6 дәріс Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы Мақсаты мен міндеттері



бет1/8
Дата01.03.2023
өлшемі369,87 Kb.
#70611
  1   2   3   4   5   6   7   8

6 дәріс
Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы


Мақсаты мен міндеттері: қабынудың мәнін, анықтамасын, жіктелуін, жеке түрлерінің морфологиялық көрінісін білу.
Дәріс жоспары:

  1. Қабыну туралы жалпы түсінік (анықтамасы, себептері, жіктелуі)

  2. Альтерациялық қабыну

  3. Экссудациялық қабынудың жеке түрлері

  4. Продуктивтік қабыну

Негізгі және қосымша әдебиет:
1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, "Cyber Smith", 3 том, 2017.
2. Нұрғазы Б.Ө. Жануарлар патологиясы. Оқулық. Алматы, «Альманахъ», 2020.
3. Нұрғазы Б.Ө. Жануарлар патологиясы. Дәрістер жинағы. Оқу құралы, «Printplus», Алматы, 2019, 12,3 б.т.
4. Жаров А.В. Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных - М.: КолосС, 2014 - 543 с.
Дәрістің мазмұны
Қабыну (lat. inflamatio) – ұлпаның зақымдануына жауап ретінде дамитын кешенді, жергілікті, күрделі қантамырлы-мезенхималық реакция. Ол зиянды агентті жоюмен қатар, зақымданған ұлпаны қалпына келтіруге бағытталған. Қабыну кең тараған жалпы патологиялық үдерістердің бірі, көптеген ауруларда орын алады. Оның биологиялық маңызы – түрді сақтау.
Этиологиясы: физикалық, химиялық, биологиялық факторлар. Эндогенді түрткілер: несеп қышқылы мен оның тұздары, өт қышқылдары, конкременттер, некроз, инфаркт, тромбоз, ісіктердің ыдырау өнімдері, аллергендер және т.б.
Медицина атасы Гиппократ б.д.д. 460 жыл шамасында қабыну реакциясы пайдалы реакция деген болатын. Іріңдеп қабынған ошақта қабыну себептері жойылып кетеді деп түсінген. Ол қабынудың екі белгісін - қызаруды (rubor) және домбығуды (tumor) ашқан.
Ертедегі Римнің әлемге әйгілі дәрігері Цельс осыдан екі ғасыр өткен соң қабынудың тағы екі белгісін анықтаған - қабынған жердің ауырсынуын (dolor) және қызуының көтерілуін (calor).
Неміс ғалымы Р.Вирхов қабынудың бесінші белгісін - мүше қызметінің бұзылуын (function laese) ашқан. Қабыну туралы ілім негізінен ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап дамиды.
1. Р. Вирхов 1859 жылы қабынудың нутритивтік (қоректену) теориясын құрды – қабынудың мәні торшалар қызметінің күшеюінде деп түсінді. Торшалардың қоректену деңгейі тым жоғарлайды деді.
2. Белгілі орыс ғалымы И.И. Мечников қабынудың биологиялық теориясын құрды. Ол қабынудың мәні оны шақырған патогендік агенттерді лейкоциттердің қарпуында (фагоцитозында) деген. Фагоцитоз қабыну үдерісінде маңызды құбылыс болып табылады. Алайда қабынудың мәні тек фагоцитозбен шектелмейді. Яғни бұл теория да қабынудың мәнін түгел аша алмады. Қабыну зақымданған ұлпаны бұрынғы қалпына келтіруге және патогендік агентті аластауға бағытталған қорғаныс-бейімделу реакциясы.
Қабыну жергілікті реакция болғанымен, қабыну кезінде организмде жалпы өзгерістер де болады. Қанның құрамы өзгереді, эндокринді, жүрек-тамыр жүйелер қызметі бұзылады, дене қызуы жоғарлайды. Қабыну әртүрлі ішкі және сыртқы себептерден туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет