Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловпен кездесу кеші
Кештің мақсаты:
Оқушыларды айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, айтыс өнері туралы түсінік беру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акт залы
Көрнекілік құралдар: бейнеролик, Нұрлан Есенқұловтың портреті, слайд, кітап көрмесі, бейнеүзінділер, техникалық құрал - жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар: Жергілікті айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
І. Нұрлан Есенқұлов туралы слайд.
Мұғалім:
Атақты Наполеон Бонапарт: «Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін- ақын» деген екен. «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады», «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, айтыскер ақын Біржан Байтуовтың шығармашылығына арналған әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Қайырлы күн, құрметті көрермен қауым! Армысыз, аса қадірменді, ұстаздар, оқушылар! Олай болса, әр өңірде ел ықыласын иеленіп, көптің батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені көп ерлер аз емес. Солардың бірі – бүгін біздің мектебіміздің төрінде қонақ болып келген НҰРЛАН ЕСЕНҚҰЛОВ республикамызға белгілі айтыскер ақын, бірнеше халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, айтыс өнерінің ақтаңгері. бүгін біздің мектебіміздің төрінде республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жерлесіміз мырзаны аса қошеметпен ортаға шақырайық.
Біздің оқушылар Сіздің шығармашылығыңызға қызығушылық танытып отыр. Сондықтан, Нұрлан мырза, сізді біздің мектебімізге төрінде көргеніміз үшін қуаныштымыз, Сізді арнайы шақырып, шығармашылығыңыз бен айтыс өнері жайлы сөз қозғау мақсатында жиналып отырмыз.
Мұғалім: Олай болса, кездесуді бастамас бұрын бір сәт экранға назар аударып, өзіңіздің шығармашылығыңыздан, яғни айтыстан үзінді тамашалап алсақ қалай қарайсыз?
Жуық арада оңтүстік жұртының алдында өзінің жеке «Анамның ақ кимешегі» тақырыбында шығармашылық кеші өтті.
Мұғалім:
- Нұрлан мырза, Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата-ана, ұстаз және кітап. Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?
- Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді айтыңызшы...
- Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың бойынан көре аласыз ба?
- Ақын ретінде Сізді көбіне не шабыттандырады?
- Сонау Ата-бабаларымыздың ізімен келген айтыс өнеріне қазіргі жастардың қызығушылығы қандай? Немесе жастардың мейлінші тартуға болады? Ол үшін не істеуге болады?
- Ауқымды Республикалық, халықаралық дәрежеде өтетін айтыстарға қаншалықты дайындаласыз?
- Айтыстағы ең мықты қарсыласыңыз кім болды? Сәтті, сәтсіз шыққан айтыстарыңыз болды ма?
- Әркез жеңіс бола бермейді. Әр кезде әрқалай. Айтысқа шыққан қандайда бір ұстанатын ұстанымыз бола ма?
Қарсыласың жақсы болса, айтыс та қыза түсетіні рас.
- Жақсы ұстаздың алдын көрген бала, жақсы шәкірт болып өсетіні анық. Сізді орта буын өкілісіз. Артыңыздан еріп келе жатқан, Сізден тәлім алып жүрген шәкірттеріңіз бар ма? Болса, оларға көңіліңіз тола ма? Үміт күттіретін, үлкен сахналардан көргіңіз келетін шәкірттеріңіз бар ма?
- Тәуелсіздік жастары ғана қатысатын, Жастар арасында өтетін айтыс лигасы «Күміс домбыра» жобасы жүзеге асты ма? Қолдау тапты ма?
- Есіңізден кетпейтін ерекше бір қызықты болған айтысыңыз туралы айтып берсеңіз...
- Жас ұрпақ кімнен үлгі алу керек деп ойлайсыз?
- Нұрлан мырза, сіз сахнада айтысасыз, ал қолына домбыра алып, бірақ сахнаға шықпай айтыскерлерді дайындайтын, баптайтын қандай ұстаздар бар?
- Айтыс өнерінен, шығармашылықтан бөлек, бос уақытыңызда немен айналысасыз?
- Олай болса, сіздің өлеңдеріңізді жаттаған оқушылардың өнерлерін тамашаласақ
- Сіздің шығармашылығыңыздан. Өзіңізге қолқа салсақ. Жырдан шашу шашсаңыз.
Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік. Осында отырған оқушыларымыз көкейлерінде ақын ағаларына қояр сұрақтары бар екен. Ендеше, микрофонды оқушыларымызға берсек. Оқушылардың сұрақтары:
1. Нұрлан мырза, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті қысқаша айтып өтсеңіз?
3. Өлеңді неше жастан бастап жаздыңыз?
4.Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?
5. Оқушы болғанда қандай болдыңыз?
6. Сіздің қалам ұстап, өлең жазуыңызға не түрткі болды?
7. Жаңа өлеңіңіз қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз?
8.Шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?
9.Бала кезіңізде кітапқұмар болдыңыз ба?
10.Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?
Мұғалім: Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?
Олай болса, жергілікті ақынымыз Нұрлан мырзаның шығармашылығына арналған кешіміз мәресіне де жетті. Құттықтау сөз мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызына беріледі.
Мұғалім: Құрметті Нұрлан мырза, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Өзіңізбен керемет кездесу болды. Жүз жасаңыз! Бүгін сізбен болған мектептің оқушыларына және мектеп ұжымына өзіңіздің ақжарма ақ тілегіңізді білдірсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |