24.Топырақтың гранулометриялық құрамы
Топырақтың механикалық құрамы деп оның көлемі жөнінен əртүрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ немесе құмды келеді. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл топырақтар құм-балшықты топырақтар болып саналады. Əдетте, топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал диаметр ұзындығы мм-мен есептелінеді. Еліміздің топырақтану саласындағы ірі ғалым профессор Н. А. Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы түйіршіктер өздерінің көлеміне қарай: диаметрі 3 мм-ден іріректері – тастар, 1 мм-ден 3 мм-ге дейін – ірі құм, 0,25 мм-ден 1 мм-ге дейін – орташа құм, 0,05 мм-ден 0,25 мм-ге дейін – ұсақ құм, 0,01-деп 0,05-ке дейін – ірі шаң, 0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал диаметрі 0,001 мм- ден кішілеу – тозаң, 0,0001 мм-ден кішілері – коллоидтар болып бөлінеді. Осы Ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің механикалық құрамына қарай төмендегі топтарға жіктеледі (2-ке- сте).
2- кесте
Топырақтарды механикалық құрамына байланысты топқа бөлу
(Н. Л. Качинский, 1965)
Түйірі 0.01 мм-ден ұсақ бөлшектер (балшық) пайыз есебімен Топырақтың механикалық құрамына
сəйкес аты
80-нен көп ауыр балшық
80-60 орташа жəне жеңіл балшық
60-45 ауыр саздақ
45-30 орташа саздақ
30-20 жеңіл саздақ
20-10 құмдақ
10-5 байланысты құм
5-тен төмен борпылдақ құм
Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзуде, топырақты ауыл шаруашылығы жəне басқа мақсаттарға пайдалану- да маңызы зор.
Топырақтың механикалық құрамы мен оның кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті, коректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа-жылылық режимдері сияқты қасиеттері тығыз байланысты.
Құмды жəне құмдақ топырақтардың құрылымы (структурасы) нашар келеді əрі əртүрлі ірілікті бөлшектерден тұрады. Ылғалды жақсы өткізеді, қолайлы ауа-жылу режимдері болады. Мұндай топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ бұл топырақтар қоректік заттарға жəне карашірікке кемшіл болады, себебі олар ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де, онда өсімдіктер сирек өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар, керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ылғал бергіштігі, ауа режимі нашар болады. Бұл топырақтарды жырту да оңайға түспейді. Дегенмен, бұл топырақтар қоректік заттарға бай, құнарлы келеді.
Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақтар құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер кабаттасып келетін құм-балшықты топырақтар. Бұл топырақтарда құмды бөлшектер мен балшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе келіп, топырақтың ылғал-ауа режимдерін жақсы ұстап, топырақ құнарлылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |