1.Комп\к желі тур. түсінік. Желі тип\і. Нег.топология\р Компьютерлік желі(ағ. сomputer network)—барлық құрылғылардың бір бірімен деректер алмасуына мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған комп\ң ж\е басып шығарғыштар мен мәтін алатындар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын н\е үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі-Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Ең қарапайым желі өзара кабель арқылы қосылған 2 компьютерден тұрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Алғашқыда к.ж. оншақты компьютерлерді ж/е бір принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.
Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында н/е одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды ж/е интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.
Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:деректер, принтерлер, модемдер,басқа құрылғылар.
К.ж\ні пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:
деректерді ж/е сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге;
қосымшаларды стандарттауға;
деректерді уақытында алуға;
тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Жергілікті желі– жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын орналасқан компьютерлер тобы. ЖЕЖ шектеулі территорияның аумағында, м\ы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.
Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді ж/е алыс байланыс жолдарын(телефон н/е жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.
Желінің екі типі кең тараған:
1)Бір рангілі желілерде әрбір комп. клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны 10 аспаса; қолданушылар өзара жақын орналасқан болса деректерді қорғаудың маңызы болмаса; фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
2)Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны көп; деректерді кең ж/е кешенді түрде қорғау қажет болса. Сервердің негізіндегі желіге арналған ОЖ негізгі қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.