1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет − Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан,
Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім-шартқа» қол қойып,
Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымының негізін қалады. Сол кезде ҧйым
«Шанхай бестігі» деп
аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Ӛзбекстанның кабылдануымен
Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымы деп аталды. Саммиттен кейін
«Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымын қҧру туралы» декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және
экстремизмге қарсы кҥрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды қҧжат
қабылданды. Сӛйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм
ҧғымдарына анықтама берілді. Ақиқатында, бҧл қҧжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркҥйек
оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымы әскери одақ
емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы
байланыстарға ҧмтылатын ҧйым болып табылады.
Азиядағы ӛзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі , АӚСШК). АӚСШК-ні қҧру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5 қазандағы БҦҦ
Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ҧсынды.
Ҧйымның негізгі мақсаты − Азия
аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тҧрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты кӛп жақты
қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты
нығайту.
I саммитте екі маңызды қҧжатқа − Алматы актісі мен АӚСШК Лаңкестікті жою және
ӛркениеттер арасындағы диалогқа қолдау кӛрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы
қҧжаттар негізінде АӚСШК Азиадағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу
мақсатындағы форумға айналды.
2004 жылы қазан айындағы АӚСШК-ге мҥше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар
каталогы қабылданды. Бҧл әскери-саяси, экономикалык, гуманитарлық және басқа салалардағы
шаралар жиынтығынан тҧрды. АӚСШК-ге мҥше мемлекеттер басшыларының шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҦҦ 47-сессиясында кеңесті қҧру туралы
идеясын қолдау ретінде