Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы бекарыс ақСАҚАЛҰлы шойбеков



жүктеу 7.75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі7.75 Mb.
  1   2   3   4

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы

БЕКАРЫС АҚСАҚАЛҰЛЫ ШОЙБЕКОВ

1976 жылдың 14 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы,

Отырар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қожа Ахмет

Ясауи  атындағы Халықаралық  Қазақ-Түрік  университетін

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша

бітірген. 1999 жылы осы университеттің магистратурасын,

2002   жылы   аспирантурасын   бітірген.   Б.Шойбеков   өзінің

еңбек   жолында  қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәнінің   мұғалімі,

Қ.А.Ясауи   атындағы   Халықаралық   Қазақ-Түрік

университетінде   аудармашы,   ғылыми   қызметкер,

Халықаралық   қатынастар   бөлімінің   басшысы,   Түркістан

қалалық   өнерлі   балаларға   арналған   “Өнер”   мектебінің

директоры   қызметтерін   абыроймен   және   іскерлікпен

атқарған.  2016  жылдың   шілде   айынан   бастап   Түркістан

қаласының білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

Елімізге ғана емес, түркі әлеміне жақсы таныс белгілі

айтыскер   ақын.   1988   жылдан   облыстық,   аймақтық,

республикалық,  халықаралық  айтыстарға  қатысып   келеді.

«Қазақстанның   Тәуелсіздігіне   -   10   жыл»   мерекелік

медалінің,   «Облыстың   2004   жылғы   ең   үздік   ақыны»

атақтарының   және   бірнеше   мемлекеттік   сыйлықтардың

иегері.  Дүниежүзілік   жас   түрік   жазушылары   одағының

Қазақстандағы   өкілі.   Қазақстан   Республикасының

Мәдениет   қайраткері,   Түркістан   қаласының,   Отырар

ауданының   Құрметті   азаматы,   Жастар   «Дарын»

мемлекеттік сыйлығының иегері.

* * * * * ** * * * * * * * * * 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

 Қазіргі кәсіби білімнің шығармашылыққа  бағытталуы мен

жылдам   өзгерістерге   түсуі     жағдайында     педагогикалық

әрекет өте күрделеніп, бұл салада еңбек ететін мамандар

алдына     жаңа   талаптар   қоюда.       Мұғалімдердің

шығармашылық   әлеуетінің   дамуының   табысты   болуында

Түркістан қалалық білім бөлімі әдіскерлері мен олардағы

біліктілікті арттыру ісімен айналысатын   қызметкерлердің

ролі   орасан   зор.   Жалпы   әдістемелік   жұмыс,   әдіскерлер

жайында   жарық   көрген   ғылыми     басылымдардың,

зерттеулер   бойынша   әдіскерлер   әрекеттерінің   түрлері;

олардың   мектеп   тәжірибесімен   байланысы,   қалалық

әдістемелік   мекемелердің   жұмысының   негізгі   бағыт-

бағдары бағытында жүргенін көрсетті.  



>>>>>> 2 - бет

* * * * * ** * * * * * * * * * 



ҚҰТТЫҚТАУ

Түркістан қаласы

Некрасов атындағы

№ 9 мектеп-

гимназия басшысы

Орынбаева Жаңыл

Әнішқызын 

27 қараша  туған

күнімен

құттықтаймыз!

Некрасов мектебінің директоры,

 Көшті бастап жүргізеді ілгері. 

Байқалады кәсібилік деңгейі, 

Атқарылған істерінен сүбелі.

Гимназия статусына мектеп ие,

Жаңа бағыт, жаңа жол, жаңа жүйе.

Күннен күнге жанданып, өркендеуде.

Еңбек етер әр ұстаз ісін сүйе.

Арманы мен мақсаты айқын ұжым,

 Бір жердің ас-нанын жеп, татқан тұзын.

 Талай асу-белесті бағындырған, 

Күн артынан өтуде күндер ұзын.

Білім ошағын жарқыратқан, маздатқан,

Бір мектептің шамшырағын ол жаққан.

Бір ұжымды салиқалы басқарып,

Елбасының әр жолдауын қолдатқан.

«Үздік» болып, дүйім жұртқа танылған, 

Дара туған ұжым риза дарыннан. 

Басшысынан тәлім алып әр ұстаз, 

Жаман ойдан басы бүтін арылған.

Әр ұстазды биік шыңға шақырған,

Әріптесім деп мерейін асырған.

Мектебім деп шыр-пыр болып жүретін,

Ұжым риза сондай жаны асылдан!

 Құтты болсын, Жаңыл ханым, туған күн

 Ұжым сізге алғыс айтар бүгін шын. 

 Ұстаздардан болсын бір-ақ ақ тілек: 

 Басыңызға бақыт нұры төгілсін!

Түркістан қаласы. Некрасов атындағы

 № 9 мектеп-гимназия ұжымы

---1 --


25 қараша 2016 ж | № 20 (170) 

ИНДЕКС: 64470

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

Түркістан   қалалық   білім   бөлімі   қызметкерлері

инновациялық   үрдіс   бойынша   толағай   тыңғылықты  істер

атқаруда. «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,

оған   жаңалық   ашуға   көмектескен   жөн»,   -деп   Г.Галилей

айтқандай,     білім   алу   үрдісі   –   жалпы   білім   жүйесінің

бөлінбейтін,   маңызды,   өзіндік   ерекшелігі   бар   бір   бөлігі.

Динамикалық   жылдам   өзгеретін   қоғамда   еркін   еңбек   ете

алу,   толыққанды   өмір   сүре   алу   үшін   адамдарды     білім,

білік, дағдымен қамтамасыз етіп, алған білімді өз мәселесін

шешуге тиімді пайдалана алудың жолдарын меңгерту.

Қазіргі   кәсіби   білімнің   шығармашылыққа     бағытталуы

мен   жылдам   өзгерістерге   түсуі  

  жағдайында

педагогикалық     әрекет   өте   күрделеніп,   бұл   салада   еңбек

ететін   мамандар   алдына     жаңа   талаптар   қоюда.

Мұғалімдердің   шығармашылық   әлеуетінің   дамуының

табысты   болуында     Түркістан   қалалық   білім   бөлімі

әдіскерлері   мен   олардағы   біліктілікті   арттыру   ісімен

айналысатын     қызметкерлердің   ролі   орасан   зор.   Жалпы

әдістемелік   жұмыс,   әдіскерлер   жайында   жарық   көрген

ғылыми  басылымдардың,  зерттеулер бойынша әдіскерлер

әрекеттерінің   түрлері;   олардың   мектеп   тәжірибесімен

байланысы, қалалық әдістемелік мекемелердің жұмысының

негізгі бағыт-бағдары бағытында жүргенін көрсетті.

Бас   мамандар   –   Г.Д.Малбаева,   Н.М.Ошантаева,

Ш.Т.Күленов,   Г.   Әлімбекова,   А.   Қасымбек,   бас   маман-

заңгер   –Ж.Ә.Орынбасарова,   бас   есепші   –Д.А.Кенжетаев,

әдістемелік   кабинет   меңгерушісі   –   А.Ү.   Батырбекова,

Халықаралық   зерттеулер   бойынша   әдіскер   –М.З.Ибраева,

әдіскерлер   –Ә.Төлентаев,   Т.Кенжебаева,   Г.Ж.Ұзақ,

Д.Есенғараева,   Г.Әметова,   А.Т.Телқожаев,  

  Ж.О.

Тұрысбетов,  



  Б.М.Сарманов,   М.Қорғанбекова,

Ф.Ташметова, Ж.Нұржакиева, М.А.Рысбекова, Р.Рахметова,

Т.Ә.Шегенбаев,   Н.Ж.Маратұлы,   М.Абдужаппарова,

А.Ақжанов,   М.Бакиров,   Р.К.Үрімова,   Д..Қ.Қуат,

Г.Қ.Абдикулова,   Т.А.Бегасилов,   А.Аблазова,   Г.

Нұрмағамбетова     сынды   мемлекеттік   қызметкерлер

Түркістан   қалалық   білім   бөлімінде   «жұмылған

жұдырықтай» еңбек етуде. 

1998   жылғы   тамыз   айындағы   №1   “Ұстаз”   газетінің

Түркістан   қаласына   қарасты   қалалық   білім   бөлімінің

жанында жарық көруі - ақ түйенің қарны жарылып, білім

қызметкерлерін қуанышқа кенелткен күн еді.

“Ұстаз”   газетінің   іргесін   қалаған   тұңғыш   редактор   –

Ғани  Ысқақов Жақсылықұлы болатын. Бүгінде  оның  ізін

Акбар Исхаков жалғастыруда.  2002 жылдан бастап “Ұстаз”

газетінің   және   балаларға   арналған   “Түркістан   ұланы”

газетінің тізгінін қолға алған редактор – Акбар Исхаков әр

түрлі   тақырыпта   терең   ой-пікірлер   қозғап,     ұстаз-

қаламгерлердің   шығармаларын,   мақалаларын     тұрақты

түрде  жарыққа шығарып жүр. 

“Түркістан   ұланы”   газетінің   символы   ретінде   балалар

газетінің   титулына   Ғани   Ысқақовтың   суреті   қойылған.

“Түркістан   ұланы”   газетінің   жариялымы   үшін   редактор

Акбар Исхаков    облыстық “Қорған” балалар қорының “Ең

үздік   журналист”   атағын   иеленді.     Бүгінде     “Ұстаз”,

“Түркістан ұланы”     газеттерінің корректоры әрі тілшісі –

марқұм   Ғани   Ысқақовтың   тұяғы   –   журналист,   тілші-

корректор – Ақмарал   Ғаниқызы мен Искакова Мақпал –

бағдарламашы  қызметін атқаруда.

  “Ұстаз”  газетінің  құрылтайшылары:   Түркістан   қаласы

әкімдігінің   білім   бөлімі,  

  Білім   және   ғылым

қызметкерлерінің   кәсіподақ   комитеті.  Ақылдастар   алқасы

мүшелері:   білім   бөлімінің   қызметкерлері   –   Б.Шойбеков,

Г.Әсілбаева,   А.Батырбекова,   М.Кенжебаева,   Р.Үрімова,

Б.Сарманов, Ә.Әшірбаев және Түркістан қалалық мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

 

Ж.Ибрагимовтер.



Қазақстандағы     ең     ірі   қоғамдық   ұйым   –   білім     және

ғылым     қызметкерлері     кәсіподағы.   Бүгінде     Түркістан

қаласында   83   бастауыш     ұйымында   9     мыңнан   астам

кәсіподақ  мүшелері  еңбек етуде.  Түркістан  қалалық білім

және   ғылым   қызметкерлері     кәсіподақ     кеңесінің

төрайымы,   Түркістан   қаласының     Құрметті     азаматы

Әсілбаева     Гүлжан   Әсілбайқызы   осы     қалың   орман

кәсіподақ   мүшелері бар   ұйымды   басқарады. Кәсіподақ

комитеті мамандары: Кенжебаева Мария, Дадабаев Фарход

және   Утебаева   Дүйсенкүл   –   бас   есепші   болып   қызмет

етуде.

Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін  дамыту күрделі



және  көпқырлы мәселе.  Сондықтан  мұғалімдердің  кәсіби

дамуын   қамтамасыз   етуге   бағытталған   әдістемелік

жұмыстар нәтижелі болуы үшін олардың  негізгі бағыттары

бойынша айқындалуы өзінің жалғасын табуы тиіс.

* * * * * ** * * * * * * * * * 

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Тәуелсіздік   алғанына   биыл   25   жыл   толғалы   отырған

қазақ елі осы аз жылдың өзінде үлкен жетістіктерге жетті.

Халқына,   еліне   сенімді   түрде   серт   беріп,   ел   тағдырын

мойнына   алған   Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев   25   жылда

Қазақстанды   адам   таң   қаларлықтай   көркейтіп,

экономикасын өркендетіп отыр. 

Тәуелсіздіктің   тұғырын   биіктетіп,   баянды   ету   –   әрбір

азаматтың   қастерлі   міндеті.   Адамның   азаматтығы,   рух

биіктігінің   деңгейі   ата-бабасынан   қалған   асыл   мұрасы   –

атамекенін,   салт-дәстүрін,   тілін,   өнерін   қастерлеумен

мемлекеттік   тәуелсіздікті   қорғаудағы   еңбегіне   қарай

бағаланбақ. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты

қадам» Ұлт жоспарында берілген міндеттемелерді жүзеге

асыру мақсатында бекітілген «Қазақстан Республикасында

білім   беруді   және   ғылымды   дамытудың   2016-2019

жылдарға   арналған   мемлекеттік   бағдарламасында»   білім

беру   саласындағы   жұмыстың   басымдықтарында   нақты

тапсырмалар   берілгені   болып   табылады.   Осыған   орай,

бүгінгі   күні   Түркістан   қаласы   білім   саласының   жұмыс

мазмұнын   осы   бағдарламаның   индикаторлық

көрсеткіштерінде  белгіленген   межеге  жеткізу міндеттеліп

отыр.   Ең   басты   мәселе   –   елімізде   12   жылдық   оқыту

моделіне көшу жағдайында жаңартылған білім мазмұнын

---2 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

ендіру бойынша жаппай дайындық жұмыстары жүргізілді.

Апробациялау   жұмыстары   6   жыл   бойы   (2008-2013)

Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында жүргізілсе,

соңғы   3   жылда   (2013-2016)   сынақ   жұмыстары   жай

мектептерде де жүзеге асырылды. 

Өздеріңізге   белгілі,   жаңартылған   білім   мазмұны

бойынша   әзірленген   оқу   бағдарламаларын   ендіру

педагогтар   қауымынан   кәсіби   міндеттер   мен   оны   жүзеге

асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті

талап   етеді.  Бұл   бағытта   «Назарбаев   зияткерлік   мектебі»

дербес   білім   беру   ұйымдары   Педагогикалық   шеберлік

орталығы мен Кембридж университетімен бірге әзірленген

үш   деңгейлі   бағдарламаларды   ендіру  орта   білім   берудегі

педагог   кадрлардың   біліктілігін   арттыру   жүйесіндегі   ең

маңызды   жетістік   болып   табылады.   Жаңа   деңгейлік

бағдарламалар бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері-

нің»   тәжірибесін   тарату   мақсатында   Педагогикалық

шеберлік   орталығы   және   «Өрлеу»   біліктілікті   арттыру

ұлттық   орталығының   базасында   педагог   кадрлардың

біліктіліктерін   арттыру   жүйесі   жүзеге   асырылды.

Деңгейлік   бағдарлама   бойынша   3   айлық   курстан   пән

мұғалімдері, мектеп директоры   9 айлық курстарда, 2016-

2017 оқу жылында 1 сыныптарға сабақ беретін педагогтар

орта   білім   мазмұнын   жаңарту   бағдарламалары   бойынша

біліктілік  арттыру курстарынан  өтті. 12 жылдық  оқытуға

көшуге байланысты әдістемелік қызметтің құрылымы мен

жұмыс   мазмұны   да   жаңаша   сипат   ала   бастады.   Өтілген

әрбір семинарлар мен өзара тәжірибе алмасу жиындарында

білім   беру   мазмұнының   жаңартылуына   негіз   болған

Назарбаев   зияткерлік   мектептерінің   озық   іс-тәжірибесі

кеңінен насихатталып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі

саласы жаңа тәсілдер аясында кеңейтілді. Атап айтқанда,

пәнаралық   және   жобалық   қызмет,   оқыту   мен   басқаруда

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,

білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интергациялау

және   ата-аналарды   консультациялық   қолдау   жүзеге

асырылды.

Педагогтарға кәсіби ізденуіне бағыт-бағдар беру, озық іс-

тәжірибесін   кеңінен   насихаттау   мақсатында   қалалық,

облыстық,   республикалық   деңгейде   семинарлар,

конференциялар,   дөңгелек   үстелдер   ұйымдастырылды.

Аталған   жиындарда   12   жылдық   білім   беруге   көшу

жағдайында   педагогтардың   кәсіби   және   шығармашылық

деңгейін   арттыру   арқылы   заманауи   білім   беру   жүйесін

үйлестіру   мен   нығайту   жұмыстары   жан-жақты

талқыланды.Ұстаздар   еңбегінің   нәтижесі   республика,

облыс   деңгейінде   қол   жеткізген   жетістіктері   арқылы   да

айқындалады. Қала ұстаздары   республикалық, облыстық

деңгейде өтілген қашықтық олимпиадаларда, түрлі кәсіби

сайыстарда,   тамыз   педагогикалық   оқуларында,   пән

мұғалімдерінің   олимпиадаларында   үздік   нәтижелерге   қол

жеткізуде. 

Біз   ұрпағымызды,   болашағымызды   тәрбиелеу   жолында

мемлекетіміздің білім саясатын  басшылыққа ала отырып,

бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана

емес,   Әл   Фараби   бабамыз   айтқандай,   балаға   білімнен

бұрын   тәрбие   беру   керек,   «Тәрбиесіз   берілген   білім   –

болашаққа   балта   шабу»   деген.   Сондықтан   біз   жоғары

азаматтық   және   адамгершілік   ұстанымы,   Отансүйгіштік

сезімі   мен   әлеуметтік   жауапкершілігі   қалыптасқан

зияткерлік   ұлтты   қалыптастыруымыз   керек.   Бұл   орайда

қазіргі   таңда   мектептерде   оқытылып   жатқан   «Өзін-өзі

тану» пәнінің маңызы ерекше. Қазіргі қоғамда бұл пәннің

мектеп   бағдарламасына   енгізілуі   құптарлық   іс.   «Өзін-өзі

тану»   пәні   арқылы   мектеп   жасындағы   баланың   жалпы

адамгершілік   құндылықтарды   танып-біліп,   меңгеру

нәтижесінде   баланың   жеке   тұлғасын,   ішкі   жан   дүниесін

қалыптастырып,   өзін-өзі   тануы   арқылы   айнала   қоршаған

ортаға деген көзқарасын дамытуға мүмкіндік жасаймыз.

Бұл пәнді оқытуда әсіресе педагогтарға жүктелер міндет

салмақты   болмақ.   «Өзін-өзі   тану»   пәнін   беру   үшін

мұғалімдерге   қажетті   қасиеттер:   жылылық,   түсінгіштік,

сезімталдық,   кең   ойлай   білу,   шығармашылық   ізденіс,

баланы шабыттандыра білу, баланы адам ретінде қадірлей

білу,   бала   бойына   ұлттық   болмысымызды   сіңіру,   ең

бастысы бұл пәннен беретіндер берері мол, тәжірибелі әрі

шешендік қабілеті мол ұстаз болуы шарт.

Халқымыз   қашан   да   отбасында   адамгершілік   пен

имандылықты   ерекше   дәріптеген.   Имандылық   –   әрбір

адамның ішкі рухани тазалығы, өзіндік сенімі. Сондықтан

да имандылық тәрбиесін оқушы бойына сіңіру, оның ішкі

сенімін  оң  бағытта дамытуға  күш салу аса маңызды. Ал

оқушылар бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың

негізінде сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды

қалыптастыруға ықпал ететін пән осы – «Дінтану» пәні. 

Аталған   пәннің   негізгі   мақсатын   дұрыс   жеткізу,   өз

деңгейінде   ұғындыру   мұғалімдерімізден   үлкен

жауапкершілік пен дұрыс көзқарасты талап етеді. Пәннің

мектеп   бағдарламасына   енгізілгеніне   көп   уақыт   өтпегені

белгілі,   сондай-ақ,   ол   факультативтік   сабақ   ретінде

оқытылып жатыр. Оқушыларға жалпы дін түсінігі, әлемдегі

негізгі   діндер   жайлы   түсінік   беріліп,   оқытылуда.   Бұл

бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілуі қалалық

білім бөлімінің басты назарында тұр.

Қазіргі   таңда   Түркістан   білім   бөліміне   қарасты

мектептерде оқушылардың бос уақытының тиімді өткізілуі

үшін   түрлі   спорттық,   көркемөнерпаздар   т.б.   үйірмелер

жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек оқушыларымыз Балалар мен

жасөспірімдер орталығы, Өнер мектебі, Саз мектебі, «Жас

туристер» және «Қолөнер мектебіндегі» түрлі үйірмелерге

оқушыларымыз қамтылған.

Жазғы   кезеңдерде   балалар   мен   жасөспірімдердің

демалысын сауықтыру және жұмыспен қамту, балалардың

қадағаланусыз қалуының, құқық бұзушылығы мен қылмыс

жасауының   алдын   алу,   өмір   қауіпсіздігін,   денсаулығын

нығайту   мақсатында   республикалық,   облыстық   туристік

лагерінде,   жергілікті   балалардың   жазғы   сауықтыру

демалыс лагерінде балалар  уақытын  тиімді  өткізе  алады.

Сондай-ақ   мектеп   жанынан   ашылған   лагерлер   де   жұмыс

жасап,   балалардың   демалыс   күндерінің   қызықты   өтуіне

барлық жағдайды жасайды.

Тәрбие саласында білім бөлімінің тағы бір ерекше назар

аударған   мәселесі   –   оқушылардың   күнделікті   мектеп

формасын   сақтауын   талап   ету.   Себебі   мектеп   формасы

оқушылардың   әлеуметтік   жағдайының   теңдігін   сақтауға,

түрлі әуестенушіліктің алдын алуға септігін тигізеді. 2012

жылы   ҚР   «Білім   туралы»   Заңына   өзгерту   енгізіліп,     47

бабтың 15-1 тармағына сәйкес, білім алушылардың білім

беру   ұйымдарында   белгіленген   киім   үлгісін   сақтауы

міндеттелген.   Осы   Заңға   сәйкес   ата-аналардан

оқушылардың мектеп формасында болуы талап етіледі.

Білім   беруді   жаңарту   оқушылардың   білімін   ғана   емес,

олардың   қолдану   дағдыларын,   атап   айтқанда,

функционалдық   сауаттылығын   немесе   құзыреттілігін

қалыптастырады.   Ел   Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың

бастамасымен   өмірге   келген   функционалдық

---3 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде

тиімді   қолдануға   үйрету.   Сонымен   қатар,   ол   орта   білім

жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып

табылады.   Бұл   бағытта   оқушыларымыз   білім   сапасын

сырттай   бағалаудың   әлемдік   тәжірибесі   бойынша

халықаралық   салыстырмалы   зерттеулерге   қатысуда.   Атап

айтқанда,   2011   жылдан   бері   оқушылардың   білім

жетістіктерін   бағалау   жөніндегі   халықаралық   бағдарлама

зерттеуіне   (РISA)   –   7   мектеп,   4   және   8   сынып

оқушыларының   математика   және   жаратылыстану

саласындағы сауаттылығын бағалауға (TIMSS) – 5 мектеп,

«Оқу   және   мәтінді   түсіну   сапасын   зерделеу»

салыстырмалы зерттеуіне (PIRLS) – 2 мектептен оқушылар

қатысып,   жалпыға   міндетті   мемлекеттік   білім   стандарты

негізінде   балаларға   берілетін   білімнің   сапасы   сарапқа

салынды.

Білім   алушылардың   негізгі   орта   білім   берудің   оқу

бағдарламаларын   меңгеру   деңгейін   анықтау   мақсатында

өткізіліп келе жатқан оқу жетістіктерін сырттай бағалауға 5

жылда 9 сыныптан 32 мектептен 2428 оқушы қатысса, 4

сыныптан 3 мектептен 177 оқушы қатысты.

«Дарынды   ұрпақ   –   ел   болашағы»   демекші,   дарынды

оқушыларымыздың   қол   жеткізген   жетістіктерін

мақтанышпен   айта   аламыз.   Халықаралық   және

республикалық

 

деңгейдегі



 

түрлі


 

пәндерден

ұйымдастырылып   жатқан   зияткерлік   ойын-сайыстарына

соңғы   5   жылда   10   мыңнан   астам   оқушы   өз   еркімен

қатысып,   1,5   мыңдай   оқушы   жүлдегер   атанды.

Оқушылардың   пәндік   олимпиадасының   көрсеткіші

бойынша халықаралық деңгейде – 2 оқушы, республикалық

деңгейде – 27 оқушы, облыстық олимпиадада – 56  оқушы

жүлделі   орындарды   иеленді.   «Жарқын   болашақ»

олипиадасының   қорытындысы   бойынша   Түркістан

қаласының оқушылары облыс көлемінде соңғы 3 жылда да

«Үздік команда» титулын жеңіп алды. 

Соңғы жылдары мектептерімізде оқушыларды ғылымға

баулу,   ғылыми   көзқарасын   қалыптастыру   бағытындағы

«Оқушылардың   ғылыми   қоғамының»   жұмыстар   да   өз

нәтижесін   беріп   келеді.   Бұл   тұрғыда   бес   жыл   көлемінде

450-ден астам ғылыми жоба жұмыстары зерттеліп, оның 4-

еуі халықаралық деңгейде, 7-еуі республикалық деңгейде,

21-і облыс көлемінде жүлделі орындарды иеленді.

Мемлекеттік   тілдің   қолдану   аясын   кеңейту,   өзге   ұлт

балаларының   тілге   деген   қызығушылығын   арттыру

мақсатында

 

ұйымдастырылған



 

республикалық

«Мемлекеттік   тіл   –   менің   тілім»   байқауына   соңғы   бес

жылда қаламыздан 13 оқушы қатысып, оның 9-ы жеңімпаз

атанып, еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының грантын

жеңіп алды. Бұдан бөлек өнер, спорт, туризм т.б. салаларда

да   оқушыларымыз   қаламыздың   абыройын   үстем   етіп

келеді.   Оның   дәлелі   –   жуырда   өтілген   «Рио-2016»

халықаралық олимпиадасына қатысқан жерлесіміз, атақты

спортшы   Хамза   Дидар   сынды   оқушымыздың   спортта

бағындырған белестері туған жерден алған тәлім-тәрбиенің

жемісі   деп   білеміз.   Тәрбие   саласы   бойынша   өткен   оқу

жылы 12 түрлі сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылған

болса, барлық сайыстарда да қаламыздың жастары жүлделі

орындарды иеленді. 

Үрімова Рахила Кенжебекқызы,

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері,

Филология ғылымдарының кандидаты,

Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері.

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БІЛІМ ОРДАСЫ

(тарихи деректер мен мәліметтер  

ардагер ұстаздардан алынды)

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн.

“Адамның еркі мен еңбегі, Тудырар небір кереметтерді”

деп, орыстың көрнекті ақыны Н.А.Некрасов жырлағандай,

тарихы   терең   шежірелі,   тағылымы   мол   білім   ордасы

Түркістан қаласындағы   Н.А.Некрасов атын иеленген №9

мектеп-гимназиясы  аудан бойынша тұңғыш рет “гимназия

статусын” алған білім ошағы.

Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   Қазақстан   халықтарына

арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында

осы   заманғы   білім   беру   мен   кәсіптік   қайта   даярлау

“парасатты     экономиканың”   негізі   екендігі,   сондықтан

әлемдік   стандарттар   деңгейінде   сапалы   білім   беру

қызметіне   қол   жеткізуіміздің   қажеттілігі   ерекше   аталып

өтілді. Білім – адамзаттың  терең  және үйлесімді  дамуын

бекітетін   құралдардың   бірі,   прогресстің,   әлеуметтік

тұрақтылық   пен   ұлттық   қауіпсіздіктің   маңызды   факторы.

Осыған   орай   бұрынғы   мәдени   тәжірибені   жеткізуге

бағытталған, үлгі бойынша оқытатын  репродуктивті, жеке

адамның   қызығушылықтарынан   мемлекеттік   мүддені

жоғары   қоятын   білімнен   адамның   өзін   танымның     биік

баспалдақтарына   қарай   жетектеп   отыратын   “өмір   бойы”

алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда.

Осы   ретте  “Миуалы   ағашқа   барлығы   да   қарайды”

дегендей, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның осы

уақытқа   дейін   жүріп   өткен   баспалдақтары   айшықты.

Аталар   сөзімен   өсіп-өніп,   бабалар   бұлағынан   нәр   алып,

даналар өсиетінен тәрбие алып, Ұлылар  тәрбиесіне тағзым

ете отырып “Өзіңді өзің танысаң – істің басы” дегендей,

шежірелі мектептің соны тарихына шолу жасасақ.

Мектептің   өткен   тарихына   көз   жүгіртсек,   оқыту   тілі

орыс  тіліндегі   мектеп   өмірі  1899 жылдан    бастау  алады.

№73   мектептің   ең   алғашқы     директоры   болып

М.М.Ауштоль   қызмет   атқарған.   Мектептің   білім   беру

жүйесі   патшалық   Ресейдің   түзген   оқу     жоспарымен

жүргізілген. Осы №73 мектептің тұңғыш бітіруші түлектері

мектепті   1908ж.   тәмамдаған.   Өкінішке   орай,   осы

жылдардағы оқыған оқушылар, түлектер, ұстаздар туралы

мәліметтер   жоқтың   қасы.   Белгілі   деректерге   сүйенсек,

қиын-   қыстау     кезеңдерде   мектеп   уақытша   қызметін

тоқтатып,   ХХ   ғасырдың   20   жылында   қазан

революциясынан   кейін   қайта   құрылып   қызметін

жалғастырды.

---4 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

1911   жылғы   есептік   ведомосында:   ”Мектеп   тастан

қаланған   ғимаратта   орналасқан,   бөлмелері   тар”   деп

көрсетілген.   Сол   кезеңде   мектепте   Түркістан

станциясының тұрғындары мен теміржол қызметкерлерінің

балалары оқып,  жеті жылдық білім алған.  

1939 ж. білім ордасының ғимаратын кеңейту мақсатында

директор   Бодуновтың   басқаруымен   мектеп   үлкен   әрі

жарық  жаңа ғимаратқа көшіріледі. 

1941ж.   мектепті   қатарынан   екі   сынып   оқушылары

бітіреді, сынып жетекшілері Г.М.Григорьев пен Р.Увайская

болған   еді.   Бұғанасы   қатпаған   бітіруші   түлектер

мұғалімдерімен қатар өз еріктерімен Отанын қорғау үшін

қан   майданға  аттанады.  Бұл  қатал  тағдыр  ҰОС  кезіндегі

миллиондаған   адамдардың   тағдыры   еді.   Соғыс   өрті

шалмаған шаңырақ некен-саяқ. Талай шаңырақ шайқалды,

қыршын   өмір   от   жалында   қиылды,   ұрпақ   сабақтастығы

үзілді,   түтін   түтемей,     күл   шашылмай   қалды.   Соғыстың

зардабы   талай   отбасыларды   аяусыз   шарпып   өтеді,

жауынгерлердің   біразы   кемтар   болып   оралса,   кейбіреуі

соғыста   жан   тапсырады,     кейбіреулері   ізім-қайым   жоқ

болып майданнан хабар-ошарсыз кетіп  оралмайды.

1941-1945ж.   аралығында   ҰОС   болуына   байланысты

мектеп-интернат     госпиталға   (ауруханаға)   айналады.

Сұрапыл   соғыста   жараланып   қансыраған   жауынгерлерді

осы   аталған   госпиталға   жеткізіп,   емдейді.   Осындай   тар

жол, тайғақ кешу ауыр кезеңдерде   мектеп қызметкерлері

күн-түн   демей,   оқу-тәрбие   жұмысын   тоқтатпады.

Мұғалімдер   күндіз   бала   оқытумен   айналысса,   түнде,

мектептен   тыс   уақытта   дәрігерлермен   қатар     госпиталда

кезекшілік   атқаратын.     Бұл   –   ешуақытта   ұмытылмайтын

естелік жазбалар.

Ұлы   Отан   соғысынан   кейінгі   жылдарда   мектепті

Вартанян   басқарады.   Оқулық   тапшылығына   қарамастан,

Г.И.Зайцева,   Г.О.Проценко,   Ч.В.Тюгай,   Э.Е.Брюнелли,

Т.Перметова,   Е.И.Павлова   сынды   мұғалімдер   мектеп

өмірінің   кемелденуіне   өз   үлестерін   қосады.

 

Бір   кезде



жартылай панасыз балаларға да арналып ашылған мектеп-

интернат өз жұмысын  тоқтатпайды.

1960   ж.   Ч.В.Тюгай   мектеп   басшысы   болып

тағайындалады.   Директордың   орынбасары   Зайцева

Глафира Ильинична мұғалімдерді басқарып қарымды еңбек

етеді. Аудан бойынша үздік мектеп атанады. Өнерге баулу

мақсатында сан түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мектептің

бау-бақшасы ерекше құлпырып, өз ырзық-несібесін береді.

 1967ж. 3 қараша күні қан майданнан  оралмаған мектеп

оқушылары   мен   жергілікті   тұрғындарға   арнап   директор

Ч.В.Тюгайдың   басшылығымен   мектеп   ауласына   “Аза

тұтқан   ана”атты   ескерткіш   тақтасы   тастан   қашалып

(соғысқа аттанған жауынгерлер тізімі жазылған) қойылады,

оның   авторы   бейнелеу  өнер   пәні   мұғалімі   В.А.Исмаилов

еді.   “Өзім   дегенде,   өгіздей   қара   күшім   бар”дегендей,

Шмарин,   Чудин,   Баратов,   Пашинин   сынды   т.б.   10-шы

сынып   оқушылары   ескерткішті   шын   ықыластарымен

тастан   қашап   өз   күштерімен   орнатады.   Сол   заманның

белсенді   жастары   ХХІ   ғасыр   ұрпақтарына   өз   “Үндеу-

хаттарын”   арнайы   жазып   тастан   қашалған   ескерткішке

қалдырады.   Содан   бері   “Аза   тұтқан   ана”   ескерткіші

маңызын   жойған   емес.   Әрдайым   салтанатты   жиындарда

ҰОС   қаза   болған   жауынгерлердің   ерліктерін   естеріне

түсіріп,   “Ешкім   де,   еш   нәрсе   де   ұмыт   қалмайды”деп,

оқушылар құрмет көрсетіп  ескерткішті гүл шоғырларымен

көмкереді. Отанымызды қорғаған сол кездегі батырларды

әрдайым еске алады. Бұл үрдіс мектепте дәстүрге айналған.

“Жақсының   аты,   ғалымның   хаты   өлмейді”   дегендей,



Каталог: 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
2016 -> Семинар топтама алматы, 2016
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет