№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№68 ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН,СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ.СІЗ БҰНЫ



Pdf көрінісі
бет72/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
№68 ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН,СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ.СІЗ БҰНЫ 
ҚАЛАЙ КӨРЕСІЗ? 
Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, 
адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. 
Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар 
аудара бермейді. Мысалы мен мына бір мақалды эфиграф ретінде ала отырып, 


осы мақалға сүйену арқылы шығарманы жазуды жөн көрдім. «Тәрбиесіз алған 
білім- адамзаттың қас жауы» деген атам қазақ ендеше кез- келген адам өзін-
өзі басқаруы, бақылауы қажет. Себебі адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере 
бермейді. Сондықтан да өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл 
дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –
тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда 
әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола 
бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің 
жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері 
қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам бірінші өзінен бастау керек. Мен 
кіммін? Қалай киінем? Қалай жүрем, кіммен жүрем? Қалай сөйлеуім керек? 
Осы өмірде менің қалағаным не? деген сияхты көптеген сұрақтар үнемі 
мазалап тұру керек. 
Дәл өзің қалағандай өзгергің келсе төмендегі алты кезеңді есте сақта!. 
Бірінші кезең – адам өз –өзіне деген сенім қалыптастыру керек. 
Екінші кезең-табандылығы мен төзімділік қажыр қайтаты мықты болу. 
Үшінші кезең-адалдықпен, адамкершілік рухани жан дүние тазалығын 
қалыптастыру. 
Төртінші кезең-өз іс-әрекетіңді мұқият қадағалау. 
Бесінші кезең-ашу,ызаны жеңе білу. 
Алтыншы кезең-кез-келген нәрсе шешім қабылданған соң басталады. 
Бұл кезеңде сондай-ақ адам өзіне белгілі бір үлгі табу, яғни, өз-өзіңді 
тәрбиелеудің нәтижесі қандай болу керек екендігін нақты белгілеп алу. 
Өзіндік танымы мен қоршаған ортаның әсерінен адам өзіне үлгі құрады екен. 
Кейде адам өзінің болашақта болғысы келетін абстрактылы бейне ойлап 
табады. Идеал – белгілі бір адам бейнесінде немесе нақты бір шарттар (сыртқы 
келбет, сөйлеу мәнері, адамдық қасиеттер) арқылы белгіленеді. Өзін-өзі 
тануы, өзін-өзі тану үдерісінде белгілі бір қасиетті анықтау және дамыту 
әрекеті жүзеге асады. Оларды дәл анықтау адамның өзіне байланысты болады. 
Сонымен қатар осы кезеңде адами құндылықтарды нақтылау үдерісі жүреді. 
Әлем біздің ішкі және сыртқы жан дүниемізбен үлесу керек.Сонда ғана 
нәтижелі іс-әркет қалыптасады.Егер сіз өзіңізді басқара білсеңіз сіздің оқу мен 
болашағыңыз анықтала бастайды. Бұлай деп айтып отырғаным мен осы өзін -
өзі тану пәнін мектепте оқу барысында көптеген өміріме қажетті 
құндылықтарды түсіне бастадым. Нақты дәлелдеп айтатын болсам менің 
көзқарасым жүріс-тұрысым басқаша еді. 
Мен өзін –өз тану пәніне деген қызығушлығым оянып өмірге деген 
көзқарасым,пікірім мүлдем түп нұсқасымен өзгерді десем артық айтпаған 
болар едім. Менің өзін – өзі тану пәнінен алаған білімім мен тәрбиемді кез-
келген жерде тиімді пайдалана аламын деп толық айта аламын.Себебі әлем 
өзгеру үшін мына бізден басталады.Әлемнің бастауы біз. «Әлем өзгереді 
менде өзгеремін». Біздің әлемде болып жатқан құбылыс немесе т.б заттың бәрі 
өзгеріс деп түсінем. ХХІ ғасыр әлемінде техникада тіпті күнделікті тірлікте 
пайдаланатын заттың бәрі де өзгерді. Қараңғы сезім мен тұңғиық ойдан аулақ 
болу. Жаңа өмірге деген жаңа білімге деген көзқараспен ой-сана, сезім де түп 


нұсқасымен өзгеру керек. Өзгеру үшін өзімізден бастау алу. Экономика, 
бизнес тіпті таға басқа да барлық ішікі және сыртқы рынокта өгеру қажет біз 
өзіміз нені қалаймыз және неге қол жеткіземіз қалай білім аламыз? Қандай 
ұрпақ боламыз, деген сұрақ болу қажет. Бізден болашақ көп нәтиже күтеді 
сондықтан да қазіргі өскелең ұрпақ қандай болу керек? Жан-жақты мобилді 
адам болып қалыптасуды қажет етеді.Өз бетімізбен білім алу, өздігімізбен 
шешім қабылдай білу нәтижелі іс-әрекет жасуға ұмтылу ол барлық осы 
қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бүгінгі заман талабы десем де 
қателеспеген болар едім. Әлем бізді емес біз әлемді өзгертуміз қажет деп 
түсінем.«Ұлт болашағы білімді ұрпақта» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 
айтқандай білімді болып ғана қоймай тәрбиелі тәлімді азамат болу шарт. 
«Сауатты ұрпақ салауттылық нысаны» деген ұстанымды үнемі бойыма сіңіріп 
келемін. Еңбек ету, талпыну қоғамға, ортаға пайдалы жұмыс жүргізу.Адал 
еңбек ету барыңды бағалай білу. Жоққа қанағат, барға нысап жасау. Беркелі 
елдің бейбіт өмір сүруіне үлес қосу. Адам өзінің де, өзгеніңде қателігін көрсең 
бетіне басу емес сол қателікті жібермеуге тырысу. Өмірде барлық адам өз 
қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған заттқа жету үшін тағыда адал 
еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе. 
Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен 
сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда 
барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» 
деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек 
қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің 
ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-
жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу 
әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу. 
«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене 
отырып шығармамды қортындылауды жөн көрдім. Сенің көзқарасың ол сенің 
өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа 
алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам 
алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет