1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу


Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі22,6 Kb.
#107220
1   2   3
2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар –сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. VIII ғасырдан – б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар – б.з.б. VIII —II ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер – б.з.б.ІІІ –б.з. V ғасыр,қаңлылар – б.з.б.ІІІ – ІІ – б.з. V ғасыр,сарматтар – б.з.б.ІІ —б.з. V ғасыр, ғұндар б.з.б. ІІІ -б.з. IV ғасырларда өмір сүрген.
Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етіп, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуде пайда болды. Тас дәуірі кезеңінен бастап табиғатпен қоян-қолтық өмір сүрген адам баласы өзінің даму барысында мәдениеттің бастапқы қарапайым түрінен адам ойының небір таңғажайып туындыларына дейінгі жетістіктерді дүниеге әкелді. Мәдениет- адамның ақыл-ойы, іс-тәжірибесі, тұрмысы,жасап шығарған дүниелері, пайдаланғанзаттары, т.б. Адам ақыл-ойының туындысынрухани мәдениетке жатқызсақ, тұрмыстық жағын
— материалдық мәдениетке жатқызамыз.
Мәдениеттің адамзат тарихындағы рөлін бір ауыз сөзбен — қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі деген тұжырыммен түйіндеген дұрыс. Яғни,Мәдениеті қаншалықты жоғары болса адамда, қоғам да соншалықты деңгейде жетілген, дамыған деп қорытынды жасауға болады. Адамзат баласы Мәдениетінің дамуы ұзақ та күрделі кезеңдерден өтті, бүгіндері ол адам баласын Мәңiлiк өмірге лiлiк өмірге к өмірге бастап барады.Мәдениеттің алғашқы белгісі – ежелгі адамдардың діни наным-сенімдерінен көрінеді. Табиғат құбылыстарының себебін дұрыс түсіне алмаған тас дәуірінің адамдары әлдебір құдіреттің барлығына шек келтірмей сеніп, сол құдіретке табына бастады, құдайлар туралы аңыздарды ойлап шығарды. Адам санасы жетілген сайын мәдени өмірдегі өзгерістер де көбейе түсті, оның мазмұны байып, жаңа сипатқа, жаңа түрге айнала бастады. Адамөмірінің барлық жағын қамтитын мәдени көрсеткіштердің тізімі де арта түсті.
Қазақстан жерін тас, қола дәуірінде мекендеген тайпалардың материалды,мәдени мұралары көп болған. Ежелгі тайпалар табиғат құбылыстарынан қорыққанынан бір-біріне жақын жүрді. Қоршаған ортаның дүлей күштерінен бірігіп қорғанды. Күн көрісінің негізі болған малын қысы-жазы бағып семіртті.Осыдан бірте-бірте көшпелі өмір дағдысына көндігіп кетті.
Көшпелі өмір, қоршаған ортаның географиялық та, климаттық та ұқсастығы бұл тайпалардың наным-сенімі мен дүниетанымына да бірегей ықпал жасап отырды. Нәтижесінде, адамдар мінезіндегі, әдет салтындағы ұқсастық жақтар пайда бола бастады. Бұл ұқсастықтар кейінгі Скиф-сақ, ғұн, үйсін атымен жазба тарихқа белгілі бола бастаған тайпалардың жол-жоралғы, салт-дәстүрлерінде бой көрсеткен моральдық, ақыл-естік нормативтерді қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет