1 курс студенты Алма Жанабилованың жұмысы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы.
Қазақ өлеңі тақырып жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да, жаңарды. Жаңа сарындар, шетел өмірі, халықаралық тақырыптағы толғаныстар, ұлттық поэзия тынысынан өзгеше жаңа бір тың тақырыптарды танытты.
Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, С.Жиенбаев, Аманжол Шамкенов, О.Сүлейменовтің көршілес мемлекеттер мен алыс шетелдерде көргендері әсерінен туған туындылары қазақ өлеңінің тақырыптық, көркемдік жағынан кеңейе бастағанының белгісі еді. Бұл кездері, шет ел, шет жер тақырыптарындағы шығармалар тек қиялмен, естіген мағлұмат, оқыған кітаптары әсерімен жазатын қазақ ақындары енді өз көзімен көріп, өз жүрегінен өткізіп барып тебіренетін жағдайға жетті.
Тың жерлерді игеру науқаны да қазақ поэзиясына едәуір ықпал етті. Милиярдтаған пұт астығымен әлемге әйгілі болған тың игеру оқиғалары, еңбек ардагерлері жайлы шығармалар жазылды.
Әуелгіде үлкен серпіліспен, шабытпен басталған қазақ поэзиясында бұл тақырыпты жырлау дәстүрінің ішкі заңдылықтарына үңілетін болсақ, біртіндеп тың игерудің соңғы кезеңінде күрделі экологиялық трагедиялардың сарыны күшейе бастағандығын көруге болады.
Басқа қаламгерлермен қатар, қазақ ақындары 80-90 жылдарға қарай, тың науқанының қазақ еліне, жеріне тигізген зардаптарын батыл жырлай бастады. Ондай өлеңдердің ішінде:
1. ұлттық тілдің тағдыры,
2. қазақ жерінің зардапты ауруға ұшырауы,
3. ұлттық дәстүрдің белгілерін дүбәра салттық-тұрмыстық әдеттердің жеңе бастағаны,
4. ұлттық мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауы секілді қиын елдік мәні бар сарындар басым естілді.
Бұл жылдары лирикалық поэзияда сол заманның өзекті проблемалары: кеңес адамдарының отаншылдық сезімі,кешегі өткен соғыс пен бейбітшілік туралы толғаныстар, ғарышты игеру, халықтар достығы, адамгершілік, этика мәселелері кең жырланды. Осы тақырыптар арқылы ақындар азаматтық көзқарасты, өмірді сүйді ашуға тырысты.
60-90 жылдары таңдамалы жинақ ақынның шығармашылық келбетін білдіретін меже сынды дәстүр қалыптасты.Атап айтар болсақ: М.Мақатаевтың «Ильич» (1964 ж.), «Армысыңдар достарым» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976), «Өмір-өзен» (1979), Т.Молдағалиевтің «Студент дәптері» (1960 ж.), «Кәмила» (1960 ж.), С.Жиенбаевтың «Сыйлық» (1960 ж.), «Дала гүлі» (1961 ж.), Ж.Нәжімеденовтің «Сыбызғы сазы» (1962 ж.), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Мен туған күн» (1972), Т.Айбергенов «Арман сапары» (1963 ж.), Ф.Оңғарсынованың «Сандуғаш» (1966 ж.), Қ.Мырзалиевтің «Ой орманы» (1965 ж.), «Дала дидары» (1966), «Ақ отау» (1968),
Өлең-жырларды тақырыптық тұрғыда жинақтаған кітаптар басыла бастады. Мыс: Қ.Мырзалиев «Дала дидары», «Жерұйық», «Домбыра», «Ой орманы» т.б. Топтама өлеңдер, (өлеңдер циклы) мен шығыстың ақылмандық поэзиясының дәстүріндегі төрттағандардан түзілген желілі өлеңдер жазу үрдісі орын алды. Өлеңнің түрлік үлгісіне, сюжеттік желісіне, поэтикалық бітіміне назар аударыла бастады. (Көптеген кітаптар жрияланды. Сол кездегі жас ақындар бүгінде ірі –ірі қалам иегерлері болд. Т.Молд.,С.Жиенбаев, Е.Ибраһим, Ә.Абайділдәнов, М.Мақатаев)
Тәуелсіздік алған атаулы күннен бастап жаңа қоғамдық дәуір, жаңа тарихи кезең басталды. Осыған орай, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының мақсат-мұраты, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптасты. Тәуелсіздік бейнесін егемендік алғаннан кейін қалай жырлау керектігі жөнінде қалыптасқан қағида жоқ болатын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық қаншама қиындықтарды бастан кешірді. Осы онжылдықтағы кешкен бейнет те, тартқан азап та – бәрі қазақ поэзиясында образға айналып, тарихта қалды.
Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде-ақ ұлттық мүдде, елдік мұрат дейтін ұғымдарға ерекше екпін түсіріле бастады. Бұл жылдары Т.Медетбектің,Ұ.Есдәулет, О.Асқар, Р.Ниязбек,И.Сапарбай, Есенғали Раушанов,Тыныштықбек Әбдікәкімов, Нұрлан Мәукенұлы,Амантай Шәріпов,Гүлнар Салықбаева,Асқар Егеубаев, Иран-Ғайып, Жәркен Бөдешұлы, Аманхан Әлім,Ғалым Жайлыбай, Б.Жақып,Әділғазы Қайырбеков,Серік Тұрғынбекұлы,Әмірхан Балқыбек, Н Айтұлы, Серік Ақсұңқарұлы,Мәди Қайыңбаев,Б.Бекетова, Ж.Әскербекқызы жинақтары шықты.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік сипатына басты арқау болған тақырып – азаттық идеясы болды. Ең алдымен ақындар тәуелсіздік таңының атқанына қуанған сезімдерін жыр жолдары арқылы бейнеледі.
Бостандық бейнесін, біріншіден, адам жанында аяушылық пен мейірімді оята отырып сомдаған. Екіншіден, тағылым мен өнеге тарататын дәстүрлі қазақ поэзиясының көркемдік тәсілдері сәтті қолданылған. Үшіншіден, азаттық, бостандық, тәуелсіздік идеясының жеңісі шағын ғана өлеңнің бойына сыйғызып бейнелеген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғаш жазылған өлеңдердің бірінде Иран-Ғайып Тауың да, бақша-бауың да, досың да, қатал жауың да сенікі, суың да, от пен ауаң сенікі» деп шалқыған көңілмен қазақ жеріндегі барлық байлыққа, жеріңе енді өзің иесің деген ақын өлеңінің соңы Қонақ тәуелсіздіктен қала көрме айрылып деп түйін жасайды. Жалпы адамзат түсінігінде адам өмірге қонақ, өмірде адамдар бір-біріне қонақ, ал ақын тәуеліздікті неге қазаққа қонақ деп аяқтап отыр. Күреспен келген тәуелсіздіктен айырылп қалмайық деген астарлы ойын әдемі жеткізіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |