1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы Жаратылыстану әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі



бет5/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

3 Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы Жаратылыстану әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі.
3.1. Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы
XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты. Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану–оқу жоспарында жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы бастауыш кластарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 кластар), «Табиғаттану (3-4 кластар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 класқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр класқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды
XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты.
Александра Александровна Перротте (1880-1963) - бастауыш кластардың жаратылыстануды оқу жөніндегі педагог-әдіскер. Ол мұғалімдер білімін жетілдіру институтында ұдайы семинарлар жүргізіп, лекциялар оқып және баспасөз беттерінде еңбектерін жариялап отырды. Мектептерде жұмыс істеген кездерінде үлгі сабақтар және әр түрлі кластан тыс жұмыстар жүргізді. Оның «Бастауыш мектепте жаратылыстанудан сабақ беру тәжірибесінен», «Бастауыш кластарда табиғат зерттеу», «Бастауыш мектептегі жаратылыстану бойынша экскурсиялар» - деген еңбектерінің өзіндік маңызы жоғары болды. Ол жаратылыстану бойынша көрнекі құралдарға үлкен мән береді. Оның қолынан «Ізбестастар», «Тұз», «Торф» коллекциялары және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар шықты.
Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) - жаратылыстануды бастауыш мектепте оқытуды жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты. Ол өзінің жұмыстарында жаратылыс ғылымдарына тән әдістерге сүйене отырып табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін көрсетуге тырысты. Ол жасаған бақылаулар, тәжірбиелер мен экскурсиялар жүргізу әдістемесі табиғаттану ұғымдарын қалыптастыруға қажетті нақтылы сезім негізін құруға көмектесті. П.А.Завитаев заттық сабақтардың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады. Бұдан басқа, ол жаратылыстанудың материалдық базасын жетілдіруде, құрал-жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп еңбек етті. Ол «1-4 кластардағы экскурсиялар мен заттық сабақтар», «1-4 кластардың оқу-тәжірибе учаскесі», «1-4 класс оқушыларының оқу-тәжірибе учаскесіндегі еңбегі» әдістемелік еңбектерін шығарады. Сонымен бірге ол жаратылыстану оқушыларға политехникалық білім берудің баспалдағы деп есептеді.
П.А.Завитаев табиғаттану сабақтарында жабдықтар мен көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «1-4 кластарда табиғат зерттеуге байланысты сабақтардың жабдықтары», «Бастауыш кластарда жаратылыстану сабақтарында тәжірибе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды.
Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам уақыт бойы мектептегі жаратылыстану бағдарламалары мен 3 - 4 класс оқулықтарының авторы болды. Ол табиғаттануды оқыту әдістемесі мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні болып бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру принциптерін жасады. М.Н.Скаткин көрнекі құралдардың, таблицалардың, картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас сериясын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат күнтізбесін жасады, оған оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау нәтижелері енгізілді.
60-жылдары оқу жоспарлары, оның ішінде табиғаттану бағдарламасы жаңадан қайта жасалды. Енді бұл пәнді оқып-үйрену 2-4 кластан басталды. Бағдарламаның негізіне өлкетану принципі алынды, оның ауқымында оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық қызметін оқып-үйренді. 2-кластағы тақырыптар маусымдық принципі бойынша орналастырылды, бұл оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
3 - класта оқушылар табиғат құбылыстарымен және өзі тұратын жердегі қоғамдық өмірмен тікелей танысады. Бағдарламадағы дүниетану принципі оқушылардың жер шары, мұхиттар мен материктер, жердің формасы мен қозғалысы, елдің табиғат зоналарымен танысуы арқылы жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мұнда адам ағзасы мен денсаулықты қорғау мәселелері оқытылды. Табиғаттануды оқып–үйрену 4 - класта аяқталды.
Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану–оқу жоспарында жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы бастауыш кластарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 кластар), «Табиғаттану (3-4 кластар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 класқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр класқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет