1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Академик Р. Сыздықтың "Сөздер сөйлейді" еңбегі жайлы баяндап, мағынасы күңгірттенген сөздерге мысал келтіріңіз



бет82/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
лексикология

80. Академик Р. Сыздықтың "Сөздер сөйлейді" еңбегі жайлы баяндап, мағынасы күңгірттенген сөздерге мысал келтіріңіз.
«Сөздер сөйлейді» (1980, 1994) деген еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орындаған жұмысы болды. Онда ақын–жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланды. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасын күнгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің әуелгі мәні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тәсілдері, шарттары айқындалады. Сөздердің көп мағыналылығы, тарихи кезеңдердегі тұлғалық және мағыналық өзгерістері ашылады.

Ат-ұлақ. Бұл күнгі ат-көлік деген тіркестің синонимі. Көне түркі тілдерінде улағ сөзінің бір мағынасы “жүк артатын жануар”. Демек, ат-улағ “жүк артатын ат, көлік ретінде пайдаланатын ат”.


Дындан. “Тарақ” дегенді білдіреді. Дындан парсы тілінде “тіс” дегенді, ұйғыр тілінде “піл сүйегі” деген мағынада.
Жам. Жам - араб сөзі, ол - “жинау” деген етістік (жама). Жам тұлғасы қазақ тілінде “түгел жиналған, барлық, барша” деген мағынада жұмсалады.
Жосын. Жосын (көне түркі тілдерінде жосын/йосун) сөзі - жосық сөзінің варианты болып, “жөн, рет, тәртіп” және “әдет-ғұрып, салт” мағыналарында қолданылады.
Жылы: Жылы-жұмсақ. Сойылған мал етінің жылы-жұмсағы деп айту бар. Бұл сөздің о бастағы тұлғасы жаулы<жаулығ болып табылады. Жағ~жау түбірі “май деген ұғымды білдірген. Демек, еттің жылы-жұмсағы оның “майлы-жұмсақ”, яғни ең дәмді жерлері дегенді білдірген.
Кебенек. Кеп түбірінен жасалған кебене/кебенек сөзі “киім”, онык бір түрі (“киізден жасалған шапан”) дегенді білдірген деп топшылаймыз.
Кез. Оққа (жебеге) қатысты сөздердің бірі - кез. Бұл сөз - сай кез оқ деген тіркес пен кезену, кезеу сияқты етістік түбірлерінде сақталған, түп мағынасы бұл көнде ұмыт болған. Кез деп көне түркі ескерткіштерінде жақ оғының түп жағын, яғнт адырнаға тірейтін жерін айтаған.
Кердең мойын. Тілімізде кердең мойын кесілсе деген тіркес бар. Мұндағы кердең - гардан деген парсы сөзі, мағынасы “мойын”.
Қалықпан. Қалық - көне түркі тілінде “көк, аспан” мағынасындағы сөз. Демек, қалықпан - “аспан көкте, биікте самғайтын құс” дегенді білдіретін атау.
Қаттану. Көне түркі тілдерінде қатлан сөзінің бір мағынасы “мықты болу, қатаю”.
Қауқылдасу. Бұл парсы тіліндегі “у-шу” деген мағынадағы ғауға сөзі болуы керек. Қауқылдау - жай ғана ашық-жарқын сөйлеу емес, салдырлап, қаттырақ дауыстап сөйлесу дегенді білдіретін сөз болып қалыптасқан.
Сауын: Сауын айту. Сауын айту - үлкен ас, ұлы той сияқты үлкен жиындар туралы ел-елге жариялап хабар беру.
Сұрқылтай. Бұл сөздің түбірі моңғолдың сурга(х) сөзі болу керек. Сургаалтай (сургултай) қазақша сұрқылтай “үйретуші (ақыл-кеңес беруші)” деген сөз болып шығады.
Ши шығару. Ши шығару - “талас туғызу; жанжал шығару” (дәлірек айтсақ, жанжал шығаруға ілік іздеу) деген ұғымды білдіруіне өсімдік ши емес, “жанжал, талас” деген көне шағ/шоғ сөзі негіз болған.
Тәу ету. Мағынасы - “бас иді, тағзым етті”. Тәу ету о баста малдың киесін сыйлау үшін, яғни оның кесірінен сақтану үшін жасалатын нақтылы рәсімнің атауы болған.
Төбе би. Көп мағыналы төв сөзінің моңғол тіліндегі бір мағынасы “тура сөзді, адал адам” дегенді білдіреді. Демек, төбе би - “әділ би, адал адам” дегенді білдіреді
Тұралап қалу. Тұрала - “арықтау” мағынасын беретін сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет