтын, өзгеден аса ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилі мен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.


Сәкен Жақсыбаев


Сәкен Жақсыбаев 2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан. «ZhSaken» брендінің негізін қалаушы дизайнерді бүгінгі күні танымайтын қазақстандық сәнқой жоқ шығар. Шетелге жиі шығып тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Дизайнердің жақында тұсауы кесілген топтамасы «Мадрид» деп аталды. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын қолданады. Оның барлық киімдері сапалы, әрі бағасы қол жетімді.
Қ

азақстанның Италиядағы елшілігінде «Дәстүр және қазіргі Қазақстан – ғасырлар бойы жалғасқан байланыс» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамаларының тұсаукесері өтті, деп жазады "Адырна" порталы. 

Оған 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде Италияның шығармашылық саласының өкілдері – дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер және т.б. беделді кісілер болды. Сондай-ақ іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және т.б. қатысты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Таныстырылымның мақсаты – кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы болып табылатын бірегей тарихты, салт-дәстүрді және ұлттық мұраны бейнелейтіндіктен, итальяндық көрермендерді сәндік-қолданбалы өнердегі үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық нақышымен таныстыру.

Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев еуропалықтардың Азиямен танысуы халықтардың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін суреттеген атақты итальяндық саяхатшы Марко Полоның шығармаларынан бастау алғанын ерекше атап өтті.


Т

ұсаукесерді Самал Төлеңгітованың Текемет-Сырмақтан жасалған, киізден жасалған бұйымдар топтамасы ашты. Көрермендерге киізді жібекке айналдырып, жібек матаға ерекше өрнектер жасауға мүмкіндік беретін, өзінің жеңілдігі мен сапасын жоғалтпайтын заманауи технологиямен үйлестірілген дәстүрлі қолөнер арқылы жасалған шапандар мен шарфтар көрсетілді.

Одан әрі қазақстандық сәнгерлер Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі суретші-зергер Нұрдос Әлиасқаровтың әшекей бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекейлері көрсетілді.


Сондай-ақ сәнгерлер әйелдер мен ерлер шапандарының топтамасын – қазақтың ұлттық киімдері мен этникалық дизайнер Тарбия Айдымбаеваның этникалық киімдерін көрсетті, олар заманауи дизайнда әмбебап киім үлгісі болып табылады. Тұсаукесер қалыңдықтың дәстүрлі той киімін көрсетумен аяқталды

Сондай-ақ қонақтарға кілем және басқа да киізден жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.


Қазақтың ұлттық киімдерін көпшілікке паш еткен модельдер Италия университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттер болды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

  2. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3. ↑ Сұрақ және жауап. Энциклопедия

  4. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  5. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет