1. Үлкендер Қодар жайын айтып отырғанда Абайдың есіне кім келді?



Дата18.12.2022
өлшемі18,55 Kb.
#57953
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


II нұсқа
1. Үлкендер Қодар жайын айтып отырғанда Абайдың есіне кім келді?
Б. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырындағы Қодар
2. Бөжейдің руы
Б. Жігітек.
3. Құнанбайдың руы
А. Ырғызбай
4. Қодарды жазалау үшін шариғат қандай жаза берді?
Ә.Дарға асу
5. Қодар жайын Құнанбай бетіне салық қылған кім?
А. Солтанбай төре
6. Абай оқыған оқу орны
Б. Ахмет Риза
7. Абай қалада қанша уақыт болды?
Ә. 3жыл,6ай
8. «Не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші!» - деп Құнанбай кім туралы айтқан?
Б. Оспан
9. Майбасардың «шаш ал десе, бас алатын» атшабары
Б. Қамысбай
10. Қодардың қайтыс болған жалғыз ұлының есімі
Б. Құтжан
11. Қодар мен Қамқа сорына шын себепкер болған кім?
А. Жетпіс пен Жексен
12. Қодар өліміне Абайды ертіп келген кім?
В. Жиренше
13. Жиренше Абайды қалай атаған?
А. Текебай тентек
14. Жиреншенің тазысы
Б.Желқұйын
15. «Ұраңқай», «абылайша», «жаппа», «итқара» деген ненің атаулары?
Ә. Кішкене, тар үйлердің
16. Көшу сапарында балалардың ойнайтын ойыны
Ә. Ауыл-ауыл, күрке-күрке
17. Еркек атаулы көш бойында ұмтай жүретін қарулары
В. Найза, сойыл, айбалта
18. Жайлауда Құнанбай ауылының көбірек отыратын ошағы
Ә. Ботақан
19. Денесі бір аралық кйіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Кімнің портреті?
Б. Абай
20. Әжесі Абайға айтқан ертегілерінің бірі-
Б. Құла мерген
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», - деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар - барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза - Құнанбай» - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? - деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» - деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы - Құнанбай» - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « - Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» - деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» - деді.[7]
«Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырадыДәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» - деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» оқырман алғаш рет Құнанбайға кезелген шиті мылтықтың шүріппесін басқалы жатқан жерінен көреді. Бұл пиғылдан оны Бөжей қайтарып, Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап қалады.

 «Мен,- дейді Базаралы,- Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым. Тіпті онан әрі батыл, бекем ұра берсең, тікейіп тұра бере алмай, омақаса жығылып, өлуге де бар екенін таныттым». Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі Һәм жүректестігі - халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы.
«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет