1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары



бет19/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

Қыстырма сөздер дегеніміз – сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөздер. Қыстырма сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай,белгілі сөйлем мүшесі болмай, олардан оқшау тұрады. Мысалы: Көп білім алу үшін, әрине, көп оқу керек. Қыстырма сөздер сөйлемнің басында келсе олардан кейін, ортасында келсе, екі жағынан, сөйлем соңында келсе, олардан бұрын үтір қойылады: Меніңше, бұл өте мықты адам. Бала, тым болмаса, шеге қағуды үйренсейші. Мұның дұрыс, әрине!
Қыстырма сөздерді мағынасына қарай мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер: несін айтасың, бақытымызға қарай т.б. Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсың.

  2. Айтылған ойға илануды, жорамалдауды білдіретін қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, мүмкін, шынын айту керек т.б. Бәріміз, шынында, жас едік.

  3. Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін қыстырма сөздер: қысқасы, сайып келгенде, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б. Дегенмен, сайып келгенде, еңбек адамымен ұғынысу оңай орайласатыны анық.

  4. Айтылған ойға басқаның не айтушының пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырма сөздер: біздіңше, мен білсем, оның айтуы бойынша т.б. Жұрттың жоруынша, Зылиқа жасында ажарлы еді.

  5. Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер: біріншіден, ақырында, керісінше, сөйтіп, мысалы т.б. Қыздың бұл әрі биязы, әрі паң мінезі мұғалімді, бір жағынан, сүйсіндірді, екіншіден, намысын қоздырды.

Жоғарыда келтірілген қыстырма дегеніміздің бірқатары сөйлемдегі сөздерге қатынасына қарай сөйлем мүшесі қызметінде де жұмсалуы мүмкін.
Одағай сөздер дегеніміз – кісінің сезімін, көңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер. Одағай сөздер не жеке сөйлем ретінде (Алақай! Пәле! Бәсе!), не сөйлем құрамындағы оқшау сөз қызметінде жұмсалады. Уа, қой деймін, бала! Мә, онысы несі?
Одағайлар мысалдардағыдай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста болмайды, олардан оқшауланып, өзгеше әуенмен айтылып, басқа сөздерден бөлек тұрады. Айтылу ерекшелігіне қарай жазуда олардан кейін леп белгісі қойылады не болмаса сөйлемдегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді:
– Қап! Тоқтай тұр.
– Ой! Сен мұнда неғып жүрсің?

  • Ойбай-ай, мына жаманды қарай гөр!

Одағайлар, көбіне, диалогтарда қолданылады. Олардың мағыналары да әр алуан болады. Мысалы, пай-пай, алақай кісінің жанға жайлы сезімін білдірсе, ойбай, түу, қап деген одағайлар қорқыныш, өкінішін білдіреді.

Әдебиеттер:


1. М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971.
2.Қазақ грамматикасы. А., 2002.
3.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. 1981.
4.М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. 1997
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. А., 1994.
13-лекция. Жай сөйлем және оның түрлері
1. Сөйлем болудың шарттары.
2. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

Сөйлем арқылы ой алмасу процесі жүзеге асырылып, тиянақты ой айтылады. Сөйлемге тән негізгі белгілер: 1.предикативтілік (тиянақтылық); 2. модальдылық; 3. тиянақты интонация.


Сөйлемде сөздер бір-бірімен тіркесіп жұмсалып, сөйлемге мүше болады. Еш сөзбен тіркесу қабілеті жоқ сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Сөйлем байымдауды, хабарлауды, сұрауды, модальдылықты білдіреді. Сонымен, предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз. Біз өзара пікір алысқанда ойымызды сөйлем құрау арқылы жеткіземіз. Яғни, сөйлем – пікір алысу құралы. Сөйлем сөздерден құралады, сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуімен сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөйлемдегі сөздердің әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасына лайық сөйлем құруға қатысып, тұтас мазмұнына қатынасып тұрады. Олар сондай-ақ сөйлемде не жалаң мүше қызметінде, не күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық және грамматикалық мағыналарын айқындай түседі. Сөйлем бір сөзден тұрса да, бірнеше сөзден тұрса да, дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөздерден пауза арқылы оқшауланады. Сөздер сөйлемде қалай болса солай орналаса салмайды, мағыналары жағынан сәйкестеніп, өз орнын тауып орналасқанда ғана сөйлем бола алады.
Бұрын синтаксистің зерттеу нысанының ең жоғарғы сатысы сөйлем деп танылатын. Қазіргі кезде тілде мәтін, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық сияқты синтаксистік категориялар объектіге алына бастады. Сонда сөйлем сөз бен сөз тіркестерінен құралған үлкен категория болғанымен, енді олар күрделі синтаксистік тұтастықты құраушы элемент ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет