1. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты



Дата17.11.2022
өлшемі55,25 Kb.
#50903
түріБағдарламасы
Байланысты:
1 практ


1. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
2. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи санаы қалыптастырудағы маңызы
3. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы
4.Мемлекет тарихы және оның даму кезеңдері
5.ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік тарихи үдеріске талдау жасау
6.ХХІ ғасырдың жаһандық сын-тегеуріндері. Жаһандану және Қазақстан

Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына ерекше орын береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені Отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады.


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды.
Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, аталған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиынды ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына арналды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің: «...Соңғы жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мемлекетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға түсіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін алға шығарды. Сол арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қалыптастыру, ең алдымен күнделікті маңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих керек...» – деуінің өзінде үлкен мән бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын алға тартты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні айдан анық. Қазіргі кезде қазақ тарихын зерделеуде қандай проблемалар бар, болса оларды шешудің жолдары қандай деген келелі пікір-алмасуда ең алдымен Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми танымның бұрын-соңды қол жетпеген биігіне бастайтын, яғни жаңа методологиялық негізді, тұжырымдар мен ұстанымдарды түзетін басымдықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей, ғылыми нәтижелер жаңармайды. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани, т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте, ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау.Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Әр уақытта да ғылым пікір алмасу арқылы дамиды. Сондықтан, бүгінгі егеменді еліміздің елдігін айқындауда сөз жоқ, ұлтқа тарих керек. Оны дәлелдеп отырудың қажеті жоқ. Бірақ, XXI ғасырға қандай тарих керек? Ол жан-жақты, жүйелі, шынайы, ғылымға негізделген тарих болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы ауызша айтылған тарихқа қанағаттанып келдік. Ал, тарихтың ғылыми-деректік тұжырымға көшкеніне біраз болды. Осыған орай, қазіргі XXI ғасыр да, ұлт та бізден жазба тарихты талап етіп отыр. Екіншіден, ғылыми тарих та керек. Сөз жоқ, тарих барлық уақытта да мүмкіндігінше жазылды.
Елбасының ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұлттық тарихты нақтылау, жаңғырту және дамыту туралы айтылған сөзі қазақтың тарихшы ғалымдарына бір серпіліс, рухани қуат беретіні ақиқат. Кез-келген ұлт пен ұлыстың өз тарихын білмеуі қатер, ол бейқамдық асқынса құрдымға бастайды. «Есі кірген ел ескісін іздейді» деген аталы сөз – шындық. Бұл Тәуелсіздіктің нәтижесі. Міне, осындай елдіктің арқасында алқалы топтың алдында мазмұнды баяндама жасаған Мемлекеттік хатшының халықтық дүниетанымды қалыптастыруды қозғауы, қазақ елінің қадір-қасиетін, төрткүл дүниеге түгел даңқы жеткен биік абыройын сөз етті.
Ұлттық сананы қалыптастыру тарихи білім беруге байланысты. 1995 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген. Сонан бергі атқарылған ауқымды жұмыстардың ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар ұшан-теңіз. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда уақыт күттірмейді, керісінше жалғастыруды талап етуде. Тарихтың терең зерттелуі – елдіктің, отаншылдықтың белгісі. Қазақ тарихы өркендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді.
Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға шылбыр ұстатады. Адамзат баласының тәжірибесі тарихи ахуалға қарай аз халықтан да әлемдік тұлға шығатынын, көп халықтың да жаңсақ басуға баратынын айғақтап отыр. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ. Кез- келген дамудың мазмұны мен нәтижесі жалғастық пен сабақтастықта жатыр. Бұл қағида бұзылған жерде ілгерілеу болмайды. Мыңдаған жылдар бойы желісі үзілмеген сабақтастық қара шаңырақты ұстап қалған қазақтарға ақыл мен қайратты, ыстық жүрек пен сабырды молынан дарытып, жүз жыл жоңғарлармен соғысқанда, 260 жыл отарлау мен тоталитаризмнің қыспағында қалғанда дұшпанына жер бетінен жойып жіберуге мүмкіндік бергізбеді. Қазақ мың өліп, мың тірілді, ХХІ ғасыр қарсаңында азаттыққа қол жеткізді. Ұрпақ сабақтастығын, яғни ұлы дала тарихына тән бірегейлікті сақтап қалған құдірет не десек, ол – ғасырлар бойы үздіксіз түзілген рухани-мәдени байлық, ол – қазақ әйелінің демографиялық тасқынды бәсеңдетпеген ерлігі. Бұлар қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің іргетасын қалады, қуатын арттырды. Тарих – бәсекеге, сұрапыл сынаққа төтеп бергендердің алатын еншісі. Отан тарихын зерттегенде әсте ұмытуға болмайтын методологиялық ұстаным адамдар іс-әрекетімен жасалатын тарихтың екі-ақ негізде өрбитініне қатысты. Бірі – табиғи-ырғақты тарихи үдеріс, екіншісі – отарлаған немесе өктем сырт күштің тегеурінімен жасалатын тарих. Ұлы дала екеуін де бастан кешті.ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жеріне келген қытай, араб, моңғол, жоңғар басқыншылары – бәрі сайын даланың табиғи-ырғақты тарихи үрдісін бұза алмады, қайта өздері қазақтанып кетті. Орыс отарлауы да табиғи-ырғақты дамуды шайқалтқанмен, тамырын қиюға ғұмыры жетпеді. Ұлттың табиғи-ырғақты дамуын күйреткен алапат кеңестік тоталитаризм саясатының негізінде қазақ жерінің біраз бөлігі талан-таражға түсті, елі үшін еңіреген зиялылар атылды, қуғындалды, қазақ тілі бейшара халге ұрынды, аштық миллиондаған қандастарымыздың басын жұтты, демография бұзылды. Ең ауыры – ұлттық жөргегінен жеріген, бөтеннің құндылықтарын қастерлеген, аты қазақ, заты бөлек ұрпақтар легінің өсіп шығуына жол ашты. Ұлттың тұтастығына, болашағына, мемлекет тағдырына төнген қатердің жиынтық көрінісінің куәгеріміз. Осы орайда, бүгінгі ұлттық тарихымызға дағдарыс пен іркілістен гөрі ізденіс, теориялық-методологиялық жаңару, қайта өрлеу қажет. Қазіргі уақыт аралығында ата тарихымызды қайтадан зерделеуде ежелгі дәуірден тартып, Астананың ауысуына дейінгі үдерістер жаңаша бағамдалып зерттелуде, бұрын-соңды қолға түспей келген дереккөздер жариялануда. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні анық. Демек, Отан тарихынан, тарихнамасы мен деректанудан, археологиясы мен этнологиясынан жазылған, жазылатын еңбектердің методологиясын қарабайырлықтан, эклектикадан, еліктегіштіктен қорғап, басты назарды тарихи заңдылықтарды дәйектеуші өреге аударатын уақыт келді.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірегей бағытындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тарихындағы орнына баға беру. Қазақстан өлкелерінің тарихына барынша назар аудара отырып, осы бағытқа арналған оқулықтар, ғылыми шығармалар дайындауға аймақтағы тарихшылардың біліми - ғылыми потенциалдарын ұйымдастыруды қолға алу бағытында жұмыс жасау. Сонымен қатар, арнайы орта, жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқылатын «Өлкетану» пәнін енгізу арқылы ұлт тарихын ұлықтаудың ғылыми арнасын кеңейте түсері даусыз. Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға жағдай жасайды. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ.
2013 жылы 5 маусымда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді.
Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің – саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді.
Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте – ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайымдаушыға» - зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қой­майтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді.«Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты – озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеуүшін жағдай жасауболып табылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.
Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында (11 қараша 2014 ж.) 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» (№ 1448) қаулысы қабылданды. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу – «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.
1915 ж. 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға ӘР-ның Президенті И. Әлиев, ҚР-ның Президенті А. Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И. Йылмаз, ТР-ның Үкіметінің вице-премьері С. Тойлиев және т.б. қатысты. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден мыңнан аса қонақтар келді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. …Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын» дей келе, «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», – деді. Ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйеніп, Елбасы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғалар жөнінде: «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деп атап көрсетті. «Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді» деп тарихымыздың кезеңдеріне тоқталды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. … Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз». Айта кетер жайт, Президент Н. Назарбаев Ұлытау сұхбатында: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. Салтанатты жиында сол сөзінің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» – деп түйіндеді Елбасы.
Тарих өлшемімен алғанда осынау қысқа мерзімде елде қандай өзгерістер болды? Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды». Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. 2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен бірге, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық, - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті. - Бұл аса күрделі келіссөздердің нәтижесінде туған өте маңызды, көптен күткен оқиға болды». Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді. 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда былай делінген: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа­һан­дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ». Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Таяудағы онжылдықтағы бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысты Президент әңгіме жалпы көлемі 6,5 триллион теңге инвестицияны құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайында болып отырғанын атап өтті: бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайыздан астамын құрайды. Мұның бәрі Қазақстанға таяудағы үш жылдың ішінде 200 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның саяси жүйесін дәйекті жаңартуда таяудағы ондылдықтағы құқықтық реформа маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде елеулі жұмыс атқаруға тура келеді, оның негізгі бағыттары Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленді. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян және ресей компанияларынан жалпы сомасы 20 миллиард доллар инвестициялар тартылатын болады. 2010 жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақыларын және жоғары оқу орындары студенттерінің стипендияларын арттыру басталды. Президент балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуге тапсырма берді. Жоғарыда айтылғандарды қорытып айтар болсақ, нақ Қазақстанның сындарлы көпвекторлы сыртқы саясаты, сондай-ақ сарабдал ішкі саясаты және орнықты экономикалық дамуы бүгінде әлемде біздің еліміздің жоғары беделін қамтамасыз еткенін айтуға тиіспіз.
Әлемдік шаруашылық өмірін жаһандандыру қазіргі экономикалық дамудың жетекші беталыстарының бірі болып саналады. Халықаралық мамандану мен кооперацияның тереңдеуі, елдер арасында технологиялармен алмасу – экономикалық өрлеудің маңызды факторларына айналуда.
Жаһандану – ұзаққа жетелейтін өте күрделі құбылыс. Сондықтан, «жаһандану» термині эмоционалдық сипатқа ие болып, әлемдік эксперттік қауымдастықтың шеңберінде шиеленіскен пікірталас мәселесіне айналғаны ғажап емес.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, жаһандану – жанданған халық кездестіретін жауапты құбылыс. 1991 жылдың 16 желтоқсанында тарихи сахнаға тәуелсіз және егеменді мемлекет ретінде шыққан Қазақстан, күрделі геосаяси және геоэкономикалық ортаға тап келді.
Бұл Қазақстанның өз даму жолын таңдауда біраз қиындықтар туғызғаны белгілі.
«Сындарлы он жыл» кітабында Н.Назарбаев жаһандану феноменін керекті дәрежеде түсінбейінше, геосаяси және тарихи бағалы субъект ретінде бірде-бір қадам жасауға болмайтын ескертеді.
Президент Н.Ә.Назарбаев жаһанданудың екі мәнділігін жақсы түсіндіріп, толығымен мазмұндайды. Жаһандану бір жағынан экономика мен қоғамды жаңғыртуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан мәдениеттер мен өркениеттердің диалогын мадақтайды, кеңістіктерді кеңейтеді.
Екінші жағынан біржақты әлем мен батыс жақтары жаһандануды субъективтік түрде түсіндіруге жақын, Шығыс елдерінің жайдарылық процестерінен жеке пайдасын көріп, құрылымның өзіндігін күйретіп, мемлекеттердің, халықтардың және әлеуметтік жүйелердің егемендігі мен өзіндігінен айырып, теңсіздік, терроршылдық қауіп пен есірткі пролиферациясын тудырды.
Сол себептен, ел басшылығының басымды мақсаттарының ең негізгісі – әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру.
Сондықтан, ұлттық экономиканы көтеру, оны техникалық қайта қаруландыру, өндірілген өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруды шешіп, Қазақстан республикасының халықаралық еңбек бөліну процесіне, мемлекетаралық кооперация түрлеріне қатысуын, басқа елдермен ортақ экономикалық кеңістік құру құбылыстарына қатысуға ашылатын мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып жатыр.
Сонымен, әлемдік ұдайы өндіріс процесіне қатысу факторы мен мүмкіндігі ұдайы өсудің шарты болатын еліміздің ұлттық экономикасының біртұтастығы сақталынды.
Ел басы Н.Назарбаевтың «Еуразиялық идеясы» ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге енуінде өз жемісін берері сөзсіз.
1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 11 тәуелсіз мемлекеттердің Басшылары келіссөздер жүргізіп, Алматы декларациясын қабылдап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымын құрған болатын.
Мемлекет басшыларының ортақ келісімдерінің нәтижесінде өмірге келген Алматы декларациясы мүше мемлекеттердің қарым-қатынастарының теңқұқылық негізде құрылатыны, территориялық біртұтастықты құрметтеу мен әкімшілік шекараларды сақтау, ұйым кеңістігінің тұтастығын сақтау мен ядролық қаруға тұтас бақылау принциптерін қамтыды.
ТМД жас мемлекеттердің әлемдік нарыққа енуде, мемлекеттердің саяси-экономикалық мүдделерін қорғауда өз міндетін жемісті орындауда.
ТМД ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдете түсу мақсатында және соңғы кездері күшейіп кеткен қауіп-қатерлерді мүмкіндігінше сейілту үшін Қазақстан мен Ресей басшыларының бастамасы бойынша 1992 жылы мамырлың 15-нде Ташкентте ТМД-ның бес мемлекетінің Басшылары Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт (КҚШ) құрды.
Шартқа қатысушы мемлекеттер мемлекетаралық қатынастарда күш көрсету мен күшпен қорқытуды қолданудан бас тарту міндеттемесін бірауыздан растады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы наурыздың 29-нда Ресейге алғашқы ресми сапары шеңберінде ММУ-нің профессорлық-оқыту құрамы алдында сөйлеген сөзі өте орынды болды.
90-жылдардағы дағдарыстан кейін әлемдік аренада жаңадан пайда болған, ТМД елдері арасындағы Ресейден кейінгі ең ірі республиканың Президенті «Еуразиялық Одақ» концепциясын жариялады.
Көптеген сарапшылар «Еуразиялық одақ» концепциясын жаһандану мәселесінің шешімі ретінде санайды. Еуразиялық жобаның мағынасы – мәдени, өркениет және тарихи байланыстармен, экономикалық параметрлерімен бірлескен, әлеуметтік жүйесі ұқсас халықтар мен мемлекеттермен шектелген кеңістіктегі жаһандану.
Еуразиялық одақ құру шарты ретінде сыртқы, экономикалық және қорғау саясаттарды үйлестіру мақсатында ұлттық органдарды құру идеясы алынады.
Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін Қазақстан Президенті Еуразиялық одақ мемлекеттері мен үкіметтерінің Басшылар Кеңесін құруды ұсынған болатын.
Бірақ Еуразиялық одақ концепциясы КСРО-ын қайта құру немесе оған ұқсас одақ құру емес. Одаққа бірігудің негізгі принциптері: теңдік, егемендік, территориялық біртұтастықты құрметтеу мен шекараларды бұзбау, жеке тұлғаның құқықтары құрметтеу.
Еуразиялық одақты жүзеге асырудың негізгі кезеңінің бірі – 1994 жылы сәуірдің 30-нда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері қол қойған үш мемлекет арасында экономикалық тұтас кеңістік құру туралы Шарт ( Орта-Азиялық одақ).
Бұл құжат достық пен көршілік қатынастар принциптеріне негізделген экономикалық ынтымақтастықтың берік негізін құрды.
1994 жылы қазанның 21-нде Мәскеуде ТМД елдері Басшылары Одағының отырысы өтті. Мұнда мемлекет басшылары Н.Назарбаевтың Еуразиялық одақ идеясын талқылап, ұйымның балашақ дамуында оны негізге алу жөнінде ортақ шешім қабылдады. Сонымен қатар, Басшылар Одағымен Қазақстанның бастамалары көрініс табатын тұтас экономикалық кеңістік құру туралы нақты ұсыныстар мазмұндалған бірнеше құжат қабылданды.
Экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадам – 1995 жылы қаңтардың 20-нда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтерінің басшылары Кедендік Одақ құру туралы Келісім және өзара қатынастарды тереңдетуді жүзеге асырудағы үш елдің кезең-кезеңді Бағдарламасы құрылды.
1996 жылдың наурызында Кедендік Одаққа Қырғызстан қосылды. Тәжікстан республикасы 1996 жылы ақпанның 26-нда Кедендік Одақтың толыққұқылы мүшесі болды.
Кедендік Одақ өнімдер, қызмет көрсету, капиталдар, жұмыс күші ортақ рыногінің құрылуына ықпал етуі тиіс. Бұл ұйымның нәтижелі жұмыс істеу үшін мемлекеттер экономикалық реформалардың үйлесімді саясатын жүргізуге, біртипті, шаруашылықты жүргізудің нарықтық принциптерінде негізделген экономиканы реттеу механизмін құруға келісім берді.
Сонымен қатар, 1998 жылы Н.Назарбаев «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» бастамасын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат 1998 жылы қарашаның 24-нде Мәскеуде Кеден Одағы үкіметтері басшылары қол қойған келісімдер мен шарттардың 10 жобасынан тұрды.
Жалпы, Назарбаев «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» бастамасы ТМД елдері қауымдастығымен өте жақсы қарсы алынды, себебі бұл құжатта Н.Назарбаевтың интеграция процестеріне әрекетті түр беру ұмтылысы арқау болды.
«Еуразиялық одақ» концепциясының тәжірибелік құндылығы кейін болатын оқиғаларда көріністер тапты, олар бұрынғы одақтық кеңістікте кірігу құбылысының кері айналмайтынын дәлелдеді.
2000 жылдың қазанында Астанада Саммит кезінде Кедендік одаққа қатысушы елдердің басшылары Еуразиялық Экономикалық қауымдастық құру туралы шарт пен Өтінішке қолдарын қойды.
Жаңа кірігушілік қауымдастықты құру тарихи маңызы үлкен оқиға тұтас экономикалық кеңістік құру жобасы жаңа мемлекеттік геосаяси құрылым «Еуразиялық одақ» құру туралы фундаментальды жобаның бөлігі.
ЕурАзЭҚ моделі экономикалық өзара қатынастарда кірігу процестерін бастауды жорамалдайды, кейін олар бірте-бірте барлық салаларда бағалы мемлекетаралық қарым-қатынастарға өтеді.
Еуразиялық кірігудің бірінші қадамы ретінде тұтас экономикалық кеңістік құруды ұйғарды, онда тарифтер, негізгі фискальді және салық нормативтері, қаржы-валюталық және несие жүйелері бір қалыпқа келіп, жүйеге біріккен.
«Төрттіктің» бірінші адамдарының ресми хабарламаларын ескергенде, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы Одақ шеңберінде экономикалық қарым-қатынастардың жалпы моделінің негізі ретінде саналады. Соған сәйкес, осыдан кейін экономикалық, сонымен қатар, демпингке қарсы заңдарды біріздендіру мен экономикалық кірігуді жүзеге асыру қадамы болу керек.
Бұның бәрі тұтас, гомогенді, біртекті кеденаймағын, кеден одағын, бұл ұғымның негізгі мағынасы бойынша, кедендік, экономикалық ішкі шекаралары жоқ кеңістік құру үшін қажет.
Экономикалық, кейін саяси және стратегиялық интеграцияға бағытталған беталыс ЕурАзЭҚ елдері басшыларымен алынған болғандықтан, экономикалық біріздендіру жобасы маңызды және ұзақ мерзімді интеграция стратегиясын дамытудағы бірінші қадамы деп айтуға болады.
2001 жылы маусымның 1-нде Минскіде ЕурАзЭҚ қатысушы елдер басшыларының отырысы өтті. Президенттер Қауымдастықтың өмір сүруіне қатысты негізгі құжаттарға қол қойып, бұрынғы одақтық интеграция тарихында жаңа бет ашты.
Сонымен қатар, 2003 жылдың қыркүйегінде Ялтада Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінің арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы Шартқа қол қойылды, бұл арада Елбасы Н.Назарбаевтың атқарған маңызыды ролін ерекше атап көрсеткен жөн.
Біртұтас экономикалық кеңістік төрт елмен шектелуінің себебі, Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінің экономикалық жүйелері біріздендірілген, және айқын реттелген, олар интеграциялық процестерге, бір-бірімен кен түрде экономикалық байланыстар жасауға дайын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысуын ерекше атап өткен жөн. Бұл аймақтағы жетекші ұйымдардың бірі ретінде ұйымның аймақтық жүйедегі интеграциялық бірлестік ретінде маңыздылығының арта түсуін көрсетеді.
Бүгінгі таңда ШЫҰ мемлекетаралық ынтымақтастықтың саяси және экономикалық салаларында негізгі тірек ретінде қарастыруға болады.
ШЫҰ мемлекеттерінің құрамы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл ұйымның күшеюі үшін мүмкіндіктерінің зор екенін байқауға болады. 2001 жылы «Шанхай бестігі» Шанхай ынтымақтастық ұйымы болып қайта өзгергеннен кейін, құрылған бірлестік мүше мемлекеттердің мүдделерін қорғауда өз өсуінің маңыздылығы мен ықпал ету бағыттарын айтарлықтай күшейтті.
Сондай-ақ, мүше-мемлекеттер құрамын арттыру, яғни, Үндістан, Пәкістан және т.б. мемлекеттердің ұйым құрамына кіруі Шанхай ынтымақтастық ұйымының болашақта ғаламдық шеңбердегі бірлестікке айналатынына көз жеткізуге болады.
ШЫҰ құрамына кіретін мемлекеттердің нәтижелі қызметтерінің арқасында, ұйым саяси форумнан біртіндеп нақты шараларды шешуге бағытталған саяси-экономикалық мінездегі ұйым сипатына бет бұруда.
Бұған дәлел ретінде, 2005 жылы Астанадағы саммитте қабылданған шешімдерді мысал келтіруге болады. Бұл жерде ерекше бір атап кететін мәселелердің бірі, ғаламдық және аймақтық көлемдегі қауіп-қатердің арта түсуі маңызды болып тұрған шақта мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін ұйым шеңберінде кешенді түрде қамтамасыз ету. Яғни, Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі де, соңғы уақытта күшее түскен қауіп-қатерлерге жұмыла тойтарыс беру болатын.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы негізінде біртіндеп қауіпсіздік альянсі құрылғаны аймақ мемлекеттері үшін оңтайлы болар еді, ол аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз үлесін қосары сөзсіз.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің басшылары бас қосқан Астана саммиті көрсеткендей, ұйым мүшелері ынтымақтастық пен кооперацияны одан әрі дамытуға және қолдауға ниеттес екендіктерін көрсетті, бұл деген қарастырып отырған ұйымның даму мүмкіндіктерінің ауқымды екенін айғақтайды.
Жалпы, айта кететін жәй, әлемдік тәжірибеде интеграциялық процестер, егер мемлекеттер оған өз еркілерімен кіріп, қоғамның маңызды институттарын жетілдіру мен азаматтардың әл-қуатын көтеруге мақсатталған келісілген шешімдерге ілесуге дайындығын білдірсе дұрыс нәтижелер береді.
Әлемдік экономика жүйесіне кірігу бұрынғы одақтық кеңістікте бастамаларымен шектелмеген. Жас және тәуелсіз мемлекеттерінің негізгі басты бағыттары болып халықаралық экономикалық жүйенің мәнді субъектілерімен – халықаралық ұйымдармен – құрылымдық және өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру.
Бұл бағытта Н.Назарбаев маңызды роль атқарды. Ол Қазақстанның қазіргі әлемнің бірінші қатарлы қаржы және экономикалық институттармен қарым-қатынасты белсендіртті, өйткені бұл тұрақты экономиклық өрлеудің маңызды жағдайларының бірі.
Мұндай ұйымдардың істеріне қатысу Қазақстанның әлемдік нарықта позицияларын арттыруға, сыртқы сауданы ұдайтуға мүмкіндік береді, сыртқы қаржы берешегі мен ішкі ақша аударым мәселелерін реттеу үшін керекті қаржының келу келешегін жақсартады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жалпы реттеу жүйесіне тартылухалықаралық қауымдастықтардың жалпы нормалары мен ережелерінің шеңберінде сыртқы экономикалық қарым-қатынастың пайдалы тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың бөлек салаларының даму жобаларын жүзеге асыруға, несие мен қарыздарды алу көзқарасынан Қазақстан халықаралық ұйымдармен қызмет жасауға басым роль ұсынады. Халықаралық ұйымдар: Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропаның даму және қайта құру Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам даму Банкі.
Сонымен қатар, әлемдік Давос экономикалық форумымен қызмет дұрыс жолға қойылған. Бұл форум шеңберінде халықаралық инвестициялық қызмет, көлік жасау, энергетика, қаржы мен басқару, экология, ақпараттық технологиялар, табиғи ресурстар және аймақтағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты қатынастар дамыған.
2000 жылдың сәуірінде Алматыда ҚР Президенті мен Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бастамасы негізінде ұйымдастырылған бірінші халықаралық Еуразиялық Экономикалық Саммиті өтті.
Саммит Орталық Азия мен Кавказ аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне көңіл бөлмек. Алғашқы Саммиттің күн тәртібінде негізінен экономикалық мәселелердің жиынтығы талқыланды, олардың ішіндегі негізгілері: мемлекеттердің инвестициялық жағдайлары мен мүмкіндіктері, мұнай мен газ саласының даму болашағы, әлемдік нарыққа шикізатты тасымалдау, нарықтық экономиканың дамуы мен экономикалық өрлеуге жету, жеке меншік түрін ұлғайту, салық және кеден жүйелерін өзгерту, қаржы секторы мен ақпараттық технологияларды дамыту.
Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ) Қазақстан 1992 жылы шілденің 15-нде мүшелікке кірді. Қазақстанның қордағы мүшелігі сол кезде елдің экономикалық әл-қуатын бағалау негізінде белгілеген ХВҚ-ның 247,5 млн. СДР (ерекше қарыздық құқықтары) квотасымен анықталды.
Негізгі қайта қараудың он біріншісіне сәйкес квотаны 365,7 млн. СДР-ға дейін көтеру ұсынылды.
1993-1999 жылдар аралығында Қазақстан ХВҚ-нан 700 млн. АҚШ доллар сомасында қарыздар алған. Алтын-валюталық қорлардың өсуіне байланысты 1999 жылы Қазақстан 400 млн. АҚШ доллардан асатын сомаға несие алу құқығын пайдаланбай, ХВҚ-ның алдындағы 390,5 млн. АҚШ доллар міндеттемесін түгел өтеді.
Сонымен, 2000 жылы маусымның 1-нде 1994 жылдың сәуіріне бастап, еліміздің жалпы халықаралық резервтері таза халықаралық резервтерге тең болды.
Қазақстан келесі ұйымдарға мүшелікке кіруінің нәтижесінде: Халықаралық даму және қайта құру Банкіне, Халықарлық даму ассоциациясына, Инвестицияларды кепілдіру жөніндегі көпжақтылы агенттікке, инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа 1992 жылы және Халықаралық қаржы корпорациясына 1993 жылдың қыркүйегінде Бүкіләлемдік Банктің мүшесі болды.
Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы мақсаты – экономикалық реформалардың Үкіметтік бағдарламаларын жүргізуде көмек көрсету. Реформалардың жалпы бағыты бойынша бүкіләлмдік Банк тобының стратегиясы екі бағыттың дамуына қатысты болып отыр. Біріншісі жеке меншіктің рөлі басым болатын экономикалық өрлеуге жәрдемдесу, екіншісі елдің әлеуметтік жүйесін қамсыздандыру мәселесін нығайту.
Бұған қоса, Дүниежүзілік Банк тобы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың ең ірі қаржы көзі болып отыр. 1993 жылдың басынан ХДҚҚБ Қазақстанға 21 қарыз берді, оның сомасы 1,8 млрд. АҚШ долларды құрады.
Бұдан басқа, ХҚК 214 млн. АҚШ долларын қарыз түрінде, акционерлік капиталда қатысу мен бес жоба бойынша кепіл ретінде берді.
Соған қоса, Бүкіләлемдік Банк Жапония Үкіметінің гранттарын ұсынды: институционалдық даму үшін 2,3 млн. АҚШ доллары мен жобаларды құруға 3,6 млн. АҚШ доллары.
1993 жылы Қазақстан Еуразиялық даму және қайта құру Банкінің мүшесі болды. Президент Н.Назарбаетың «Еуразиялық даму және қайта құру Банкіне мүше болу туралы» Жарлығы негізінде Қазақстан ЕДҚҚБ-нің жарғылық қорындағы әрқайсысы 100 мың экю тұратын 2300 акциясына (барлығы 26,8 млн. АҚШ доллар) жазылды.
Жалпы, Қазақстан Еуразиялық Банкімен қызмет жасаудың берік негіздеріне ие болып, жүргізілген нарық реформалары Банк басшылары берген оң бағаларымен дәлелденеді.
ЕДҚҚБ Ресей мен Орта Азия бойынша бизнес-тобының директоры Хьюберт Панза былай деп белгілейді: «Банк Қазақстандағы инвестициялық басым мақсаттарды қайта қарастырады, бұл Банктің 2005-2007 жылдарға жаңа стратегиясында белгіленеді. Банктің қайта қарайтыны – корпоративтік секторға агроөнеркәсіптік кешенінің және энергетикаға байланысты инвестициялардың құрылымы.
Инвестициялық акценттің жылжуы Қазақстандағы экономикалық басым мақсаттардың өзгеруіне байланысты. Қазақстан өзінің экономикасын диверсификациялау жолында тоқтап қалмауында біз де мүдделіміз, және шикізаттық емес салаларға ақша салуға дайынбыз. Біз бұл бағытта үлкен әлеует көріп отырмыз.
Қазақстанда қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. Экономикалық өрлеудің жоғары қарқындары, саяси тұрақтылық пен мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар бізге Қазақстанға салынып жатқан ЕДҚҚБ-нің инвестициялар көлемі өсе беретініне дәлел болып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық позициясын күшейтуде республикада халықаралық инвесторлардың нәтижелі жұмысына керекті инвестициялық жағдайларды жасауда Н.Ә.Назарбаевтың ролін атап өткен жөн. Президент бастамасы бойынша Қазақстанның Шетелдік Инвесторлар Одағы құрылды, ол ЕДҚҚБ мен Қазақстанның ірі он инвесторларынан тұрады.
Азия Даму Банкіне (АДБ) Қазақстан 1994 жылы қаңтардың 19-нда мүшелікке өтіп, акциялардың мөлшеріне қарай 14-ші орынды иеленіп, қатысушы елдердің жалпы тізіміндегі 20-шы орын алды. АДБ-ның қызметі: республикалық және аймақтық деңгейдегі реформалар, адамдық ресурстарды дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, көлік-коммуникациялық инфраструктураны дамыту.
АДБ үшін Қазақстан экономикасы үдемелі дамып жатқан ел. АДБ-нің Қазақстандағы өкілеттілігінің директоры Казухико Хигучи былай баяндайды:
«Қазақстан өзінің экономикалық жүйесін өзгерту мен макроэкономикалық тұрақтылықты орнықтыруда үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ, қазір даму стратегиясының жаңа басым мақсаттарын анықтау кезі келді, бұлардың нәтижесінде Азияның басқа елдерінде экономикалық ғажап болды.
АДБ-ның ойынша, белгілі нәтижелерге иеленген мемлекеттер тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болады.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның Ислам даму банкісімен қызмет жасаудың берік негіздері салынған. Бұған байланысты Қазақстан экономикасының басым салаларындағы ИДБ-мен құрылған келісімдерді белгілеп көрсете аламыз: Қарағанды – Астана автожолын қайта құру жобасын қаржыландыру туралы 20 млн. АҚШ доллар, Қазақстанның жеке секторды дамыту туралы Исламдық корпорацияға кіруі, ИДБ жағынан Қазақстанға 15 млн. АҚШ көлемінде несие беру туралы, және т.б.
Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен қызмет жасауды іске асырудан басқа, Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының мүшесі болуына ынтасын да айта кету маңызды.
Қазақстан Президенті БСҰ-ға Қазақстанға сәйкес болатын экономикалық жағдайда кірудің қатаң жақтаушысы болып табылады. Оның айтуынша: Қазақстанның БСҰ-ға кіру беталысының соңынан ерумен белгіленбейді, ол елдің кейінгі дамуының керектігімен белгіленеді.
Біздің болашағымыз өрлеуге байланысты, ал бұл өрлеуді бір қалыпта ұстап тұру үшін біз жаңа нарықтарға, сонымен қатар, басқа елдердің де нарықтарына шығуымыз керек.
Соған байланысты, мына фактіні ескеру қажет, бүгінгі күні БСҰ Қазақстан үшін өзіндік мақсат емес, ол елдің экономикасын алға итеруші, әлемдік қауымдастықта оның жоғары дамыған мемлекет ретінде бекітудің құралы.
БСҰ-ның 135 мүше-елімен сауда-саттық қатынастары іске асып жатқан республика үшін бұл ұйымға кіру БСҰ-ның мүше-елдерімен сауданы дамыту, инвестицияларды (қайта өңдеу өнеркәсібінің жоғарғы сатыларын дамытуға кететін) қатыстыру негіздерде орайлы режим алу үшін, сауда дауларын дискриминациялық емес түрде шешу мүмкіндіктері үшін.
Өткен кезең ұлттық заң жүйесін БСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкестендірудің күрделі жұмыстарын өткізу уақыты болды. БСҰ-ға кіруден болатын зардаптарын сараптау жүргізілді, секторлар бойынша ортақ мерзімді және ұзақмерзімді перспективалар негізінде: ауылшаруашылығы өнімдерін шығару мен қайта өңдеу, таулы-метталлургиялық комплекс.
Бүгінгі күні еліміз шеттен әкелушілер мен шетке әкетушілерге қызметтің тұрақты және болжамды жағдайлар жасай алатын халықаралық құқықтық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін алуда. Бұның бәрі, әрине, болашақта экономикалық өрлеуге жеткізері сөзсіз.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның әлемнің экономикалық жүйесіне интеграциялану процесінде зор және маңызды роль атқаруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет