21. Шөл аймағының топырақтары. Шөл зонасының топырақтары
Терістік суық шөлді зонаның топырақтары. ТМД елдерінің оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сондықтан да мұнда биологиялық тіршілігі шамалы дамыған шөлді зона кездеседі.
Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 9-10%-ға жуығын алып жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның ба- сым көпшілігі Қазақстан мен Орта Азия республикаларында, ша- малы бөлігі Каспий жағалауының терістік батысындағы Астрахань облысының территорияларында.
Бұл зонаға күн сəулесі мол түседі, вегетациялық уақыт, ұзақ қорек- тік минералдық заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі – тек ылғал мен орга- никалық заттар. Ауадан түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 80-120 мм, ал жерден булану мүмкіндігі бұдан 10-15 есе артық. Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуіне жеткіліксіз: Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ.
Топырағында қара шірінді өте аз (0,5-1,5%) болғандықтан, оның түсі ақшыл, бозғылт болып келеді. Зонаның терістік бөлігінде негізінен жусанды шөптер өсіп, онда құба (бурые) топырақ, ал зонаның оңтүстік бөлігінде жусанды-соршөптер басым, мұнда сұр құба (серобурые) топырақ түзілген.
Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп болғандықтан, топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға тез еритін басқа да тұздар мол.
Шөлдің көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақтарда өсуге жайылымдық сор шөптер бейімделген. Мұнда түйе, қой шаруашылығы, əсіресе, қаракөл тұқымын өсіру жақсы жолға қойылған. Бұл зонада тақыр мен құм басып жатқан жерлер де жеткілікті. Бұл зонаның жерін пайдалану жөнінде төменде толығырақ айтылады.
22.Топырақ түзуші жыныстар Топырақтүзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның іргетасы және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақтүзуші жыныстар топырақта жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол топырақүзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бөлшектер бар. Топырақтүзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша топырақтүзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақтүзілу үрдісіне өте зор ықпал етеді. Мысалы, қылқанды-жапырақты (аралас) ормандар жағдайында әдетте шымды-подзолды топырақ қалыптасады. Бірақ та орман зонасы шегінде топырақтүзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты мөлшері көп болса шымды – подзолды топырақтан түрі мен қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін топырақ түзіледі.