4. Аймақтық жоспарлаудағы ландшафттың үлесі қандай. Аймақтық (региональдық) немесе жеке бағыттағы ландшафтық түсінік терминологиялық түсінік жағынан типологиялық түсінікке қарағанда ыңғайлы болып келеді. Бұл түсінік бойынша ландшафт біріншіден, белгілі-бір дәл территориялық бірлік, екіншіден, қарапайым географиялық бірліктерден тұратын күрделі геосистема, үшіншіден, ландшафт геосистеманың иерархиялық негізін құрайды.
Бұл түсінікті алғашқысында Л.С.Берг (оның соңғы жұмыстарында) одан кейін Л.Г.Раменский негіздеп берді және Н.А.Солшцев оны әрі қарай дамытты, сонымен қатар, А.А.Григорьев, В.Б.Сочава, С.В.Колесник және басқада ғалымдар өз жұмыстарында дамыта түсті.
Ландшафттың анықтамасына тоқталатын болсақ, ол генетикалық біртұтас геосистема, біртекті зональдық және азональдық белгілері бойынша және бір-бірімен байланысы бар өзіне тән жергілікті геосистемалар жиынтығымен анықталады. Ландшафтың анықтамасы қосымша диогностикалық белгілері немесе жағдайларымен қоса жүргізіледі.
5. Агроландшафт түсінігі және оның түрлерін атаңыз.Ауыл шаруашылық ландшафттардың жіктелуі кең таралған. Ф.Н. Мильков бойынша ауыл шаруашылық ландшафттары экономикалық-географиялық жерді пайдалану типтері түсінік пен табиғи ландшафттар арасындағы байланыстыратын буын қызметін атқарады. Егістік жер, бақ, шалғын, жайылым өзінің экологиясымен және өз-өзін регуляциялау дәрежесімен бір-бірінен шұғыл айырықша бола отырып, ұзақ уақыт бойы қайталанатын шаруашылық ықпалға ұшырайды. Әртүрлі типтегі шаруашылықта пайдалану формалары түрінде көптеп қайталанатын адамның ландшафттық кешендерге ықпалы, ол кешендерде тұрақты генетикалық белгілердің қалыптасуына алып келеді. Адамның ауыл шаруашылық іс-әрекетенің түріне қарай ауыл шаруашылық ландшафттарды егіншілік, бау-бақша және жайылымды-шалғындық басты түрлерге бөлуге болады. Ауыл шаруашылық ландшафттың егістік типінің ерекшілігі жыл сайын топырақ бетінің жыртылуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану, қолдан жасалынған агрофитоценоздарды жасау. Кейбір аудандарда жер жыртылуы нәтижесінде ескі егін жерлердің бұрынғы табиғи топырақ түрлері жаңа қасиеттерге ие болады. Көптеген ауыл шаруашылық андшафттардың топырақтары адам игерген соң шірінді қабаты төмендейді, топырақтың өнімділігі төмендейді. Бірақ сонымен бірге дұрыс агротехника шаралар пайдаланған жағдайда топырақ шіріндісі және өнімділігі белігілі бір дейңгейге дейін түсіп, жаңа мәдени ландшафттың заттың биологиялық айналымына сәйкес деңгейнде тоқтайды.