1.КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Пән оқытушысы: х.ғ.к., доцент Сұлтамұратова З.Б. zadasb@mail.ru, ID 382 108 3939
1.1. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
«Өнеркәсіптік экология және өндіріс қалдықтарын утилизациялау» - әртүрлі өндірістік процестердің қоршаған ортаның компоненттеріне тигізетін әсерін болдырмау немесе минимизациялау мақсатында іс-шаралар мен технологиялық әдістерді қолдануға негізделген заманауи және қарқынды дамып жатқан ғылым мен техникадағы бағыт. «Өнеркәсіптік экология және өндіріс қалдықтарын утилизациялау» пәні Мұнай-химия өндірісінің технологиясы мамандығының студенттеріне тау-кен, металургия, мұнай-газ, химия, транспорт, агроөнеркәсіп және т.б. өнеркәсіп салаларының қоршаған орта компоненттеріне тигізетін әсерін анықтау, бағалау және техногендік әсерлердің алдын-алу, болдырмау немесе минимизациялау бойынша білімдер беру және әдістерді меңгертуге негізделген.
Өнеркәсіптік экология және өндіріс қалдықтарын утилизациялау басты мақсаты өндірістік процестерді модернизациялау арқылы қоршаған ортаның ластануын төмендету.
1.2. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: Физика; Химия; Экология және тұрақты даму; Жалпы экология; Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер экологиясы; Геоэкология.
1.3. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:Экологиялық мониторинг; Экологиялық аудит; Экологиялық сараптау; Қоршаған орта мониторингі; Қоршаған орта сапасын бақылау құралдары мен әдістері.