1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы



бет1/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

1.Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Неміс тілінен аударғанда ландшафт – жердің сыртқы көрінісі деген мағына береді. Ландшафт дегеніміз өзін өзі реттеу арқылы тірі және тірі емес материалдардың қарым қатынаста болатын жүйе. Ландшафт география ғылымының бір саласы болып табылады. Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы Василий Васильевич Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол аймақтарды табиғат жағдайларын зерттеуге кешенді принцип қолданды, яғни табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес тұтас бір бөлігін тани білу керек деп көрсетті. Докучаев табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды және табиғат зоналары туралы 1898–1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады деп айтуға болады.
2. Ландшафттану пәнінің мақсаты мен міндеті.
Ландшафттану пәнінің негізгі мақсаты – табиғи объектілер туралы білімімізді жетілдіру. Ландшафттану пәнінің қажеттілігі біріншіден табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді. Бүгінгі ландшафттану ілімінің негізгі мақсаты әр түрлі пәндердің жиынтығы арқылы алынған материалдарды бір жүйеге келтіру. Ландшафттану пәінің негізгі бір бағыты табиғат пайдаланудағы әлемдік экологиялық мәселелерді зерттеп одан шығу жолдарын көрсету.
Ландшафттану міндеттеріне ландшафтылардың түзілу заңдылықтарын, құрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциацияын және ландшафт интеграциясын анықтау кіреді, сонымен қатар олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді. Ландшафттану басқа да ғылымдармен біріге отырып ландшафтылардың технологиялық, экологиялық және әлеуметтік бағаларын береді. Ол өз тарапынан табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізделген, неғұрлым ұтымды және тиімді әдістерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге үлкен техникалық жобалардың салдарын болжауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет