3. Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы
Зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу, нәтижесін шығару мен рәсімдеу қажеттігі
Педагогика және психология саласындағы зерттеулер – бұл білім беру заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі.
Курс мақсаты: Білімгерлерге оқу курсы барысында өзекті проблеманы, тақырыпты таңдауды, зерттеу жұмысын құрастыруды, оны жүзеге асырып, рәсімдеу, қорғау, тәжірибеге енгізу мәселелерін меңгерту, басқаша айтқанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгерту.
Курс міндеті: - Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Ғылым қалыптасуының негізгі кезеңдері (К. Ясперс бойынша)
1-кезең – ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің пайда болуы;
2-кезең – қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVII ғасырда бекінуі, XVII ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен танымның жаңа қағидалары ұсынылды.