№1 лабораториалыº ж½мыс



бет26/31
Дата11.12.2023
өлшемі5,85 Mb.
#137751
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Нупирова А.М. Механика және молекулалық физика бөлімдері бойынша лаборатиялық практикум 2

Жұмыстың мақсаты: су булануының меншікті жылуын және меншікті жылусыйымдылығын тәжірибе бойынша анықтау.
Құрал жабдықтар: ЛКТ-2 қондырғысы, суы бар ыдыс, мензурка.

ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША ТЕОРИЯСЫ


Тигель пеш жүйесінің С0 жылусыйымдылығы мен W ' қуат шығыны үшін № 7 жұмыста алынған нәтижелерді пайдаланып, тигельге құйылған сұйықтың жылусыйымдылығын мына формула бойынша анықтауға болады
,
мұндағы I және U – Δt уақыт аралығында ΔТ температура интервалында қызу процесіндегі амперметр және вольтметр көрсеткіштері.
Көлемі V мен тығыздығы ρ бойынша сұйықтың массасын анықтап, оның меншікті жылусыйымдылығын формула бойынша анықталады .
Буланудың L меншікті жылуын мына формула бойынша есептейді.
,
мұндағы I' және U' – қайнау процесіндегі амперметр мен вольтметр көрсеткіштері, W' – 80°С – 100°С температура интервалындағы қуат шығынына тең деп алуға болатын қайнау кезіндегі қуат шығыны, Δtқайн – сұйықтың қайнау уақыты экспериментшінің еркімен, бірақ қайнауға дейін және кейін көлемдердің өзгерісімен сұйықтың тығыздығы арқылы анықталатын, қайнаған сұйықтың массасын Δm азғана қателікпен анықтауға болатындай етіп таңдалады.

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ



  1. Л
    КТ-2 желіге қосыңыз (аша (вилка) мен электр сымы қондырғының артқы панелінде) және «сеть» тумблерін көтеріңіз. (10.1 сурет). «Термостат» алмалы-салмалыны (10.1 сурет) 12 модуль 01 (10.2 сурет) алмалы-салмалысымен қосыңыз. «Температура» реттегіш тетігін сәйкес келетін максимал температура жағдайына қойыңыз.

  2. 30-35 Вт қыздыру қуатына сәйкес келетін кернеуді есептеңіз және қондырғының электр желісіне қосыңыз.

  3. Тигельге 30-40 мл су құйыңыз, алдын ала астына глицерин жағып, термостаттың плитасына орнатыңыз, және қаппен оны жабыңыз.

Есептеулердің нәтижелерін енгізу үшін 10.1-кестені дайындаңыз.
10.1-кесте

Берілген тәжірибедегі өлшеулер

№ 7 жұмыстан

Есептеулер нәтижелері

t°C

t
мин-с

Δ t
с

I


A

U


B

W '
Вт

С0
Дж/К

С


Дж/К

с
Дж/кг·К

L


Дж/кг

Бөлме

0-0










6,85

112







×

40













6,62

120







×

60













8,66

145







×

80













11,49

150







×

t°қайн Б













11,49

150










t°қайн С







  1. Қайнағанға дейін әрбір 20°С-де уақытты белгілеп және осы интервалда тоқ күшімен кернеуді өлшей отырып, суды қыздыруды жүргізіңіз

  2. Қайнаудың бастапқы және соңғы температураларын өлшеп, Δtқайн уақытта суды қайнатыңыз және осы интервалында кернеу мен тоқ күшін жазыңыз.

  3. Судың меншікті жылусыйымдылығы с мен булану жылуын L есептеңіз және мәндерімен салыстырыңыз.

Бақылау сұрақтар



  1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  2. Меншікті булану жылуы дегеніміз не?

  3. Қайнау деп нені айтады?

  4. Қандай шарттарда сұйықта қайнау басталады?

  5. Қайнау температурасы деп нені айтады?

  6. Қайнау температурасы қандай факторларға байланысты?

№ 11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ жұмысЫ
СҰЙЫҚТЫҢ БЕТТІК КЕРІЛУ КОЭФФИЦИЕНТІН ІЛМЕКТІ СҰЙЫҚ БЕТІНЕН ҮЗІП АЛУ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ


Жұмыстың мақсаты: әр түрлі температурада сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау. Сұйықтың беттік керілуі температураға тәуелділігін ашып беру.
Құрал жабдықтар: динамометрдің ДПН үлгісі, термометр, электр пеші, калориметр.

ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША ТЕОРИЯСЫ


Жұмысты орындау үшін динамометрдің ДПН үлгісі қолданылады (11.1 сурет). Динамометрдің ДПН үлгісі салыстырмалы ылғалдылығы 80 %-ға дейін, қоршаған ортаның температурасы +10° С-дан 50° С-ға дейінгі лабораториялық шарттарда сұйықтың беттік керілуін өлшеу үшін арналған.
Жұмысты орындау үшін шыны ыдысқа беттік керілу коэффициентін өлшейтін сұйықты құю қажет. Сұйыққа демонстрациялық ілмек толығымен батып тұратындай болуы керек.
Сұйықтың беттік керілуін өлшеу келесі амалдармен жасалады.

1 – штатив; 2 – штатив тіреуіші; 3 – қысқыш; 4 – динамометр стержені; 5 – динамометр; 6 – демонстрациялық ілмек; 7 – сұйығы бар ыдыс; 8 – қойғыш; 9 – ұстағыш корпусы; 10 – ұстағыш бұрандасы; 11 – ұстағыш стержені.


ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ

  1. Сұйыққа демонстрациялық ілмекті батырады.

  2. (1) бұрандамен динамометр тілшесін 0 шкаласына қояды.

  3. Ілмек сұйықтың бетінен үзілгенге дейін ыдысты ұстағыштың бұрандасын жайлап бұраймыз.

  4. Зерттелетін сұйықтың беттік керілу коэффициентін мына формула бойынша анықтаңыз.


мұндағы σ – сұйықтың беттік керілу коэфициенті, Н/м, F – күш, Н, l – ілмектің жарты периметрі, қабында көрсетілген, м.
Өлшеулер әрбір ілмекпен үш рет жүргізіледі және сұйықтың үш температурасында: 3-4° бөлме температурасынан төмен, бөлме температурасында және 40-60° С температурасында.
Нәтижелерді 11.1-кестеге енгізіңіз. Қателіктерін есептеңіз.
11.1-кесте



Т, К

F, Н

l, м

σ, Н/м

Δ

ε = Δ/ 

1



















2



















3



















орт.



















БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР



  1. Беттік керілу күшінің пайда болуын түсіндіріңіз.

  2. Беттік керілудің температураға тәуелділігін түсіндіріңіз.

  3. Жұғу және жұқпау дегеніміз не?

№ 12 Лабораториялық жұмысы
(ЛКТ-2 қондырғысында)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет