1. Лингвофольклортану.
Фольклортанушылар я болмаса әдебиеттанушылар ауыз әдебиеті туындыларын талдағанда образ, кейіпкер, сюжет, композиция, тақырып пен идея т.с.с. санаттарды саралайды, көркемдік іздегенде, негізінен, фигуралар мен троптарды тіркемелеумен шектеледі. Ал тілтанушылар фольклордағы тілдік фактілерді таза лингвистикалық санаттардың қарамағына енгізумен шектеліп келеді. Сондықтан қазақ фольклоры мен оның тілін зерттеу аса толымды нәтижелерге қол жеткізе алмай келеді. Міне, осы жеткіліксіздіктен келіп лингвофольклортану мәселесі дербес мәселе болып ғылым алдына тартылады. Қазақ лингвофольклортануы филология ғылымында дербес пән бола алады. Мұны ғылымтану қағидалары да растай түседі.
Фольклортану, бұл – ең алдымен фольклорлық туындыларды жинау, жіктеп-топтау және кешенді талдау. Фольклоршының ісі жанды фольклорлық сөзбен жүреді. Осыған орай оның қарекеті түздік жұмыстармен, дәстүр иелерімен, орындаушылармен тікелей бетпе-бет жүздесумен байланысты болады. Ал лингвофольклортану, бұл – фольклорлық мәтінді, нақтырақ айтқанда, фольклорлық мәтіндер корпусын филологиялық әдістермен зерттеу. Фольклортанудан лингвофольклортанудың айырмашылығы лингвофольклортанушының таңбаланған фольклорлық сөзбен жұмыс істейдігіндігінде» [7: 87]. Демек, мұндай зерттеулерде фольклорлық мәтін санаты негізгі тұғыр болуға тиісті.
Лингвофольклортану қол жеткен жетістіктерді қорыта пайдалана отырып, әр түрлі паралингвистикалық, экстралингвистикалық және интралингвистикалық аспектілерді түйістіруге тиіс болады.
Лингфольклортанудың зерттеу міндеттері:
- қазақ фольклорындағы тілдік феноменологияны іздеп табу;
- фольклордағы әлемнің тілдік бейнесін айқындау;
- қазақ фольклорын тілдің аккумулятивтік қызметі тұрғысынан зерттеу;
- қазақ фольклорлық мәтіндерінің қазақ әдеби тілінің тарихындағы орнын анықтау;
- қазақ фольклоры мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктерін талдау, топтау, жіктеу;
- қазақ фольклоры мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктерін талдау, топтау, жіктеу;
- қазақ фольклоры мәтіндерінің стильдік ерекшеліктерін талдау, топтау, жіктеу;
- қазақ фольклорын мәтінтану тұрғысынан талдау;
- қазақ фольклоры мәтіндері мен Қазақстандағы басқа ұлттардың фольклоры арасындағы интертекстуалдық байланыстарды ашу;
- әлемнің фольклорлық-тілдік бейнесін тұғырлау;
- қазақ фольклоры мәтіндерін пәнаралық (психолингвистикалық, когнитивтік, коммуникативтік, семиотикалық, лингвомәдени) тұрғыдан зерттеу. Лингвофольклортануды ғылым саласына өз арнасымен енгізетін тағы бір құбылыс – «танықтық» пен «анықтық» ұғымдары.
Фольклор тілін зерттейтін арнаулы ғылыми пән қажеттігі халықтық-поэтикалық туынды элементі ретіндегі фольклорлық сөздің табиғаты туралы жаңа білім беретіндігінен ғана емес (мұның түйінді мәні бар), арнаулы ғылыми пәннің ауызша поэтикалық сөзге басқаша, интеграциялық, әдістанулық және әдістемелік ыңғай іздеумен де байланысты. Фольклор тілін зерттеушілерге қажетті шығармашылық күштерді түйістіру, тиімді әдістер мен әдістемелерді іздеу, пролбемаларды нақты қою – лингвофольклористиканың дербес бола алатынын растай түседі.
Қазақ филологиясында фольклор, негізінен, әдебиеттанулық тұрғыдан қаралып келеді. Ауыз әдебиеті мәтіндерінің тілдік тұрғыдан зерттелуі дәстүрлі парадигмалар шеңберінде және жекелеген шығармалар деңгейінде, яғни, белгілі бір жеке туынды ғана нысанға алынған да, ондағы құрылымдық-семантикалық бірліктер ғана (троптар мен фигуралар, стильдік сипаттар) тіркеліп, талданған. Бұған Е. Жұбановтың «Эпостың тілін зерттеудің кейбір мәселелері және «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының лексикасы» сияқты еңбегін жатқызуға болады. Ауыз әдебиетінің тілін зерттеуде өзіндік жолы бар ғалым Қазақстанда көп емес. Бұл мәселеге іргелі зерттеу жасаған – профессор Е.Қ. Жұбанов. Оның еңбектерінде эпос тілін зерттеудің интралингвистикалық аспектілері толық қамтылады: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілдік ерекшеліктері; эпикалық жырлардың тілдік-көркемдік ерешеліктері; ауыз әдебиетінің тілі мен қазақ әдеби тілінің қатынасы; ауызша сөздің диалектіден үстем формалары, «Ауызекі поэзия тілін зерттеудің лингвистикалық аспектілері» қарастырылады, кейін ғалымның бұл тақырыптағы еңбектері кітап болып шықты , ал паралингвистикалық, экстралингвистикалық аспектілерді қарастыруды ғалым мақсат етпеген.
2. Әдістер
Кейіпкерді айрықша даралап көрсетуге ертегінің стилі мен әр түрлі көркемдік әдістердің де атқаратын ролі зор. Басқа халықтардың ертегілеріндегідей қазақтың ертегілерінде де өтемөте тұрақты және кең тараған әдістер
Достарыңызбен бөлісу: |