1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


 Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары, талаптар



бет14/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

7 Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары, талаптар
7.1 Оқыту технологиялары және олардың ерекшеліктері
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарының біріктірілген пәндері мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдас-тырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттер мен мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазіргі уақытта білімде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ды жасау және тарату, инновацияларды өрістету талаптары қойылып, оған жағдайлар да жасалуда. Осыған орай, оқу үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев), жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), блокты-модульдік технологияны (М.Жанпейісова), деңгейлеп оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы, колдану қажет. Сонымен қатар оқушының танымдық мақсаттарына жол ашу үшін соңғы жылдары пайда болған оқытудың интегралды технологиясы, когнитивті технология, оқытудың проблемалық-бағдарлы технологиясы, интеллект карт әдісі негізіндегі оқыту технологиясы үлес қосады. Бұл технологияларды оқыту үрдісінде кешенді қолдану арқылы оқушының танымдық даму дәрежесі артады: ақпаратты алу, қабылдау, сараптау, сақтау, және қолдану өрісі кеңейеді, оқушының бейнелі ойлау, сөйлеу қабілеті, дарындылық қасиеті дамиды, логикалық ойлау жүйесі өзгеше қабілетке ие болады.
Жоғарыда аталған технологиялар білім беруде пәндердің ішкі тоғысуы (пәнаралық байланыс), оларды жаңаша жүйелеу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, таным мәселесін сабақ мақсатының алдыңғы қатарына шығару, көпсалалы мәдени білім беру, білімді өмірмен байланыстыру салаларында қолданылады.
Қазіргі кезде интерактивтік технологияның түрі көп. Әсіресе технология түрлерін В.С.Кукушкин және басқалардың еңбектерінде жақсы келтірген. Ал бастауышта жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай қандай технологияны таңдап пайдалану мұғалімдердің шеберлігіне байланысты.
Өзінің мазмұны, құрылымы, сипатына қарай педагогикалық технологиялар оқыту мен тәрбиелеу, жалпы білім беру және кәсіптік бағытталған, гуманитарлық және техникалық т.б. білім беру деп бөлінеді. Ең негізгісі педагогикалық технологияның білім беру үрдісінде баланың алатын орнына, үлкендердің оқушыға деген қатынасына байланыстылығы. Осыған орай технология бірнешеге бөлінеді.
Авторитарлық технология, мұнда мұғаліммен оқушының қарым –қатынасында субьект-обьектілік қатынас бірінші орында тұрады да, жекебасты қалыптастырудағы ең негізгі фактор дидактикалық құралдар болып есептеледі.
Жеке басқа бағытталған технология, мұнда мектептегі бүкіл оқыту мен тәрбиелеу үрдісі баланың табиғи мүмкіндігін дамыту үшін оған қолайлы, келіспеушілікті туғызбайтын, қауіпсіз жағдай жасай отырып, оның жеке басын дамытуды көздейді. Мұндай технологияны қолдану барысында оқушы тек субьект ғана емес дәрежесі мен беделі басым субьект қатарында қаралады.
Тұлғалық – ізгілендіру технологиясының айырмашылығы – жеке басты психологиялық тұрғыда қолдау, оған көмектесу. Бұл балаға қысым жасамай. «насихаттау» негізінде оны жан-жақты қолдау мен сүйіспеншілік арқылы оның өз күшіне деген сенімін туғызу.
Ынтымақтастық технологиясы, оқушының таңдауына, өздігінен жұмыс істеуге ерік беру. Мұғалім мен оқушының тең құқықты болуы. Нәтижеге сырттай әсердің емес, ішкі сенімнің басымдығына жету.
Проблемалық оқыту технологиясы, бұл жағдайда білім беру әр уақытта сабақтың басынан – ақ, түрлі жағдаяттар туғызумен тығыз байланысты жүргізіледі. Жағдаятты шешу баланың ойында туындауға тиісті. Проблемалық оқыту проблемалық білім алуға әкеліп тіреледі, яғни оқушы сабақтан шыққанда түрлі жағдаятты шешу мәселесін ойланып шығады. Оқушы алдына қойылған жағдаят бір сабақ барысында шешіле қоймауы мүмкін. Мұндай жағдайда келесі сабақта та сол жағдаятты шешу жолын іздестіруден басталады. Сондықтан проблемалық оқыту кезінде бұрын өткен мәселеге қайта соғып, оны талдау және алға қойылған жағдаятты шешумен айналысу көзделеді.
Осы көрсетілген технологиялардың бәрін де бастауышта білім беруде қолдану мүмкіндігі бар. Ол үшін мұғалім алдымен оқулықтағы мәтіннің мазмұнын және оны оқытуда алға қойылатын мақсатты анықтап алады да, сонан кейін білім беру технологиясын анықтап, құралын дайындайды.
Интерактивтік технологияны қолдануға мұғалім бірден көше алмайды. Оны қолдану кезеңінен бұрын біраз дайындық жұмыстары жүргізіліп, сынып оқушыларының белсенділігін күшейтіп алады. Ол үшін сабақтар барысында түрлі жаттығулар кешенді ұйымдастырылады. Мәселен, әр түрлі жаттығулар орындату арқылы оқушы бойында керекті түсініктерді қалыптастыру жатады. Ол үшін оқушылар берілген тапсырмаларды таңдау, берілген тапсырмалардың сынып оқушыларының мүмкіндігіне сәйкестігін анықтау, тапсырманың қалай орындалатындығын және оған беретін жауабын алдын ала жоспарлау, оқушыға қиын соғатын ұғымдарды алдын ала түсіндіру, оқушыларға нұсқау беру, топтың құрамын анықтау (үлгерімі әр түрлі оқушыларды араластырып отырғызу, кіммен кімнің отыратынын). Осы дайындықтардан кейін жұмыстың барысы мен нәтижесін қадағалауға мүмкіндік туады.
Интерактивтік технологияны қолдану оңай емес. Себебі, бұл мұғалімнің өте мұқият дайындығын керек етеді. Олар мына тұрғыда болады. Айталық, орындауға ұсынатын тапсырманың шарттарын алдын ала анықтау, қиындыққа соғатын жерде көмекке келу әдісін ойластыру, пікірлерін тереңдете түсу үшін тиімді жерінде берілетін сұрақтар дайындау, оқушылардың пікір алмасуына жағдай туғызу жолдарын айқындау, оқушының танымдық қасиеттеріне әсер ететін жаттығуларды жинақтау, түрлендіру және т.б. жұмыстарды мұғалім алдына ала ойластыруға және соған керекті материалдарды дайындауға тиісті.
Сондай-ақ, әсіресе айнала қоршаған табиғатпен, ондағы заттар мен денелер және түрлі құбылыстарды таныту, оларда жүретін заңдылықтары мен құпия сырларын білдіру үшін 1-сыныптан 4-сыныпқа қарай күрделендіру принципімен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ды пайдалану баланың танымдық деңгейінің көтерілуіне, өзіндік ой-пікірлер түйіндей алуына толық мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына түрткі болады. Шығармашылық әрекеттер арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды. Шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі болып табылады. Мұндай қасиеттер балада туа біткен қабілеті мен түрлі тапсырмалар орындау барысында туындайды, қалыптасады, дамиды.
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі деген пікірмен үндеседі. Яғни білім беру процесінде мұғалім материалды дайын күйінде бермей бала ізденісіне жол ашатындай, ойлау жүйесіне түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді үйлесімді таңдай білсе, сонда ғана бала өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға болып қалыптасады. Мұндай жағдайда оқу жүйесінде дәстүрлі оқыту түрлерінен алшақтап дамыта оқыту технологиялары енгізілуде.
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, байқампаздығын, практикалық әрекеттерін, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, ұшқыр қиялға баулу, логикалық ойлауын дамыту т.б.
Дамыта оқыту технологиясы құрамдас бөліктері де мақсаттары мен сапалық нәтижелері де дәстүрлі оқыту жүйесіне мүлдем қайшы келеді. Айталық, дәстүрлі оқыту жүйесінде дайын нұсқаулар мен анықтамалар білдіру, яғни балада бағдарлама төңірегінде білім, білік, дағды қалыптасады, ал ұшқыр ойлауға, байқампаздыққа, ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерге стихиялы түрде барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет