туралы жазуларда және есеп беруде өте маңызды. Тәжірибені аспапты немесе
қондырғыны жинағаннан кейін және барлық керекті реактивтерді дайындағаннан кейін
бастау керек. Мұнда берілген оқу құралында суреттелген тапсырманы орындау ретін
сақтау қажет. Бірақ егер сендер тәжірибені жүргізу жолын өзгертуге қатысты өздеріңнің
кейбір ойларың болса, оны мұғаліммен ақылдасып, кеңесуге болады. Сендердің
ұсыныстарыңды бірігіп талқылағаннан кейін олар біртұтас болып көрінуі мүмкін және
мұғалімнің рұқсатымен сендер тәжірибені өзгертулеріңе болады. Әрбір тәжірибеде
жасалған операцияларды, болған құбылыстарды және алынған сандық нәтижелерді дереу
жазып отыру өте маңызды және содан кейін ғана нәтижелерді өңдеуді жүргізу керек.
Сандарды жазу ыңғайлы болу үшін өлшем бірлігінің жазылатын мәні 0,1 ден 1000-ға
дейінгі аралықта болатын ондық көбейткішке көбейеді. Мәтіндегі немесе кестедегі
сандарды ешқашан түземеңдер. Дұрыс емес санды сызып тастап, қасына дұрысын
жазыңдар, барлық жазулар анық болу керек. Егер тәжірибе кезінде ұқыпсыз жазылған
болса, онда сол дәптерге өңдеу нәтижелері үшін кесте түрінде қосымша бағанаға барлық
берілгендерді жазу керек. Байқаулар нәтижелерін бөлек параққа жазуға болмайды, себебі
оны көшіріп отыру көп уақыт алады. Көшіргенде қате жіберулерің мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: