1. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118887
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ХКД Дәріс 3




1.Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін 
бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1. Көліктік-логистикалық инфрақұрылым түсінгі және оның 
экономикалық ерекшеліктері 
 
Халықаралық нарықтық бизнес қазіргі таңда үлкен өзгерістерге 
ұшырауда. Жаһандану тенденциялары, логистиканың интеграциялануы және 
ақпараттық-коммуникация құралдарының дамуы халықаралық сауда 
моделінің қайта құрылымдануына әкеледі [1].
Инфрақұрылым қоғамдық қол жетімді қызметтерді табыс ету капиталды 
құрал-жабдықтар, оның ішінде көлік және телекоммуникация газ, электр және 
сумен қамтамасыз ету үшін қолданамыз. Олар қазіргі таңда елдің басқа да 
экономикалық әректтері үшін қажетті негіз жасайды. Олардың жоқ болуы мен 
қауіпсіз болмауы дамушы елге тән емес және оның дамуына кедергі болып 
табылады. Инфрақұрылым қызметтері жалпы жағдайда мемлекетпен 
реттелмейді.[3] 
Инфрақұрылым (лат.тілінен infra - астында, құрылым)- белгілі бір 
салалаларға жағдай жасау және сонымен қатар адамдардың өмір сүру 
қабілеттілігін 
жақсартуды 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында 
құрылған 
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы. Инфрақұрылым құрамына жолдар, 
байланыс, көлік, қойма шаруашылығы, ішкі энергиямен қамтамасыз ету, 
сумен қамтамасыз ету, спорттық ғимараттар, көгалдандыру және халыққа 
қызмет көрсету кәсіпорындары жатады. Сондай-ақ ғылым, білім беру және 
денсаулық сақтауды жатқызады
[
4]. 
Инфрақұрылым –өнім шығару үрдістерін мен жағдайларларын 
қамтамасыз ететін өндірістік және өндірістік емес салалар мен қызметтердің 
аясының кешені. Өндірістік және әлеуметтік болып жіктеледі [5]. 
Инфрақұрылым - (инфрақұрылымдық кешен ) өнім өндіру және қызмет 
көрсету шаруашылық салаларын біріктіреді [6]. 
Инфрақұрылым - ағылшын тілінен «infrastructure» экономикалық және 
саяси өмірдің құрамдас бөліктері ретінде қосымша сипатта бірақ жалпы 
жүйенің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді [7]. 
Инфрақұрылым - материалды өндіріс саласының қызмет етуіне және 
қоғамның өмір сүру қабілеттілігіне қажетті жабдықтар, ғимараттар, жүйелер 
мен қызметтер жиынтығы[8]. 
Инфрақұрылым - (лат. тілінен infra асты + structura құрылым, өзара 
орналасу) өндіріске қызмет көрсететін қосымша сипаттағы экономиканың 
және әлеуметтік өмірдің салалар кешені[9]. 
Инфрақұрылым- материалды өндіріс саласының қызмет етуі үшін 
жабдықтар, ғимараттар, жүйесі мен қызметтері және қоғамның өмір сүру 
қабілеттілігін қамтамасыз ететін шарттар болып табылады[10]. 
Инфрақұрылым – тауарлар өндірісіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз 
ететін экономика саласының кешені: энергетика, байланыс, көлік, білім беру, 
денсаулық сақтау[11]. 


Инфрақұрылым лингвистикалық термині алғаш рет экономикалық 
талдауда ХХ ғасырдың басында қарулы күштерді қалыпты қызметін 
қамтамасыз ету үшін қажет нысандар мен ғимараттарды атау үшін 
қолданылған. Ол латын тілі сөзінен «infra»-төмен, астында және «struktura-
құрылыстың орналасқан жері» деген мағына береді. Кең қолданылуына 
қарамастан бұл сөз тіркесінің әртүрлі түсіндірмелері бар. 
Ғалымдар инфрақұрылыды барлық қызмет көрсету жүйесі ретінде 
анықтайды. Инфрақұрылымның функцияларын өндіріс саласына және 
халыққа қызмет көрсету, өндірісті және халыққа қызмет ету ара қатынасы 
ретінде белгілейді. 
Басқалары инфрақұрылым –бұл өндірістік қызмет көрсету жүйесі деп 
есептеп, оны негізгі өндіріс қызметін қамтамасыз етуде, өндіріске жалпы 
жағдайларды жасауды тағайындаушы деп көреді. 
Тағы бір нұсқасында инфрақұрылым нысандар мен ғимараттардың 
бірігуі ретінде материалды құндылықтарды шоғырландыру арқылы ұлтық 
байлықтың бір бөлігі болып табылады. Өндірістік кәсіпорынның сәтті қызмет 
етуі үшін қажетті материалды-техникалық жағдайларды қамтамасыз ету деп 
беріледі. 
Қазіргі жағдайда мемлекеттік реттеу инфрақұрылымының рөлі мен 
мәнін жоғарылатады. Білетініміздей экономикалық модель құрастыру кезінде 
өндірістік қоғамның дамуының негізі ретінде артықшылыққа ие. Сондықтан 
алғашқы кезекте инфрақұрылымдық мәселелерді шешкен дұрыс. 
Дәстүрлі инфрақұрылымның базистік дамуы өндіріске машиналық 
әдісті енгізу, өнімнің негізгі өндірісін еңбек түрлеріне жеке даралау, яғни 
еңбекті қоғамдық бөлуді жүзеге асыру. Өйткені жеке еңбек түрлеріне сұраныс 
өседі. Солай өндірістік инфрақұрылым дамушы салаға қызмет түрі ретінде 
танылады. Оған көлік және байланыс саласы жатады. К. Маркс көліктің негізгі 
міндеті тұтынуға дайын немесе өндіріс үрдісіне қажетті тауарларды 
тасымалдауды қамтамасыз ету деп есептеген. Содан кейін тәуелсіз сала болды. 
Мысалы хабарлама жіберу, яғни байланыс жүйесі сияқты болып табылады 
(байланыс, телеграф, телекоммуникациялық инфрақұрылым)[12]. 
Көптеген ғалымдар аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің қозғаушы күші 
ретінде келесі факторларды атайды: 
-кластерлер; 
-адам капиталы; 
-басқару және институционалды әлеует; 
-салалық құрылым және кәсіпорын типтері; 
- инфрақұрылым (соның ішінде инновациялар/аймақтық инновациялық 
жүйелер); 
-аймақтардың типологиясы; 
-интернационализациялау және тікелей шетел инвестициялары; 
-географиялық орналасуы; 
-инвестициялық тартымдылық. 
Кластерлер, инновациялар, инфрақұрылымдар және инвестициялар 
аймақтық логистиканың шеңберінде құрылуы мүмкін. Сондықтан аймақтық 


логистикада бәсекеге қабілеттілікті арттырушы фактрларға жатады. 1985 
жылы АҚШ-ның логистикалық менеджмент кеңесі логистиканы 
«тұтынушыны толық қанағаттандыру үшін шикізаттың босалқы запастарды, 
материалдарды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім ағымы бойынша 
шығындарды төмендету жағынан, сервис және байланысты ақпаратты 
жоспарлау, орындау және бақылау» деп анықтаған. 
Қазақстанда инфрақұрылымның дамуы бойынша әсіресе көлік кешені, 
мәселелер өте өзекті. Өйткені тауар айналымындағы жоғары шығындар, 
қанағаттанарсыз сервис, кешігулер, төмен сапа, әлсіз ұйымдастыру мен 
координация экономикаға логистикалық тәсілдерді кешенді ендіру 
қажеттілігіне әкелді. Өнімнің жеткізу тізбегінде тауар бағасына 15-20% 
әртүрлі делдалардың қосымша бағасы қосылатыны белгілі. Эксперттердің 
ойынша, макродеңгейде логистиканы қолдану запастар көлемін 30-50% 
төмендетуге және өнімді жеткізу уақытын 25-45% азайтады. Сондықтан 
дамыған елдерде логистикалық жүйелерді құру жалпы логистикалық 
шығындарды 12-35% төмендетуге, оның ішінде жеткізу шығындарын 20% 
азайтуға мүмкіншіліктер жасайды[13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет