№1 Лабораториялыќ жўмыс


АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР



бет4/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#20181
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
«Алгоритмдер және программалау» пәнінен зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулық

АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
1.1 тақырып: Python бағдарламалау тілі. Бағдарламалардың жалпы құрылымы. Сызықтық бағдарламалар.
Жұмыстың мақсаты: бағдарламаны енгізу мен өңдеу үшін Python біріктірілген қабықшасын қолдануды үйрену, сызықтық бағдарламаларды құру үшін тілдің негізгі құрылымдарын қолдану.

Қысқаша теориялық мәлімет
Интерпретаторды іске қосу үшін Іске қосу батырма мәзірін ашыңыз және Python 3.5 таңдаңыз. Бұл топтан IDLE Python 3.5 таңдаңыз. Терезе ашылады (1 сурет)

1 сурет. IDLE ортасының жұмыс терезесі
Алдымызда интерпретатордың командалық қабықшасы. Бұл терезеде бірнеше мәзір мен үлкен жұмыс облысы бар, онда әрбір үш >>> бағыттауыштан кейін курсор белгі береді – бұл командалық қатар. Бұл жерде пернесін басқаннан соң орындалатын команда енгізіледі.

1 мысал. Біз команданы орындағымыз келеді:

print(" Академиның барлық студенттеріне – жалынды сәлем!!")

бұл команданы командалық қатарға енгізуіміз (яғни, >>> символдан соң, курсор тұрған жерге ) және < Enter> пернесін басуымыз керек.

Нәтижесінде, команда орындалады, ал оның орындалу нәтижесі төменде, командалық қатардан кейін көрсетіледі.



2 сурет. Бірінші мысалды орындау нәтижесі.


Сонымен қатар команданы орындау нәтижесінің астында тағы да үш > > > бағыттауыш пайда болады және бұл жерге жаңа команданы енгізуге болады.

2 мысал. 3 суреттегідей алгебралық өрнек енгіземіз: 15*4 + 20/4.

3 сурет. Екінші мысалды орындау нәтижесі.
Бағдарламаның файлын сол ортаның қабықшасының көмегімен құрамыз. Егер File мәзірін шертетін болсақ, командалар мен ішкі мәзірлер тізімі ашылады, оның ішінен New - File таңдаймыз. Осы команданы таңдаған соң, 4 суретте көрсетілгендей кодтар редакторы бірден ашылады.

4 сурет. Кодтар редакторын бағдарлама файлын құру үшін қолданамыз
Редактор терезесіне бағдарламалық кодты енгізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет