Маршрутизатор – әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы.
Негізгі функциясы – ауқымды желідегі маршрутизацияны қамтамасыз ету, ол желілік адреспен жұмыс жасайды және бір желіден екінші желіге ақпарат алмасудың ең тиімді жолын анықтайды. Ол OSI үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Ол келесі ақпараттан тұрады: 1.барлық белгілі желілік адрестер; 2.басқа желілермен байланыс тәсілдері; 3.бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар; 4.бұл жолдар б/ша беріліс құны.Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады.
Көмей – әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер OSI үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді. Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесі операцияларды орындайды:
- деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді;
- оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады. Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні ұзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа түсетін құрылым б.т.
7. TCP/IP хаттамалар стегінің көпдеңгейлі құрылымы Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды
OSI деңгейі
TCP/IP стек деңгейлері
Қолданбалы
Қолданбалы
FTP, telnet, SNMP, SMTP, HTTP, TFTP
Көрсету
Сеанстық
Транспортты
Транспортты
TCP, UDP
Желілік
Желілік (Интернет деңгейі)
IP, RUP, OSPF. ICMP
Каналдық
Желілік интерфейстер деңгейі (желілік қолжетімділік)
Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама б.т. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайд/ды. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге нег-н және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдеңгейлі үлгіге жатады
IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында датаграммалар д.а.-н деректер блоктарын жіберілуін қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен сенімсіз хаттама б.т.яғни IP деректердің жеткендігін растамайды,алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір датаграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді.