3-параграф. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін өткізу тәртібі 16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады. Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады. Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық тексеру, бақылау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту. Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделеді, кейіннен МАЖ-ға күнтізбелік бір айдан кешіктірілмей енгізіледі. 3-тарау. Скринингтік зерттеулерді өткізу көлемі мен кезеңділігі
18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулердің көлемін осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет түріне лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүргізеді.
19. Халықты скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 1-қосымша