10. МЕЖЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ 1-ші аралық бақылау сұрақтары: Компанияның құрылымы, қаржылық стратегиясы және мақсатын сипаттаңыз
Корпоративтік қаржыны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары және рөлі, олардың мазмұны және кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне әсерін айтып беріңіз
Таза табыс және оны есептеу әдістерін анықтаңыз
Қаржылық жоспарлау объектілерін топтастырыңыз
Әртүрлі ұйымдық – құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық және нормативтік актілер шеңберінде қаржылық реттеуді айтып беріңіз
Компанияның қызмет етудегі сыртқы ортасы, капитал нарығындағы компанияның қызметін сипаттаңыз
Бюджетпен, коммерциялық банктермен, сақтандыру және басқа да компаниялармен және мекемелермен қаржылық қатынастарының сипаттамасын айтыңыз
Қаржылық ақпарат пен корпоративтік есеп. Қаржылық ақпараттың іщкі және сыртқы қолданушылары сипаттаңыз
Ақпараттық базаның құрамын анықтаңыз (реттеушілік-құқықтық сипаттағы мәлімет; нормативті-анықтамалық сипаттағы статистикалық мәліметтер; жүйелілік емес мәліметтер).
Жиынтық және шоғырландырылған есептілік; құрамы, айырмашылығы мен құру ерекшеліктерін сипаттаңыз
Жылдық есептілік және оның негізгі бөлімдері. Ақпаратты ашу жүйесін айтып беріңіз
Корпоративті мәдениет, этика және шиеленістерді суреттеңіз
Корпорацияның айналымнан тыс активтерін басқаруды жазыңыз
Корпорациялар қаржыларын ұйымдастырудың ролі және сыныптамасы, ұзақ мерзімді активтердің мәні мен мазмұнын айтып беріңіз
Ұзақ мерзімді инвестициялар, аяқталмаған күрделі құрылыс, материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтардың құрамы мен құрылымы, экономикалық табиғатын баяндаңыз
Ұзақ мерзімді активтерді бағалаудың әдістері: бастапқы, қалпына келтіру, жою және қалдық құнын анықтаңыз
Материалдық емес активтерді және негізгі қорларды қайта бағалаудың мәнін айтыңыз
Амортизацияны есептеудің негізгі капиталды жаңартудағы рөлін көрсетіңіз
Ұзақ мерзімді активтерді, негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның айналым капиталын басқаруды топтастырыңыз
Айналым капиталының сыныптамасы және экономикалық мазмұнын айтыңыз
Айналым капиталын ұйымдастыру қағидаттары, олардың құрамы және құрылымын топтастырыңыз