1. Кітапханалық-библиографиялық зерттеу ұғымына түсінік беріңіз



бет1/2
Дата05.11.2022
өлшемі26,87 Kb.
#47716
  1   2
Байланысты:
10 тапсырма


1.Кітапханалық-библиографиялық зерттеу ұғымына түсінік беріңіз
Қазақстандағы библиографиялық қызмет ғылыми ойдың дамуы мен қоғамның библиографиялық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру жағдайына байланысты бірнеше кезеңнен өтті. Қазақстандық библиографияны қалыптастыруда үлкен рөл атқарған мекеме – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – ҚР ҰК (бұрынғы А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана). ҚР ҰК-да өлкетану библиографиясын ұйымдастыру шамамен 1932 жылдан бастау алды. Кітапхананың алғашқы жарық көрген библиографиялық жұмысы – «Қазақстандағы мал шаруашылығы. 1930-1933 жж. библиография материалдары». Кейін «Қазақстан өнеркәсібі», «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» («Мал шаруашылығы бойынша не оқу қажет», «Күріш өсірушілерге не оқу қажет», «Қызылша өсірушілерге не оқу қажет») серияларының бірқатар ұсынымдық көрсеткіштері, Қазақстанның әдебиеті, мәдениеті мен өнері бойынша буклет-парақшалар сериясы шығарылады.
1938 жылдан бастап ҚР ҰК ҚазКСР тарихы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпбі және кеңес құрылысы бойынша картотекаларға арналған өлкетану әдебиеттерінің жаңа түсімін жүйелі түрде сипаттауға кірісті. Бұл библиографиялық өнім жасау бойынша жұмысты жандандыруға ықпал етті: өнеркәсіп бойынша картотека негізінде – «Рудный Алтай» әдебиет көрсеткіші; Тарих бойынша картотека негізінде – «1916 жылғы қазақ халқының көтерілісі»/«Восстание казахского народа в 1916 году», ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан тарихы»/«История Казахстана», Қазақстанмен байланысты жұмыстары үшін алған «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары»/«Лауреаты Государственных премий», «Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру»/«Освоение целинных и залежных земель Казахстана» көрсеткіштері; әдебиет бойынша картотека негізінде – «Жамбыл Жабаев», «1946-1957 жылдардағы Қазақстанның көркем әдебиеті» көрсеткіштері жарық көрді. Бұл кезеңнің ерекшелігі – библиографиялық құралдар қазақ және орыс тілдерінде қатар жасалды. 1949 жылдан бастап кітапхана жыл сайын «Казахстан в печати СССР» «КСРО баспасөзіндегі Қазақстан» атты жылнамасын шығарады, онда Қазақстан туралы жыл көлемінде республикада және одан тыс жерлерде шығарылған барлық материалдар көрсетілді. Қазақ тіліндегі жылнамалар облыстық газет бетіндегі ең құнды материалдарды қамтыды. Алайда жылнамалардың көпшілігі жарыққа шықпады, олар тек қолжазба түрінде ғана бар. Ағымдағы библиографияның қалыптасуы жыл сайынғы «Қазақстан. ... жылдардағы библиография» тіркеу көрсеткішінің басылып шығуымен байланысты. 1960-жылдары келесі библиографиялық көрсеткіштер жарыққа шығады: бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған «Қазақстан туралы жаңа әдебиет» (1966-1998 жж.), «Қоғамдық ғылымдар» және «Мәдениет. Өнер. Әдебиет» (1968-2003 жж.). Жекелеген көрсеткіштер толықтырылып, қайта басылып, алдыңғы библиографиялық басылымдардың қисынды жалғасы болды – бұл дәстүр бүгінгі күні де сақталуда. Осылайша, тарихи библиография бойынша келесі іргелі көрсеткіштер жарық көрді: «Библиография по истории Казахстана: Дореволюционный период» «Қазақстан тарихы бойынша библиография: Революцияға дейінгі кезең» (1964 ж., 1988 ж.); «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» (1990 ж.).
Сондай-ақ, қазақтың ғалымдары, жазушылары, мемлекет қайраткерлерінің мерейтойларына байланысты жеке библиографиялық көсеткіштер жарық көреді: «Тұрар Рысқұлов», «Сәкен Сейфуллин», «Бейімбет Майлин», «Ілияс Жансүгіров", кейіннен «Абай Құнанбаев», «Мұхтар Әуезов», «Сәбит Мұқанов», «Ғабит Мүсірепов» және т. б. Қазақстан егемендік алғаннан кейін ҚР ҰК осы дәстүрді жалғастырып, қазақ және орыс тілдерінде «Қайтарылған есімдер» ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер сериясын шығара бастады. Серияның алғашқы шығарылымы (1994 ж.) қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушыларға, екінші және үшінші шығарылымы қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлеріне арналды.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай ҚР ҰК қазақ халқының даңқты қыздары, Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне арналған «Шығыстың жарқын жұлдыздары» атты библиографиялық көрсеткіш шығарды. ТМД-ның ұлттық кітапханалары арасында ҚР ҰК бірінші болып рефераттық ақпарат шығара бастады, сонымен еліміздің Ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінде қоғамдық ғылымдар, мәдениет, тіл білімі, әдебиет және өнер бойынша бөлімді бекітіп берді. 1998 жылдан бастап ұлттық библиография бөлімінің жанында реферативті журналдардың «Қоғамдық ғылымдар"» 6 сериясы және «Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер» 7 сериясы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шыға бастады.
Автоматтандыруды енгізуге байланысты библиографиялық құралдар ҚР ҰК «Қоғамдық ғылымдар» және «Мәдениет. Өнер. Әдебиет» электронды каталогының дерекқоры негізінде шыға бастады. Заманауи технологияларды пайдалану «Халық мұрасы» жобасын іске асыруға және «Қазақстан: өткені мен бүгіні» деректер банкін құруға мүмкіндік берді. Оған өткен жылдардың көрсеткіштерімен бірге ұсынымдық библиографиялық көрсеткіштер де кіреді: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», қаланың 10 жылдығына арналған «Астана – арман қала» мультимедиялық басылымы, Ресейдегі Абай жылы мен Қазақстандағы Пушкин жылы аясында жарық көрген «Ресей мен Қазақстанның ақындық жылы» CD-ROM-ы Қазіргі уақытта библиографиялық қызмет белсенді түрде жалғасып, келесі жаңа мазмұнмен толығуда: «Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан XX ғасырдың басына дейін)», «Қазақстан этностары», «Алаш қозғалысы: тарих және қазіргі заман»,«Егемен Қазақстанның философиялық ғылымдары».
1963-2010 жылдардағы материалдарды қамтитын «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты екі томдық іргелі ретроспективті библиографиялық көрсеткіш ерекше орын алады. Бүгінгі күні оның негізінде «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» Электрондық кітапханасы құрылуда. Ондағы библиографиялық жазба базасына Н. Назарбаевтың және ол туралы кітаптардың толық мәтіндері тіркелген.
А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана кезінен-ақ, ҚР ҰК аймақтық кітапханаларға ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан кітапханаларына арналған ұлттық библиографияның бас орталығы болды. Мәдениет министрлігі жүйесінің республикалық және облыстық кітапханаларының және әртүрлі ведомстволар мен ұйымдардың ғылыми кітапханаларының жоспарлары негізінде ол Республиканың ұсынымдық библиографиялық құралдарын басып шығарудың Жиынтық перспективалық жоспарын құрады. 1965 жылы алғашқы күнтізбе жасалынады – 1966 жылға арналған «Қазақ КСР-нің еске алынатын және атаулы күндер тізбесі». Күнтізбе әлі де жалғасын табуда және қазіргі уақытта республиканың жалпы халықтық мәдени оқиғаларының, жекелеген мекемелердің, ұйымдардың және ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойларын қамтиды.
1982-1984 жж. ҚР ҰК республика кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету үшін «Ұсынымдық библиографиялық құралдарды жасауға ұсыныстар» дайындады, ұсынымдық библиография саласындағы қызметіне талдау мен «Өлкетану библиографиялық құралдарын пайдаланудың тиімділігі» атты зерттеу жүргізді. Көпшілік кітапханалар 1978-1982 жылдары әртүрлі тақырыптар бойынша ҚР ҰК шығарған 11 ұсынымдық көрсеткіштің пайдаланымын зерттеді.
Библиографиялық қызмет саласындағы ғылыми зерттеулер өткен ғасырдың 70-80-жылдарына жатады, олар келесі педагогика ғылымдары кандидаттарының диссертацияларынан көрініс тапқан: М. А. Акчалова (қоғамдық-саяси библиография саласындағы зерттеулер), Р. И. Якупова (балалар әдебиетінің библиографиясы саласындағы зерттеулер), сондай-ақ «Қазақстандағы библиография мәселелері» жинағында, Ж. К. Сералиева мен Д. К. Естаеваның «Библиографиятану» (жетекші республикалық библиографиялық орталықтар: Ұлттық Кітап палатасы, ҚР ҰК, республикалық жасөспірімдер және балалар кітапханалары туралы) оқу құралы материалдарында, Р. А. Бердіғалиеваның «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қалыптасуы және тарихи зерттеулердің дамуы (1931-1945 жж.)» атты диссертациясында. Тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы ТЭИ-дың бас ғылыми қызметкері, профессор Галиев Виль Зайнулловичтың монографиялары, кітапхана ісі, Қазақстандағы баспа-кітап сауда қызметі туралы жинақтары ерекше орын алады. В. З. Галиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – кітапханатану және революцияға дейінгі кезеңдегі библиография, ол 150-ден астам жұмыстың авторы, оның ішінде: «Қазақстандағы кітапхана ісі.
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы» «Библиотечное дело в Казахстане. Вторая половина XIX - нач. XX веков», «Верныйдағы Түркі кітапханасы» «Тюркская библиотека в Верном» және т. б. Қазақстандағы библиография тарихы жөніндегі зерттеулердің ішінде келесі авторларды да атап өткен жөн: М. А. Акчалованың «Кітапханадағы библиографиялық қызмет», Б. Асанованың «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы», сондай-ақ К. Бекмұхамедовтың, Е. Ниғметовтың, З. Қасымованың еңбектері. Қазіргі уақытта библиография мәселелері бойынша жұмыстар ҚР ҰК-да «Кітапханатану, Библиография, Кітапханану/Библиотековедение. Библиография», «Кітап-Кітапхана», «Кітап патшалығы» журналдарында жарияланады. Бүгінгі күні Қазақстанның библиографиясы заманауи технологиялар мен Интернет мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген жаңа мазмұнмен әрі сапамен толықтырылады. Кітапхана веб-сайттарында баспа библиографиялық дереккөздердің топтамалары сандық нұсқалармен бірге беріледі. Сонымен қатар, электрондық көрсеткіштер, мультимедиялық библиографиялық құралдар, толықмәтінді электрондық дерекқорлар және т. б. жасалып, оларды Интернеттің көмегімен әлемнің кез-келген жерінен пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет