1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу


Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі22,6 Kb.
#107220
1   2   3
3. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті.
Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұрақатарын екі салаға бөліп қарастырамыз.Біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние – олардың діни наным-сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан,олардың ойынша әлем 3 бөліктен тұрады,және Әлемнің 4 бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ.ханзадасының бас киімінде бейнеленген күн,қанатты 4 пырақ, 4 алтын жебенің суреті. Ата-баба аруағына сиыну бағытындағы нанымдар мен әдет-ғұрыптар барлық тайпаларда ортақ, қай тайпа болмасын арнайы рулық,отбасылық зираттарға мәйітті оның дүние-мүліктерін қоса жерлеген, өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деген сенімде болған. Ер адамдардың жанына қару-жарақтарын, тұрмыстық заттарын қойса,әйел адамдардың жанына көбінесе әшекей бұйымдары мен әсемдік заттарын қойған. Тарихи деректерді саралай қарап отырсақ рухани мәдениеттің тағы бір көрінісін қаңлылардан көреміз: «... қаңлыларда ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды, қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғылы сырнайлары болған».
Сақтардың ата мекені қазіргі қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер – Жетісу, Тянь- Шань,Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар – Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін,сарматтар – Арал-Каспий аралығын немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде байырқаламай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы»атымен қалған зор оқиғаға себепші болып,қазырғы Еуропа жеріне табан тіреген еді. Әйтсе де, біз ғұндарды өзіміздің арғы ата-бабаларымызға жатқызамыз.
Сақтар от пен күнді жылқымен байланыстырған екен, бұндай наным-сенімдерге біз бүгіндері куә болып та жүрміз. Баланы бесікке бөлеген кезде апаларымыз бесікті аршажағып, отпен аластайды, жын-шайтан ұяламасын деген ырыммен, жаңа үйге кіргендеде бұрыш-бұрыштың барлығын отпен аластап шығады, оттың құдіретіне табыну ырымы біздің заманға да жеткенінің дәлелі. Жылқы малын біздің қазақтай қадірлейтін халық жер бетінде жоқ шығар, түліктің осы бір түрімен байланысты құрмет сезімін біз бала күнімізден бастап бойға сіңіріп өсеміз. Қайтыс болған адамның жылын бергенде оның төл атын жылдығына сойып, кейін бас сүйегін зират басына іліп қоятын салтты бәрімізде білеміз, бұл да жылқы малына деген ерекше құрметтің бірі, аты мен иесі о дүниедеде кездеседі деп ойлаған.
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан – байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІҮ ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар – көшпелі патриархалды ел болған. Олар алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғұндардың көшпелілік мәдениетіне “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған. Бай ғұндардың зираттарында алтын сырғалар, сақиналар, сақиналар, алтынмен қапталған былғары белдіктер көп кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы жануарлардың суреттері пайдаланылды. Сонымен қатар тұрақты елді мекендерден табылған шыбықтардың бастары ғұндардың тоқып, жүннен киім кигенін көрсетеді. Асыл ғұндардың бай жерлеулерінен Жібек материалдарының қалдықтары табылды, осы жерден олардың қымбат Қытай Жібегінде киінгені белгілі болды.Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет