1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері



бет24/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
12.2. Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері
Кіші комплектілі мектептің екінші бір ерекшелігі - оқу процесіндегі мұғаліммен оқушылардың өзара ынтымақтастығына байланысты. Оқушылардың танымдық қызметі мұғаліммен оқушылардың сыйластық пен сенімге негізделген өзара байланысы қалыптасқанда ғана сапалы, белсенді дамып өрбиді. Бірнеше класпен жұмыс жасайтын мұғалімге өте үлкен қиындықтар кездеседі. Өйткені әр кластың өзінің танымдық міндеттері болатыны, мұғалімнің бірнеше бағытта жұмыс жасауын талап етеді. Егер мұғалім оқушылардың танымдық қызметтерінің қаншалықты дамытқаны туралы ақпар алып отырмаса, бұл міндеттің шешілуі одан сайын қиындай түседі. Сондықтан мұғалім жұмыс жасағанда екінші кластағы өз бетінше жұмыс қалай жүріп жатқанына көңіл бөліп, бақылап, қажет кезінде жәрдемдесіп тұруы керек. Мұның өзі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Шағын комплектілі мектептің тағы бір көңіл бөлетін ерекшелік - сабақтың әр кезеңінде ұйымдастырылатын өзбетінше жұмыстардың логикалық жүйесін органикалық байланыста құра білу.
12.3. Сабақ түрлері және оларды ұйымдастыру әдістемесі.
Шағын жинақталған мектепте дүниетану сабағын өту қарапайымнан күрделену принципін мықтап сақтауды қажет етеді. Онда ең алдымен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оңтайлы етіп құрудан басталады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды мазмұны жағынан ұқсас тақырыптарды бір күнге белгілеу, оны жүйелі түрде әр кластың сабаққа қойылатын талаптарынан ауытқымай ұйымдастыруға болады. Жаңа сабақ түсіндірілуін бір мезгілде өткізуге немесе жоғары кластарға өз бетінше дайындалатын тапсырмаларды беру негізінде өрбуі мүмкін. Оқушы салыстыра отырып білетінімен білмейтінін логикалық байланыстырады. К.Д.Ушинский, Ж.Аймауытовтар «балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын, сондай-ақ К.Д.Ушинский «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деген идеяларын шағын комплектілі мектептерде дүниетану пәнін оқыту үрдісінде қолдану зор нәтиже беруі сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет