В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау үшін тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Р/с №
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Тәуекел тобы
1
Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет
Медицина қызметкерлері: гемодиализбен айналысатын, қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі ұйымдары; хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістері; клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар
2
Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін
Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;
3
Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін
Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4
Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондырар алдында және алты айдан кейін;
Гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер;
5
Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында
Жүкті әйелдер
6
АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес
Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар
Бұйрыққа 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына 1-қосымша
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі