қайталау. Қайталау тәсілі ертегіде үш түрлі мақсатпен қолданылады. Біріншісі – қаһарман кездесетін қиыншылықтарды күрделендіре түсу, сол арқылы образдың батырлық тұлғасын көтеру үшін; екінші – ретардация, яғни оқиғаны баяулату үшін, үшіншісі – ертегінің ауызша таралуына байланысты оның ұмытылмастай болып жақсы ұғылып, есте қалуы үшін пайдаланылады. Көптеген ертегілерде кейіпкердің алдынан кездесетін әр түрлі бөгеттер бірнеше қайталанып келеді, әсіресе үш рет қайталанып отыру жиірек ұшырасады72 және әрбір жаңа бөгет бұрынғысынан әлдеқайда қиын әрі күрделі. Қаһарман осының бәрінен де әрқашан аманесен өтіп отырады. Мысалы, «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде кейіпкер алтын мүйізді киік ті ұстап алып оны ханға сыйға тартады. Сараң хан алғыс орнына оған біріненбірі қиын үш түрлі тапсырма береді. Алдымен баланың өзі алып келген киіктің астына қоятын алтын тақты, одан кейін белгісіз елден алтын ағашты, ең соң ында күн астындағы Күнікей қызды әкелуге жұмсайды. Міне, мұндай қайталаулар ертегіде, бір жағынан, геройдың орындар ісінің қиындығын көрсетсе, екіншіден, осы арқылы қарапайым халықтан шыққан адамды ардақтау мақсатын көздейді. Ертегідегі қайталаудың басқа бір түрі – қимылоқиғаны баяулату үшін қолданылатын ретардация дедік. Ретардация жағдайында бүтіндей эпизодтар, кейде тіпті ертегінің бүкіл мазмұны түптүгел қайталанып отырылады. Мысалы, «Арман тас» атты ертегіде қыз өлген адамның қасында оны тірілту үшін 40 күн, 40 түн отырады. Қыз шаршаған кезде, оны мыстан кемпір ауыстырады. Қыз демалу үшін далаға шығады. Осы сәтте өліп жатқан жігіт тіріледі де, «Сені мен тірілттім», – деп айтқан мыстан кемпірге үйленеді. Қыз өзінше қалады. Мыстан кемпір қыздың көзін жоюды ойлайды. Мыстанның бұйрығымен жігіт қызды өлтіріп, күлге көміп тастайды. Күлден ағаш өсіп шығады, кемпір ағашты шауып тастауды бұйырады... Ақыр аяғында қыз тіріледі. Жігіт базарға жүрерінде, қыз оған арман тасты әкелуді өтінеді. Жігіт әкеліп береді, қыз тасқа барлық өмір тарихын айтады, тас оны растайды. Сонда әлгі арман тасты алдына қойып көп сөйлейді: – Әй, арман тас! Мен кедейдің жалғыз қызы екенім рас па? – деді. – Иә, рас, рас, – деді қозғалып, шәугімдей болды кеуіп». Міне, өстіп әрі қарай қыз өзінің басынан кешкен жайттарды түгел қайталап шығады. Тас мақұлдайды. Мұндағы қайталаудың мақсаты – баяндауды баяулату және сол арқылы ертегіні жадында сақтап қалу. Сондайақ мұндай қайталау оқиғаның тыңдаушыға психологиялық әсерін күшейтеді.