1. курс туралы жалпы мәліметтер пән оқытушысы



бет3/20
Дата20.12.2023
өлшемі430,08 Kb.
#141469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:
Дәрістер - дәріс-презентация, мультимедиялық дәріс түрінде өткізіледі; дисскуссия, презентация, іскерлік ойын тәсілдері сонымен қатар виртуалды зертханалар, бағдарламалық қамтамасыз етуге ZOOM платформасы, arsu.kz сайты (https://arsu.kz/ru/pages/dot.php), YouTube каналы (https://www.youtube.com/channel/UcrF2WziaXhRb5E97s3RWiA/?Guided help_flow=5) және т.б. білім беру және ақпараттық платформалары қолданылады.


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы



Тапсырма
түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Берілген мерзімі




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Кәсіпорындардың қауіптілік категорияларын (КҚК) анықтау

Жоба жазу

1 апта

3 апта
Сәрсенбі 16.40

2

Кәсіпорындардың санитарлық-қорғау зоналарын жобалау

Жоба жазу

1 апта

4 апта
Сәрсенбі 16.40

3

Өндірістік учаскілерден атмосфераға бөлінетін ластаушы заттардың шығарындыларын (ШРШ) есептеу

Жоба жазу

1 апта

5апта
Сәрсенбі 16.40

4

Өндірістің ластаушы көздерінен шығарылатын аэрополютанттардың атмосферада таралуын есептеу (ОНД-86 әдістемесі негізінде УПРЗА бағдарламасын қолдану арқылы

Жоба жазу

1 апта

6 апта
Сәрсенбі 16.40

5

Жылу қазандықтарында отындарды жағу кезінде атмосфераға бөлінетін ластаушы шығарындылардың көлемін есептеу

Жоба жазу

1 апта

7 апта
Сәрсенбі 16.40

6

Тұрмыстық комvуналдық қалдықтар жинақталатын полигондардан атмосфераға бөлінетін парникті газдардың мөлшерін анықтау

Жоба жазу

1 апта

8 апта
Сәрсенбі 16.40




СӨЖ тапсырмалары

1

Отын-энергетикалық кешендердің (ЖЭС, атом, мұнай-газ өнеркәсіптері) қоршаған орта компоненттеріне (атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі организмдер) тигізетін әсері

Реферат, Слайд-презентация

1 апта

3 апта
Сәрсенбі 16.40

2

Қоршаған ортаның физикалық (шу, діріл, жылу) ластануы және оның экологиялық салдары

Ғылыми мақалаларға талдау

1 апта

4 апта
Сәрсенбі 16.40

3

Экологиялық нормалау. ҚО сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібі (ҚР экологиялық кодексі)

Реферат, слайд-презентация

1 апта

5-6 апта
Сәрсенбі 16.40

4

Эмиссиялар нормативтері

Ғылыми мақалаларға талдау

1 апта

7 апта
Сәрсенбі 16.40

5

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ОВОС)

Реферат, Слайд-презентация

1 апта

8 апта
Сәрсенбі 16.40

6

Экологиялық сараптама

Ғылыми мақалаларға талдау

1 апта

9 апта
Сәрсенбі 16.40

7

Экологиялық рұқсаттар. Қоршаған орта эмиссияларға рұқсаттар

Реферат, Слайд-презентация

1 апта

10 апта
Сәрсенбі 16.40

8

Экологиялық аудит

баяндама жазу

1 апта

11 апта
Сәрсенбі 16.40

9

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу

Слайд-презентация

1 апта

12 апта
Сәрсенбі 16.40

10

Экологиялық бақылау. Өндірістік экологиялық бақылау

баяндама жазу

1 апта

13 апта
Сәрсенбі 16.40

11

Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарын басқару. Қалдықтарды басқару бағдарламасы. Қалдықтардың коды. Қауіпті қалдықтардың паспорты.

Реферат, Слайд-презентация

1 апта

14 апта
Сәрсенбі 16.40

12

Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

Ғылыми мақалаларға талдау

1 апта

15 апта
Сәрсенбі 16.40



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
9.1.1 Тақырыбы: Кіріспе. «Өндірістік экология және өндірістік қалдықтар утилизациясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. «Өндірістік экология және өндірістік қалдықтар утилизациясы пәнінің мақсаты мен міндеттері

  3. Өнеркәсіп салаларының атмосфераға, литосфераға, гидросфераға және флора мен фаунаға тигізетін техногендік әсері

  4. Қоршаған ортаның физикалық (шу, діріл, жылу) ластануы

Дәріс тезисі
Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.
Қазіргі кездегі шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның, құрлық, су экожүйелерінің беткі қабаттарының, олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттер кезінде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр.
Елімізде қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік.
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - табиғи ортаның мүнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мүнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары екен. Жас балалардың өлімі 1000 адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.2 Тақырыбы: Қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтері
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Санитарлық-гигеналық нормативтер

  2. Ластаушы заттардың шекті жол берілген концентрациялары (ШЖК): ШЖКо.т., ШЖКм.б., ШЖКж.з.

  3. Литосфераны және гидросфераны ластаушы химиялық заттардың шекті жол берілген концентрациялары (ШЖК)

  4. Радиациялық әсердің, шудың, дірілдің және магнит өрістерінің шекті жол берілген деңгейлері

Дәріс тезисі
Атмосфералық ауа нормативтері. Қазіргі уақытта су ортасында 1000 химиялық заттектің, ауада 250, топырақта 30 химиялық заттектердің шекті жол берілген (ШЖК) еңгізілген. Соңымен қатар атмосфералық ауада 400 заттардың әсердің шамалы қауіпсіздік деңгейлері еңгізілген. Гигиеналық ШЖК адам деңсаулығын сақтау принципі бойынша еңгізіледі, сонымен қатар оның әсерін ескеру қажет (мутагендік, канцерогендік). Суммация эффектісі – бірнеше улы заттардың организмге тигізетін бір бағыттағы қолайсыз әсері. Бір бағытта деген организмді бір ауруға (заболевания) шалдықтыру, бұл жағдайда зиянды зат суммацияның бір тобына кіреді. Суммацияның ондаған топтары бар, мысалы оның біреуіне фенол және ацетон, ал басқасына аммиак, азот диоксиді және күкір диоксиді кіреді. Бұл жағдайда атмосфералық ауада суммацияның бір тобына кіретін бірнеше заттар бар.
Атмосфералық ауаны гигеникалық бағалауда, ауа құрамында суммациялық эффектіге ие бірнеше заттар болған жағдайда олардың концентрацияларының суммасы 1 ден артық болмауы қажет:
C1/ШЖК1 + C2/ШЖК2 + … + Cі/ШЖКі ≤ 1
Мұнда, C1, С2... Сi – атмосферадағы зиянды заттардың факталы концентрациялары, мг/м3; ШЖК1, ШЖК2… ШЖКі – атмосферадағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациялары, мг/м3.
Өткізу форматы: дәріс-презентация.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]

9.1.3 Тақырыбы: Өндірістік-шаруашылық нормативтері


Сағат саны - 3
Тақырыптың жоспары:

  1. Өндіріс объектілерінен бөлінетін ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындылары (ШЖШ) және шекті жол берілген төгінділердің нормативтері

  2. Ластаушы көздерден бөлінетін зиянды газдардың шекті жол берілген шығарындыларын есептеу әдістемесі.

  3. Шекті жол берілген төгінділерді (ШЖТ) есептеу

  4. Атмосфераны ластайтын көздерді инвентаризациялау

  5. Атмосфераға бөлінетін жол берілген шығарындыларды нормалау

  6. «ШЖБ нормативтерінің жобасы» (Проект нормативов ПДВ)

  7. Су тұтыну және өндірістік пайдаланылған суларды төгу әдістемелері

Дәріс тезисі
Су тұтыну және өндірістік пайдаланылған суларды төгу. Су ағындарына және су тоғандарына төгілетін ағынды сулардың араласуын есептеу. Сарқынды суларды тазартудың қажетті деңгейін есептеу. Су объектілеріне төгілуге жол берілген зиянды заттардың төгінділерінің нормативтерін әзірлеу. Қалдықтардың түзілуі және оларды орналастыру лимиттерін анықтау. Қалдықтардың түзілу нормативтерін анықтау әдістері. Қалдықтардың түзілуі және оларды орналастыру лимиттерінің нормативтерінің жобасын әзірлеу.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.4 Тақырыбы: Кәсіпорындардың қауіптілік категориялары. Санитарлық-қорғау зоналары
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Кәсіпорындардың қауіптілік категориялары (КҚК)

  2. КҚК анықтау әдістемесі

  3. Санитарлық-қорғау зоналарын (СҚЗ) тағайындау және функциялары

  4. СҚЗ өлшемдері

  5. Өнеркәсіп объектілерін орналастырудың экологиялық негіздемесі

Дәріс тезисі
Жер атмосферасын табиғи факторлар да (мүжілу), антропогенді фак-торлар да (реакторлар апаты, пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, жылу энергетикасы, көлік, тұрмыс және т.б.) ластайды. Атмосфераның ластану салдарына озон қабатының бұзылуы (ультракүлгін сәулелену мен температура-ның жоғарылуы) және адамдар мен жануарлардың көптеген аурулары жатады.
Атмосфераны ластайтын көздердің барлығын төрт топқа бөледі:
1. Ластау көздері бойынша – тұрақты және жылжымалы;
2. Лақтырыстар сипаты бойынша - ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған;
3. Агрегаттық күйі бойынша - қатты, сұйық, аэрозольді;
4.Уақыт бойынша лақтырыстар бірліктері бойынша – жылына тонна, тәулігіне тонна, сағатына тонна.
Ауа ортасын негізгі ластаушылар желмен ұшырылатын күл, қож және күйе болып табылады. Миллиграммен өлшенетін, 1т жанатын отынға, күл мен қождан басқа, зиянды заттардың келесі мөлшері келеді: бор – 600, германий – 500, мырыш – 500, уран – 400, бериллий – 300, молибден – 200, қорғасын – 100, күміс – 200.
Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) - аса басым ластаушы қоспаларды есепке алатын, шартты кешенді сапа көрсеткіші.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]


9.1.5 Қоршаған ортаның техногендік ластануын экологиялық бағалау Атмосфералық ауа сапасын экологиялық бағалау
Сағат саны - 3
Тақырыптың жоспары:
1. Экологиялық мониторинг
2. Өндірістік мониторинг
3. Атмосфераның аэрополютанттармен ластануы
4. Ауа сынамасын алу әдістемесі және тәртібі
5. Атмосфераға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі
6. Атмосфераның ластану жағдайын бағалау критерилері
7. Атмосферадағы ластаушы заттардың суммациялық эффектісін анықтау
8. Атмосфераның ластану индексі.
Дәріс тезисі
Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.6 Тақырыбы: Су көздерінің техногендік ластануын экологиялық бағалау
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Су сапасының экологиялық көрсеткіштері

  2. Гидрохимиялық көрсеткіштердің кешендері бойынша су көздерінің сапаларын бағалау әдістемелері

  3. Судың химиялық заттармен ластануын анықтау

  4. Балық шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын сулардаға ластаушы заттардың ШЖК.

Дәріс тезисі
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнеркәсіп орындары;

  • ауыл шаруашылығын химияландыру.

Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]


9.1.7 Тақырыбы: Литосфераның техногендік ластануын экологиялық бағалау
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Топырақтың техногендік әсерге ұшырауы

  2. Топырақтың шекті жол берілген концентрациялары

  3. Топырақ сынамасын алу тәртібі

  4. Топырақтың металдармен және химиялық заттармен ластануын деңгейін бағалау

Дәріс тезисі
Топырақты ластаушы факторлар:
- топырақтың азуы немесе эрозиясы (лат. erasio – төзу, шіру) топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабатының желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус - қаршіріктер) азайғаннан кейін өнім бермейтін халге ұшырауы;
- топырақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкелерде, құрғақ далаларда жиі кездеседі. Топырақтың тұздануы үшін жауын-шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан аз болғанның өзі жеткілікті;
- топырақтың құмға айналуы нәтижесінде дүние жүзінде жыл сайын 50-60 мың км 2 жер шөлге айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 млн км 2 жетті;
- топырақтың батпақтануы жауын шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болғанда байқалады;
- топырақтағы қоректік заттардың азаюы егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау кесірінен топырақ құрамының өзгеруі, ауа және су жүйелерінің бұзылуы, топырақтың тығыз, ірі бөлшектерге айналуы нәтижесінде байқалады.
1. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ – зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық затттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңірілу комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады. Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті.
Бекіту сұрақтары
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.8 Тақырыбы: Өнеркәсіп салаларының қоршаған ортаға тигізетін техногендік әсері. Мұнай-газ өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сағат саны - 3
Тақырыптың жоспары:

  1. Мұнай-газ өнеркәсібінің өндірістік технологиялық процестерінің физикалық-химиялық негіздері

  2. Мұнай-газ өнеркәсібінің өндірістік технологиялық процестері. Көмірсутек жүйелерін өндіру кезеңдерінде (көмірсутек қорларын барлау, скважиналарды бұрғылау, эксплуатациялау және өндіру, көмірсутектерді өңдеу және тасымалдау) кезінде қоршаған ортаға тигізетін әсері

  3. Мұнай-газ өнеркәсібінің қалдықтарын утилизациялау, қайта өңдеу және залалсыздандыру әдістері.

  4. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремидациялау

Дәріс тезисі
Қазіргі уақытта өнеркәсіптің мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия салалары отын-энергетика кешенінің экономикалық маңызды бөлігі болып табылады [10]. Олардың өндірістік қызметінің нәтижесінде шикі мұнайды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу кезінде негізінен мұнай өнімдерінен, судан және минералды қоспалардан (құм, саз, металл тотықтары және т.б.) тұратын көп компонентті тұрақты агрегативті физика-химиялық жүйелер болып табылатын мұнай шламдары түзіледі. Жыл сайын Қазақстан Республикасында мұнайды өңдеу және тасымалдау кезінде, дүлей төгілулер мен авариялар нәтижесінде шамамен 400 мың тонна мұнай қалдықтары пайда болады, ал жер қабатындағы ресурстар 4,5 млн.тоннаға бағаланады. Мұндай амбарлардың болуы жануарлардың өлу қаупін, жер асты суларының, ауаның ластануын арттырады
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]


9.1.9-9.1.10 Тақырыбы: Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Хром өндірісінің технологиялық процестері

  2. Хром қосындыларын өндіру кезінде қоршаған ортаның ластануы

  3. Фосфор өндірісінің технологиялық процестері

  4. Фосфор заводының қоршаған ортаға тигізетін әсері

  5. Қалдықтардың түзілуі, түзілу көлемін есептеу

Дәріс тезисі
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер — табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2—4 есе жоғары екен.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.11- 9.1.12-Тақырыбы: Тау-кен өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Тау-кен өнеркәсібінің өндірістік технологиялық процестері мен технологиялық схемалары

  2. Кендерді (руда) өндіру және байыту кезінде қоршаған ортаның ластануы

  3. Қалдықтардың түзілуі, түзілу көлемін есептеу

  4. Тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарының түзілгені үшін төленетін төлем көлемін есептеу

  5. Тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын утилизациялау, қайта өңдеу және рекуперациялау әдістері

Дәріс тезисі
Табиғи ландшафтқа антропогенді әсер ету. Ландшафттардың жаһандық, аймақтық, өңірлік және жергілікті өзгерістері. Табиғи ландшафтты қорғаудың құқықтық негіздері. Кен орындарын қазу кезінде жер бетінің бұзылуы: ашық тау-кен үңгілеу жұмыстары, аршу жұмыстары, карьерлердегі пайдалы қазбаларды алу, жер асты өндіру кезінде бетті қазымдау, тау жынысы үйінділерінің, кондициялық емес пайдалы қазбалар үйінділерінің орналасуы. Тау-кен өндірісіндегі табиғи ландшафтты қорғау: алдын ала сақтау және қалпына келтіру сипатты шаралар. Бұзылған жерлердегі қайта өңдеу жұмыстары. Бетті эрозиядан қорғаудың механикалық, биологиялық әдістері, бетті эрозияға қарсы нығайтудың физика-химиялық әдісі. Шетелдегі тау-кен кәсіпорындарында жерлерді қайта өңдеу тәжірибесі.
Бекіту сұрақтары
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]

9.1.13-9.1.14 Тақырыбы: Металургия өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізетін әсері


Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Металлургия өндірісінің технологиялық процестері

  2. Металлургия өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері

  3. Қалдықтардың түзілуі, түзілу көлемін есептеу

  4. Металлургия өнеркәсібінің қалдықтарын утилизациялау, қайта өңдеу және рекуперациялау әдістері

Дәріс тезисі
Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.
Ауыр металдар көптеген ферменттер құрамына кіріп биологиялық процестерге белсенді қатысады. «Ауыр металдар» тобы көбіне «микроэлементтер» түсінігімен сәйкес келеді. Элементтердің экзогендік, жоғары концентрациясына «микроэлементтер» термині жарамайды. Ең алдымен өндірісте кең ауқымда және көп мөлшерде қолданылатын металдар зиянды. Олар биологиялық белсенді және токсинді.Ауыр металдардың табиғи ортаға түсуі табиғи (тау жыныстары мен минералдардың үгілуі, эрозиялық процестер,жанартау атқылауы) және техногенді (пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, жанармай жағу, көлік, ауылшаруашылығының әсері) болып екіге бөлінеді.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Экология терминін ғылымға енгізген ғалым.
а) Ф.Клементс б) А.Тенсли в) Э.Геккель  г) А.Тинеманн
3.  Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Геоэкология 
Әдебиет: [1-5]


9.1.15 Тақырыбы: Қоршаған ортаға тигізетін әсерді болдырмау және минимизациялау әдістері
Сағат саны - 2
Тақырыптың жоспары:

  1. Өндірістік кәсіпорындарда табиғат қорғау қызметі

  2. Технологияны және шығарылатын өнімдерді экологизациялау

  3. Су пайдаланудың классификациясы

  4. Жер үсті және жер асты суларының ластану көздері

  5. Өндірістік сарқынды суларды тазарту әдістері

  6. Шаң-газдарды тазарту әдістері

Дәріс тезисі
Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай сулардың микрофлорасы әр алуан. Бұлардың ішіне ішек және топырақ микроорганизмдерінің бірқатар түрі енеді: аэробты, облигатты және факультативті анаэробты. Олар ашытқы бактериялар, саңырақұлақтар, зеңдер мен вирустар қатарына жатады.
Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
а) экология б) өндірістік экология в)инженерлік экология г) биотехнология
2. Тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
а) Өндірістік үдеріс б) Ғаламдық экология в) Әлеуметтік экология г) Теориялық экология
3. Кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
а) Өндірістік үдеріс б) Геоэкология в) Әлеуметтік экология г) Ғаламдық экология
Әдебиет: [1-5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет