1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


- шы Синонимдік сөздіктердің құрылымын талдаңыз



бет86/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
лексикология

116- шы Синонимдік сөздіктердің құрылымын талдаңыз.
Синонимдер сөздігі негізінен
әдеби тілдің шеңберіндегі сөздерді қамтуға тиіс. Сонымен бірге
өткен дәуірдің елесі ретінде архаизмдер кіреді, кәсіби сөздер
мен кейбір диалектизмдер де алынады. Терминдердің де сан алуан стильдік-мағыналық мән беретін синонимге өте-мөте жақын жүргендері сөздікке ендіріледі. Мәселен, право деген орыс сөзі қазақтың ерік, қақы, құқы сөздерінің синонимдік қатарына кіріп, ғылыми стильде қолданылып келеді. Сол сияқты образ - бейне, тұлға сөздерінің синонимдік қатарын, герой -кейіпкер, қаһарман сөздерінің синонимдік қатарын толықтырып,ерекше стилтдік мәнде қолданылып жүр. Синонимдер сөздігіне» синонимдік карым-қатынаста жұмсалатын фразеологизмдердің бәрі бірдей талғаусыз ене бермейді. Мәселен, айқын, анық деген ұғымда«бесенеден белгілі», «тайға таңба басқандай», «соқырға таяқ үстатқандай» деген идиомдар айтылады. Мысалы: Аласа, тапал, қысқа, кішкене, тәпелтек, мықыр,қортық,тырбық, жатаған. Мысалдар: Ортасында аласа бойлы, ақырын сөйлейтін бір кісі бар (Әбдіқадыров). Менің астымда жортақылау, тапал тор ат (Майлин). Аралық қылшық түбіттен ұзын, көбінесе қылшықтан қысқа келеді (Ермеков).Кішкене қара жігіт, бұл вагоншы Егентай (Ерубаев). Мойнымды қанша созып тырмысқанмен, мына тәпелтек бойым терезеге же-тер емес (Соқпақбаев). Өлу сөзіне синонимдік қатар:Өлу, қайту, үзілу, өту, дүние салу, көз жұму, қаза болу,қайтыс болу, қазаға ұшырау, қаза табу, жүріп кету, жан тап-сыру, дүниеден өту, дүниеден көшу, дәмі таусылу, демі біту, күні біту, уақыты жету, келмеске кету, жан беру, жан тәсілім қылу,қайтпас сапар шегу, қайтпас сапарға кету, жер жастану, опат болу, мерт болу, дәм-тұзы түгесілу.Тіліміздегі синоним байлығы әлі күнге жиналып-теріліп біткен жоқ. Оның жиналғанынан жиналмағаны көп, зерттеліп жүйеленгенінен тексеріліп сараланбағаны басым. Мұндай ізгі жұмыстар көптің күшімен ғана жүзеге асыруға болатындығын
сөздік жасау тәжірибесі айқын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет