1.2.3.Реактивтер және оларды қолдана білу
Реактивтер мен олармен жұмыс істеу туралы мыналарды есте сақтаған жөн:
1.Реактивтерді ластанудан сақтау керек.
2.Реактивтерді үнемдеп жұмсау керек.
3.Реактивтер мен барлық ыдыстарда реактивтің және оның тазалық дәрежесі көрсетілген
этикеткасы болуы керек.
4.Жарық әсерінен өзгеретін реактивтерді тек қана сары немесе қоңыр ыдыста сақтау
керек.
5.Улы, отқа қауіпті немесе зиянды заттармен, концентрлі қышқылдар мен сілтілермен
жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек.
6.Отқа қауіпті реактивтермен оттан және қосылып тұрған қыздырғыш аспаптардан алыс
жұмыс істеу керек.
Сұрақтар
1. Химиялық зертханадағы жұмыстың жалпы ережелері. 2. Егер зертханада өрт
ошағы пайда болса, не істеу керек? 3. Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау кезінде қандай
қыздыру аспаптарын пайдалануға рұқсат етіледі? 4. Спиртпен жұмыс істеу ережесі. 5.
Электр тогы бар зертханадағы жұмыс туралы айтып беріңізші. 6. Сілтілі металдармен
жұмыс кезінде қандай ережелерді сақтау қажет? 7. Улы қосындылармен жұмыстың негізгі
ережелері. Қауіпсіздік шаралары және улану кезіндегі алғашқы көмек. 8. Сілтілер
(қышқылдар) көзге түскен кезде қандай әрекеттер жасау керек? 9. Қышқылдармен күйік
кезінде шұғыл көмек көрсету. 10. Сілтілермен күйген кездегі шұғыл көмек. 11. Броммен
жұмыс істеу кезіндегі негізгі сақтық шаралары. 12. Термиялық күйіктер кезіндегі алғашқы
көмек. 13. Химиялық күйіктер кезіндегі алғашқы көмек. 14. Кесуде, соғуда және басқа да
жарақаттарда алғашқы көмек көрсету. 15. Төмен қысымдағы аспаптармен жұмыс туралы
айтып беріңізші. 16. Тез тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс істеу ережесі