Тақырып №12. Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру Сағат саны – 4 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Бухгалтерлік (қаржылық) есеп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін басқару үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудің көзі ретінде. Қаржылық талдау ұғымы, қаржылық жағдайды талдау, қаржылық тұрақтылық.
Қаржылық талдаудың әдістемесі. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі, рентабельділігі, қаржылық тұрақтылығы, қор нарығындағы корпоративтік бағалы қағаздардың жай – күйі. Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.
Практикалық сабақ ofline режимінде өткізіледі. Студенттер берілген тақырып сұрақтарына силлабуста көрсетілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындалады. Практикалық сабақ материалы ықшам, мазмұнды болуы тиіс. Мұқаба беті, материал мәтіні (2-3 беттен кем емес) және әдебиет көзі көрсетіледі. «Ашық микрофон» әдісі (Саймон Браунхилл бойынша)Мақсат – білім алушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Студенттер қолдарына микрофон ұстап, дәріс сабағында талқыланған сұрақтарға байланысты және үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші студент жауап береді. Яғни практикалық сбақта қарастырылатын барлық сұрақтар микрофонда қойылуы тиіс. Әдебиет: 1,6,8
9.4 Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)
Тапсырма. Терминдердің анықтамалық сөздігі Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline режимінде бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Берілген тапсырма тақырып бойынша терминдердің сөздігін құрумен анықталады. Әрбір оқу сабағы кезінде сөз мағынасының түсінігі немесе мәтіннен бөлек олардың мағыналарын анықтау жүзеге асырылады. Сонымен қатар жазған сөздікті студент түсіндіре білуі қажет, оны оқулық түсіндірмесінен анықтайды.
Лексеманың (сөз тұлғасының тұтастығы) негізгі тобы студенттердің мәтінмен жұмысы кезінде анықталды және меңгеріледі.
Анықтамалық сөздіктің санына шектеу жоқ, алайда тақырып ауқымында болуы шарт.
Әдебиет: 2,3,4,6
Тапсырма. Құрылымдық логикалық сызба құрастыру Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасында көрсетілген әдебиеттермен және дәрісте қарастырылған сұрақтар бойынша қамтылатын барлық мәліметтерді пайдалана отырып, әр түрлі сызбалар жасау. Әрбір жасақталған сызба белгілі бір сұрақтың жауабын ашуы тиіс және ол аталмыш тақырыпты қамтуы қажет. Сызба санына шектеу жоқ. Жасақталған сызба слайд негізінде көрініс табуы керек.
Әдебиет: 1,3,5,6
Тапсырма. Газеттік ақпараттармен жұмыс
Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Газет-журналдардың мәтіні кең ауқымды. Түрлі ақпараттарға, мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Сондықтан студент газеттік ақпараттармен жұмыс жасауда тақырып ауқымындағы мәліметтерді әрі түрлі формада жеткізе алады.
Әдебиет: 2,4,8,9
Тапсырма. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне баға беру Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын ақпараттың негіздерін пайдалану. Ақпарат көздері ретінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп қолданылады. Бұл мәліметтер ақпарат құралдарынан алынады.
Орындалатын жұмыс компьютер арқылы терілуі тиіс (А4 форматы). Студент кез-келген кәсіпорынды таңдай алады. Жұмыстың мақсаты – студент алып отырған кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне баға беруі шарт.
Әдебиет: 1,5,8,9
Тапсырма. Бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) хабарлама жасау Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. БАҚ түрлі ақпараттарға, мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Сондықтан студент газеттік ақпараттармен жұмыс жасауда тақырып ауқымындағы мәліметтерді әрі түрлі формада жеткізе алады.
Әдебиет: 1,2,35
Тапсырма. Кітаппен жұмыс. Әдістемелік нұсқау
Кітаппен жұмыс жасау, студенттің білімінің сапасын көтерудегі қажетті жағдай
ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Кітаппен жұмыс дегеніміз - бұл кітап мазмұнымен танысып, автордың кітаптағы ойын ұғыну, студент кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес, өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн. ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:
кітаптарда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар;
кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);
кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;
қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;
кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.
Әдебиет: 4,5,9
Тапсырма. Аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Әдебиеттерді, монографияларды, ғылыми мақалаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын дерек көзі ретінде пайдалану және құбылыс фактілерді таңдау. Орындалатын жұмыс компьютер арқылы терілуі тиіс (А4 форматы). Әр студент кез-келген мемлекетті жазуға құқылы. Сараптамалык жұмыста ең басты, ең негізгі мазмұны түгелдей қамтылуы тиіс.
Әдебиет: 2,5,7
Тапсырма. Глоссарий жасақтау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Корпорацияның меншікті капиталы, корпорацияның қарыз капиталы, ағымдық активтер, ұзақ мерзімді активтер, корпоративтік басқару, қаржылық талдау.
Әдістемелік нұсқау Студент жоғарыдағы тақырып бойынша берілген терминдерге глоссарий құрады және сол глоссарийді ауызша жатқа айтуы қажет. Глоссарийді жасақтау барысында міндетті түрде мәлімет көзіне сілтеме жазылу қажет.
Әдебиет: 1,4,6
Тапсырма . Шығармашылық жұмыс Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Берілген сұрақтарға келесідей нұсқау бойынша тапсырма орындау:
нұсқа. теориялық материалдарға қысқаша сипаттама беру;
нұсқа. ребус, кроссворд, сканворд құрастыру
нұсқа. блиц-тест құрастыру
нұсқа. «Кім жылдам?». Сұрақ-жауап
Әдебиет: 2,4,9
Тапсырма. Тесттік тапсырма
Әдістемелік нұсқау ОСӨЖ offline бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Тест тапсырмаларын құру шығармашылық ой құрылым мен мазмұны сәйкес келуін, логикалық құрылымның дұрыс болуын талап етеді. Тест үлгісіндегі тапсырмалар – педагогикалық өлшемдердің негізгі ұғымы болады. Төменде көрсетілген талаптарға сай педагогиқалық құрал ретінде анықталады: мақсаты болуы; технологиялық; қысқа, жинақы түрде болуы; ойдың логикалық құрылымы дұрысжауаптарды бағалаудың теңдігі; жауаптардың анықталған орны болуы.
Белгілі оқу пәнінен өз білімін көрсетуге бағытталған нақты ойды білдіру құралы. Оқу сұрақтары мазмұны шұбалаңқы, көп сөзді болады, сондықтан сұрақтарды логикалық формамен ауыстырылады. Егер тапсырмаға бір дұрыс жауап таңдау берілсе, яғни олардың біреуі дұрыс та, қалғандары қате болса, ондай тапсырмаларды бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмалары деп атайды. Бұл тапсырмаларға міндетті түрде «Дұрыс жауап нөмірін дөңгелектеңіз» деген нұсқау беріледі.
Әдебиет: 3,5,6