1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен



бет15/33
Дата12.07.2022
өлшемі292,26 Kb.
#37605
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
эссе жинақ 2022 ж

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет
Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.


49 БІЗ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ
Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын.
Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып жүр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы ұлттық кодты сақтай отырып өзгерту, жаңғырту. Ал сананы өзгерту бір күннің немесе бір жылдың аясына сыймайтыны тағы белгілі. Тіпті күнделікті дағдыңызға өзгеріс енгізу үшін өзіңізбен өзіңіз күресесіз. Адам шын ниеттенсе, мақсатына жетпей қоймайды. Сондықтан да «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген мақал біз айтқан ойды айқындай түседі.
Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Мен әлемді өзгертемін» атты видеоролик жабық конкурсын өткізді. Аймақтағы барлық аудан, қала мектептерінен қатысқан оқушылардан 26 жұмысы сарапқа салынды. Байқаудың мақсаты – сананың ашықтығын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, қоғам жайлы ойларына түрткі болу, идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.
Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық туындыларын №2 «Мұрагер» мектебінің киностудия режиссері Жеңіс Сүйіндіков, педагог-психолог, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, қалалық оқушылар сарайының әдіскері Ақтілек Темірбайұлы қарап, бағасын берді.
Қазіргі уақытта білім алу, білімді болу трендке айналды. Қарап отырсаңыз, шетелде оқу Қазақстандағы білім алудан әлдеқайда арзан. Сондықтан балаларды оқуға, білімге үйрете берген дұрыс. Оқушының олимпиадаға, конкурстарға қатысуына кедергі жасамай, оларға ой салып, бағыт сілтеп отырса, жақсы нәтижеге жетеді. Балаға жақсы атаулыны көрсетуден жалықпауымыз керек.
Әсіресе ақпараттық технологияны меңгеру – бүгінгі күні табыс көзі. Ал білімді табысқа айналдыру үлкен жетістікке жетелейді.
Әрине, әлемді өзгерту – өзекті тақырып. Сондықтан да оқушылардың белсенділік танытып, байқауға қатысқаны қатты қуантты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.
Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа білім берумен қатар, олардың бәсекелік қабілетін, санасына озық тәжірибелерді сіңіре білуге үйретуден еш ұтылмасымыз анық, – деді марапаттау салтанатында сөз алған «Тәрбие және білім» бөлімнің басшысы Әлима Әбдіхалықова.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалған, №2 «Мұрагер» мектебі киностудиясының режиссері Жеңіс Сүйіндіковтің айтуынша, байқауға келіп түскен видеороликтер тақырыпқа сай және оқушылар тың идеяларымен қуантты. Бастысы – шынайы еңбек еткендер жеңіске жетті.Жақсылық жасау арқылы қоғамды өзгертуге болатынын білдірген қатысушылардың жұмысы бізді қуантты. Балалардың конкурсқа
қатысу белсенділігі өте жоғары. Осындай өзекті тақырыпқа конкурс ұйымдастырған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығына ерекше алғысымды білдіремін. Балалардың біреуді қайталау, еліктеу дегенге түсіністікпен қарап, оларды қолдай білсек, келешекте керемет идеялар дүниеге келері сөзсіз. 
Қазақстанда алғаш рет «Мұрагер» мектебі жанынан ашылған киностудияға қатысушы оқушылар болашақ мамандықтарына таңдау жасап та үлгерді. Сондай-ақ, оқушылар бос уақыттарын текке кетірмей, өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп, өздері жаңалық жасаға ұмтылуда. Алдағы уақытта осындай мектеп студиялары көбейетіні сөзсіз. Осы орайда жастардың шығармашылық ізденістеріне дұрыс бағыт беру ғана жетіспейтінін айтқым келеді.
Конкурста 1-орын алған А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы Бисембаев Нұрдәулет «Қазіргі қоғамда балаларға зорлық-зомбылық жасау көбейіп кетті. Егер балаларды ешкім қорламаса, ұрмаса, соқпаса, онда бүкіл әлем мейірімге толар еді. Біз видеороликте осы ойымызды жеткізгіміз келді. Мен балаларды зұлымдықтан қорғағым келді, - дейді.
Бізді байқауға қатысушылардың қоғамды өзгертуге талпынған ойлары қуантты. Зұлымдық пен зорлық – адамзат баласына жат нәрсе. Соған қарамастан ең ауыр зорлықты адамдар жасайтыны да ащы шындық. Әсіресе соңғы жылдары балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстық оқиғалар азаймай тұр. Нұрдәулет өзінің видеоролигінде балалар арасындағы қатыгездікті көрсете отырып, оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндіргісі келген. 
Ал 3-орын иегері №273 мектептің оқушысы Жұмаділов Бағдаттың айтуынша, адамдар қоқыс тастамаса, табиғатқа зиян жасамаса, әлем өзгеретінін айтады. Біз бәріміз таза жерде, таза қалада тұрғымыз келеді. Алайда көшеде шашылған қоқысты өздігімізден жинауға құлықсызбыз. Егер адамдар күнделікті тұрмыста қоқыс жинауға дағдыланса, онда біздің айналамыз да, табиғат та тамаша болар еді.


50 НЕЛІКТЕН МҰҒАЛІМГЕ КӨП ОҚУ КЕРЕК?
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін - өзі жан - жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден - бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс - әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", "Келешекте іс - тәжірибемді қалай жақсартамын?" деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы "дәстүрлі" сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогінің - "рефлексивті практик" деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог - өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, біз өз - өзімізді дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу - тәрбие жұмысындағы әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл - ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл - әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс - тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психолого - педагогикалық, ғылыми - пәндік білім - біліктің мәдени - адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми - кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс - әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс - әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер - ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Ойымды қорыта келе мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия - манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.

51 БЕЙНЕ ОЙЫНДАР ДА БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУІ МҮМКІН


Ойын баланың миын дамытуға қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Тығылмашақ және алақай-алақай сияқты қарапайым ойындар дамып келе жатқан сәбилердің миында миллиондаған байланыс орнатады! Сол себептен кішкентайлар оларды қайта-қайта ойнаудан шаршамайды! Ойын баланың миын қалай дамытатынын білу үшін ата-аналар үшін жаңа мастер-классты қараңыз. Джек Шонков, Гардвард университетінің нейрофизиологы баланың миының дамуы үшін ойынның маңыздылығын толығырақ түсіндіреді:
Сіз баламен өзара әрекеттесудің ең маңыздысы – бұл онымен бірге ойнау екендігін білесіз бе? 
Балаңыздың миын дамыту өте күрделі болып көрінуі мүмкін, енді бойыңызды еркін ұстаңызда, терең дем алыңыз. Бала тәрбиесі – бұл ғылымнан гөрі өнер болар. Менің атым Джек Шонков және бұл менің ойын арқылы балаларыңыздың миын дамыту жайлы шағын шеберлік сабағым.

  1. Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы жылдары неліктен өте маңызды?

Бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, өйткені кішкентай бүлдіршіндердің алатын тәжірибесі және олардың жақын адамдарымен қарым-қатынасы олардың миын түгелімен дерлік қалыптастырады.
Және осы ерте шақтағы қалыптасу баланың оқуы мен мінез-құлқына, физикалық және психикалық денсаулығына өмір бойы әсер етеді. Бала өмірінің алғашқы жылдарының маңыздылығы өте зор.

  1. Бала миын дамыту үшін ата-ананың жасай алатын ең маңызды шарасы қандай?

Баланың және әсіресе кішкентай сәбидің миын дамытуға ықпал ету үшін кез-келген ата-ананың қолынан келетін ең маңызды ісі – бұл бөбегін танып-білу, оның беретін белгілерін түсіну, біздің «беру мен қайтару» деп атаған қарым-қатынасты құруды үйрену.

  1. «Беру мен қайтару» деген не және ол неге ұқсайды? 

Беру мен қайтару – бұл ойын сияқты.
Мен озып келемін! 
Беру мен қайтару деген осы; уақыт өте келе және тәжірибеленген сайын, нәтижеңіз жақсара түседі. 
«Беру мен қайтару» ойыны екіжақты болып табылатын өзара әрекеттесудің маңыздылығын айқын көрсетеді. Бала «береді» - жымияды, былдырлайды, ымдайды, ал ересек адам оған «қайтарады» - баланың жасаған іс-қимылын қайталап көрсетеді. Бала дыбыс шығарады және сіз де оған жауап ретінде сол дыбысты қайталайсыз. Бала бір затты қолымен көрсетеді, сіз де сол затқа қарап қолыңызбен көрсетесіз. Ойынның мәні осы. Бұл екі бағытта жүреді. Баланың өзі бастауы мүмкін. Ата-анасы да бастай алады. Негізгісі - сіздің қалай жауап беруіңізде. 
«Беру мен қайтару» бірінші талпыныстан істеп кетуі міндетті емес. Бірақ іс жүзінде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым оңай бола түседі.

  1. «Беру мен қайтару» бала мен ата-ана арасындағы ойынмен қалай байланысты?

Өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын – бұл жаңа нәрсені тану. Ойын – бұл жаңа нәрсені байқап көру. Ойын – егер сен тағы бір іс-әрекетті жасасаң, не болатынын анықтау. Ойын – бұл әлемнің асылын құшуға талпыныс. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның арқасында жүзеге асырылады. 
Көп ойнау, кішкентай бала мен ата-ана арасындағы көп өзара әрекеттесу «беру мен қайтару» санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды.

  1. Ата-аналарға «беру мен қайтаруды» қалай ойын түрінде жүргізуге кеңес берер едіңіз?

Мен «Беру мен қайтару» идеясын жеңіл, жылы шыраймен және еркін жасайтын нәрсеге айналдырар едім. Сіз баламен оны тамақтандырғанда, киімін ауыстырғанда, оны шомылдырып жатқанда ойнауыңызға болады. Ересек адамдар мен балалардың өзара қарым-қатынасында ойын мен үйрету үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Баланың күлкісіне жауап ретінде жымиғанда және олармен ойнағанда, ата-анасы баланың миында жаңа нейрон байланыстарын құратындығы жайлы ата-аналардың түсінуіне көмектесу керек.

  1. Баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қалай ойнау керек?

Бала нәрестелік кезден бастап көрнекі түрде, сонымен қатар дыбыс арқылы өзара әрекеттесу: баланың көзіне қарау, осындай жеке байланысты орнату, баланың сезімдеріне жауап қату - балалар үшін өте маңызды.
Олардың кейбіреуіне мыналар жатады. Тығылмашақ – сіз бетіңізді жабасыз. «Балақай қайда екен? Ол осында». Алақай-алақай. «Бала үлкен бе екен? Қандай үлкен!» Ең жақсы ойындар баланың өсуіне мүмкіндік беретін эмоционалды қауіпсіздік сезімін тудырады. Сіз бетіңізді матамен жауып, тығылмашақ ойнаған кезде балалар осы арқылы үйренеді.
Сіз осылай істеген сайын, балаңыз неге мәз болады? Біріншіден, бұл өзара жеке әрекеттесу, бұл рахаттану сезімін сыйлайды. Екіншіден, бала заттардың жоғалып, және қайта пайда болатындығы жайлы, және олардың қай кезде болмасын өмірде бар екендігі жайлы тұжырымдаманы ұғына бастайды.
Егер бала бұны қайтадан қайталығысы келсе, оның себебі бар. Және де оның себебі - баланың миы: «Мен мұны меңгеріп жатырмын. Осының арқасында мен көп нәрсені үйренудемін. Мен осы процестен ләззат алудамын» деп хабар бергені. Өзіңізден сұраңыз: менің балам не істегенді ұнатады? Сосын сіздің ойыңызша бала неге мұны ұнататындығын өзіңізден сұраңыз? Жауабы қашанда мынадай: «себебі бұл менің баламның миын дамытуға көмектеседі».
Кей ата-аналар балаларының компьютер және түрлі гаджеттерде ойын ойнауына қарсы. Олар ойындарды баланың миын сұйылтып, оның уақытын босқа алатын, іш пыстырарлық бағдарламалар деп ойлайды. Иә, әрине біздің балалық шақта мұндай ойындарды көрмедік. Сол себепті ме компьютер ойындары бала дамуына кедергі келтіретін дүние боп көріне береді.
Бірақ, мамандар бұл ойыңызбен келіспейді. Егер, компьютер ойындарының мөлшерін білсек бала дамуы үшін ол өте пайдалы дүние. Не себепті екенін төменде түсіндіріп өтуге тырысатын боламыз.
Әртүрлі тамақтың ағзамызға түрлі дәрумендерді бергені сияқты түрлі жанрдағы электрон ойындары да өзіне тән әсер ету күшіне ие. Компьютер ойындар тарихындағы ең танымал ойындардың бірі – Марио атымен белгілі кейіпкердің қызықты саяхаттары. Кейіпкер шаршау дегенді білмей, баспалдақтан баспалдаққа мініп түсе береді, платформадан платформаға секіріп ұпай мен түрлі сыйлықтарды жинайды. Мұндай ойындарды платформерлер деп атайды. Осы ойынды ойнаған балаларда елгезектік, стратегиялық жоспар құру қасиеттері күшейген екен.

52 БІЗ БАЛАЛАРМЕН ЕРТЕ ЖАСТАН БАСТАП ЕСІРТКІ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСУІМІЗ КЕРЕК ПЕ?


Нашақорлық қазақ қоғамында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетін едік. Ал қазіргі халіміз мүлде басқа болып барады. Жүрегіміз жақсы мен жаманды ажырату қасиетінен айырыла бастаған ба, қалай өзі? Абай заманында «тәйт» десе тыйылатын тәрбиеден де мақрұм болып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, жасөспірімдер арасында жылдан-жылға белең алып бара жатқан нашақорлыққа әуестікті қалай түсіндіруге болады?
Жасөспірімдер есірткіге әуес. Неге? Бүгіндері нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Мәселен, елімізде 5 мыңға жуық жасөспірім есірткі тұтынады. Оның ішінде ең жасы 7 жаста. Иә, нашақорлықты әліппемен танысатын жастан бастап қолданатын болса, тартар жүгіміз ауыр екен. Бесіктен жаңа шыққан баланың есірткіге әуес болуына не себеп болып отыр? Бұл жағдайдың мамандар психологиялық астары бар екенін айтуда. Әсіресе, отбасындағы психологиялық ахуал, қарым-қатынастың төмен болуы, бала тәрбиесіндегі кемшіліктер көбіне жасөспірімдерді назардан тыс басқа әре­кеттерге апарып соқтыруда. Нарық заманы келгелі бала тәрбиесінің де басқа сипат алғаны аян. Балаға тәрбиені қара жәшік, я болмаса көше беруде. «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп хакім Абай айтқандай, азғындықты насихаттайтын шектен тыс ақпарат арнасымен балалар күнде бетпе-бет келеді. Бірінің-бірі аузына түкіріп қойғандай ішімдікті, нашақорлықты және т.б. азғындықты насихаттайтын арзан кинолар легі молайған үстіне молая түсті. Міне, осындай мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зор­лық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жас­өс­пірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғы­дай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбіне­се күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда. Осы тұрғыда бала тәрбиесіне қатысты бірнеше психолог мамандарды әңгімеге тартқан едік. Мәселен, балалар психологы Гауһар Шажияева былай дейді: «Расында, жасөспірімдер арасында белең алып отыр­ған есірткіге әуестіктің бірнеше психология­лық себептері бар. Мәселен, жасөспірімдер мен жастардың психологиялық ерекшелік­теріне келсек, 11 және 15 жас арасындағы бала­лар түрлі әлеуметтік рөлдерді тәжірибе­леуге бейім, басқа сөзбен айтқанда, «өзін тексеріп көргісі» келеді, мінез-құлықтары жиі қайшылықта, тез шамданғыш болады. Бұл жас кезеңде балалар басқалардың қатесі арқылы үйренгісі келмейді, бір жағынан олар бәрін өздері көріп-білуі тиіс деп есептейді, ал екінші жағынан, олар әлеуметтік топтың, құрдастарының ықпалына тез түседі. Жасөспірім тезірек ересек болғысы, бәрін көріп-білгісі келеді және достарының арасында өзін кемел­ді сезініп, «модадан» қалғысы келмей­ді. Сонымен қатар ол басқалардан артық болғысы келеді. Жастар жиі әділетсіздікке шыдай алмайды. Әртүрлі жағдайлар оның жанын жаралайды. Осындай себептермен жастар есірткіге тезірек беріледі». Ал Алматы қаласындағы №172 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ғабит Да­йыновтың пікірінше: «Бүгінде Дүниежүзі бойынша өзіне-өзі қол жұмсау, нашақорлық секілді жаман әдеттер күрт өсіп барады. Өзге елдерді былай қойғанда, өзіміздің Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы на­шақорлық қарқынды түрде дамып бара жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Кейбір ресми мәліметтерге қарағанда, 1991-2001 жылдар аралығында ғана Қазақстанда есепке алынған нашақорлар саны 19 есе, ал есірткіден көз жұмғандар 12 есе, оның ішін­де кәмелетке толмағандар саны 42 есеге артқан көрінеді. Жалпы, бұл мәселелердің барлығы жасөспірімдер бойындағы рухани құн­дылықтардың аздығынан болып отыр десек, артық айтқандық емес. Жасөспірімдер тұрмақ, ересектердің өздерінде батыстық жат мінездер мен әдеттерге тойтарыс беретін рухани күшінің кемдігі анық байқалады. Сол себепті дәстүрлі бала тәрбиесіне қайта оралмай, балалардың есірткіден тыс басқа да рухани дерттерге бойұсынатыны анық». Яғни нашақорлық сияқты індеттерден жасөспірімдерді арашалаудың бір жолы мектептерде кешенді түрде бала тәрбиесіне оң әсерін беретін рухани сабақтар шоғырын көбейту керек деп отыр. Иә, осы айтылған пікірлермен келіспеуге болмас. Себебі бұл жағдайға бүгін барлығымыз жабыла жауап қатпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Айтылған жерден аулақ, әрине! Есірткімен жастық шағын улаған Наталья есімді қыз бастан кешкен соңғы 3 жылын былай баяндады: «Қазір мен жиыр­ма екі жастамын. Балалық шағым мен жастық шағым жұрттың бәрінікі сияқты дұрыс өтті. Жалғыз ғана кемістік, мен ерке-тотай болып өсіппін. Менде жаныңа не қажеттің бәрі, тіпті басқалардың қолы жете бермейтін дүниенің бәрі болды. Мүмкін нақ осы жағдай менің он тоғыз жаста есірткімен әуестенуіме себеп болған шығар. Әлі есімде, ол кезде сән агенттігінде жап-жақсы жұмыс істеп жүргенмін. Табысым да жаман емес еді. Жұмысым өзіме ұнайтын. Біраз уақыттан кейін қыздар «кокаин» қабылдауды ұсынды. Мен оны татып көруге бекіндім. Шынымды айтайын, бастапқыда бұл маған ұнады. Бүкіл өне бойың рахаттана жылынып, басың шайдай ашылғандай күн кешесің. Бірте-бірте әлгі «сиқырлы ұнтаққа» тәуелді бола бастағанымды өзім де сезбей қалдым. Содан пәленің бәрі басталды ғой. Бір «доза» үшін біреуді өлтіруге дайын едім. Өйткені ағза есірткіні жиі-жиі талап етеді. Кейін ақшам таусылып, «қайыршылар азығы» дейтін героинге көштім. Ал менің мұңдастарыма келетін болсақ, олардың бірінің де өмірі оңбады, тағдыр соққысын көрді. Біреуі түрмеге түссе, енді біреуі өлді, тағы бірі сал болып қалды. Ендеше, қорытындыны өздеріңіз жасаңыздар, бұл істен еш жақсылық көргенім жоқ. Ал бұдан ары не болары тек бір Құдайға ғана мәлім». Есірткі – әлемдік бизнес Есірткі саудасы мен тасымал жолдарына тосқауыл қойылып жатқанымен, әлемдегі нашақорлық деңгейі бәлендей төмендей қойған жоқ. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі нашаға тым тәуелді адамдардың саны 30 миллионнан артқан. Соңғы кездері есірткінің синтетикалық жолмен жасалатын түріне сұраныс көбейіп барады. Бұған жалпы саны 50 миллиондай адам құмартады екен. Есірткінің әлемге барынша кең тараған түрі марихуана болып есептеледі. Оны әлемде 150 миллионнан астам адам пайдаланады. Ал кокаин мен апиынға 20 миллиондай адам­ның жаны құмар. Есірткі тұтыну жағынан Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні аймақтарының адамдары алда тұр. Ал оны өндіруші әрі тасымалдаушы аймақ ретінде Орталық Азия елдері ерекше аталады. Кейбір деректерге сүйенсек, Ауғанстан әлемдегі наша өндірісінің 90 пайызын бір өзі қамтиды. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша соңғы жылдары Ауғанстандағы апиын-шикiзат өндiрiсi 3 есеге жуық өскен (2002 жылғы 3-4 мың тоннадан 2008 жылы 10 мың тоннаға дейiн). Әйткенмен, Ауғанстандағы есірткі өндірісіне қажетті син­тетикалық материалдар осы аймақтан және Еуропадан жеткізіледі. Наша саудасында әр жылы 300-500 млрд. долларға дейін ақша айналады. Енді мұны әлемдік бизнес секторында алдыңғы орындардың бірін алмайды деп көріңіз. Мысалы, өзімізбен көршілес жатқан Ресейде 11 мен 25 аралығындағы жастар есірткі сатып алу үшін 2000 жылы 1,7 млрд. доллар көлемінде қаржы жұмсаса, арада үш жыл өткеннен кейін аталған сома 2,7 млрд. долларға жеткен. Жағаңды ұстауға мәжбүр ететін уәждер. Қазір әлемнің барлық елдерінде есірткі бизнесіне қарсы тиісті заңдар қабылданғанын да білеміз. Мысалы, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде есірткі таратушыларға өлім жазасы қарастырылған. Бұл бағытта елімізде тиісті бағдарламалар қабылдап, әрекет етіп жатқаны бар. Бірақ біз көбіне себеп-салдармен ғана күресудеміз. Бізге алдын алу жұмыстарын жасаған жөн. Ол тек мемлекет болып бітіретін шаруа емес. Ол – барша қазақ елінің азаматының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет жасайтын жұмысы. Түйін Нашақорлықпен күрес — баршамыздың алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Бір өкініштісі, нашақорлардың саны жылдан-жылға өсумен бірге, есірткіні жас балалардың, яғни 14-15 жастағылардың қолдануы жиілей түсуде. Әрине, бұл – бүкіл қоғамды, халықты алаңдататын қасірет. Нашақор адамның болашағы жоқ. Себебі мұндай жаман жолға түскен кісі өзіне де, қоғамға да пайда келтірмейді. Адамдық бейнесінен айырылады. Ұрпақ саулығы, ұлт амандығы қазіргі таңда онсыз да саны аз қазақ халқы үшін аса маңызды. Сол себепті саламатты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу баршаға ортақ міндет болып отыр.
53 СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНСІЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МҮМКІН ЕМЕС?
Сөйлеу этикеті сөйлеу тәртібі ережелерінен және сыпайы қарым-қатынастың тұрақты формулаларынан тұрады. Бұл ережелерді білу адамның өзіне деген сенімділігін арттырады, оның әлеуметтік мәртебесін арттырады, басқалармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сөйлеу этикеті іскерлік қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады, мұнда сәттілік серіктестердің бір-біріне жасайтын әсеріне байланысты.
Сөйлеу этикетінің негізгі принциптері қандай екенін анықтайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет