Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесінде бүкіл ғұмырымен қажыр қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай таңдауы керек, өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады
№28 МҰҒАЛІМ ШАБЫТТЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ?
Өмірде екі мамандық иесі: ұстаздар мен дәрігерлер ерекше құрметпен аталады. Одан кейін диқандар, құрылысшылар... деп, жалғасып кете береді. Дәрігерлерді көбіне ауырғанда еске алсақ, ұстаздар үнемі ойымызда жүреді, күнделікті өмірде де олармен араласымыз үзілмейді. Ұстаздан бұрын өзіміз білім алсақ, кеше балаларымыз оқыды, ал бүгін міне, немерелеріміз мектептерде мұғалімдерден сабақ алуда. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарына ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең ардақты, ең құрметті мамандық.. Американың бір газетінде «Генриден кеңес сұраңыз» деген ата-аналарға арналған бөлім болыпты. Үлкен адамдар кеңес сұрайтын әлгі кемеңгер кеңесші кім десеңдер, 11-12 жасар бала екен. Оқиға былай өрбіген. Бір күні газет редакциясына баладан қызық хат келеді. Онда: «Мен қанша дегенмен біраз балалық шақты бастан кештім ғой. Олардың барлық сырын жақсы білемін. Ата-аналарға балалары туралы кеңес беріп тұрар едім. Құрметпен Генри», деп қол қойған. Содан редактор баланың тілегін қабыл алып, газеттен жоғарыдағы бөлімді ашады. Ата-аналар балаларының түрлі тентектік қылықтарын немесе басқа да мінездерін айтып: «Мұндай жағдайда қайтсек екен?» деп Генриден ақыл сұрап редакцияға хаттар жазып жатады. Бір қызығы, сол хаттарға Генридің тапқырлықпен берген қысқа да нұсқа нақты жауап-кеңестері газетте жарияланып тұрады. Мен де сол Генри сияқты: «Қанша дегенмен ширек ғасыр ұстаз болдым ғой, оқушылардың мінездері мен қылықтарын, сырларын және бүгінгі мектептің проблемаларын жақсы білемін, ендеше, осы оқулықты мен жазбағанда кім жазады», деп іске кірістім. Әңгімеміздің басты тақырыбы мұғалімдік мамандық туралы болғандықтан, алғашқы ұстаздарымның бірі Сабыржан Оташұлы туралы «Жұлдыз жүректі ұстазым» деп жазған естелігімнен бір үзінді келтірейін. «...Сабыржан ағай оқушыларға бар жанын салып сабақ беретін, бәрі де жақсы оқыса екен, деп педагогиканың бар тәсілін қолданып бағатын. Жақсы жауап берсек, жай бестік бағаны қоя салмай, сүйсініп: «жарайсың, міне, осылай оқу керек» деп жақсы сөзбен көтермелеп отыратын. Оқымай келсек, соған жай ұрсып ренжігені ештеңе емес, іштей қатты назаланатын. Сондай бір сәті есімде өте-мөте сақталып қалған-ды. Ойынға қанбайтын балалық кезіміз емес пе, бір күні бәріміз сабақ оқымай келіппіз. Тым болмаса, біріміз жауап берсекші. Аузын буған бұзаудай ешқайсымызда үн жоқ. Содан ағай қатты ашуланды. «Бұдан былай мен сендерге мұғалім болмаймын, сабақ бермеймін, басқа мұғалімнен оқыңдар» деп сабақты аяқтамастан үйіне кетті де қалды. Енді біз сасайық. Өзіміз жақсы көретін мұғалімімізді қатты ренжітіп алғанымызға өкіндік, шынында да, бізге сабақ бермейтін болса, жаман болады деп уайымдадық. Сосын бәріміз кешірім сұрайық, деп үйіне бардық. Есік алдында жүрген келіншегі Алданыштан «ағай қайда» деп сұрадық. Ол: «Сендер не бүлдірдіңдер? Ағайларың қатты ренжіп келіп, теріс қарап жатып қалды. Кейіп келгені сондай, тамаққа да тұрмай жатыр» деді. Біз кешірім сұрауға келгенімізді, бұдан былай ағайдың сабағын жақсы оқитынымызды оған айтуды өтініп, үйді-үйімізге тарастық. Ұстазымыздың оқушыларға қатты налығандағы осы бір қылығы, балаша өкпелеп үйіне барып теріс қарап жатып алуы кейін өзім мұғалім болғанда есіме жиі түсетін. Бұл деген ұстаздық мамандығын беріле сүюдің, оқушыларын, балаларды жанындай жақсы көрудің, оларға жүрегінің бар жылуын, бойындағы бар талантын сарқа жұмсап арнауының айқын көрінісі емес пе. Соны біз кезінде бала жүрегімізбен сезініп, оны бұрынғыдан да жақсы көре түстік. Өзім осы уақытқа дейін асыл ағаның бейнесін жүрегімде жылы сақтап келемін. Ұстаздың сол асыл қасиеттері маған да жұққан болар, мектептерде де, институтта да ұстаздық қызмет атқарған жылдары оқушыларым мен студенттерім үшін бойымдағы бар қабілеттерімді аямай жұмсап еңбек еттім. Студенттерім арасында сүйікті ағай атандым. Жақында әлеуметтік желідегі парақшама қарап отырсам: «Сәлеметсіз бе, алтын жүректі ағайымыз. Сізді әлеуметтік желіде көргеніме қуаныштымын. Сізге сарқылмас шабыт тілеймін. Студентіңіз Арайлым Серікбаева» деген жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Осындай алтын сөз, тамаша тілектен соң шабыт қалай шарықтамасын. Сабыржан ағайымыз жылы жүректі болумен бірге талапшыл да болды. Тәртіпті қатаң талап ететін, тиісті жаза да қолданатын. Аяғымыз талғанша бұрышқа тұрғызып та қоятын. Әке-шешем мектептен алыс қой қыстауында шопан. Жататын үй болмай бір жылы интернатта тұрып оқыдым. Түнде жатар алдында кезекші мұғалімдер келіп тексеріп кетеді, сыртқы есікті іштен жауып аламыз. Кезекші мүғалім кетіп қалды-ау деген мезгілде ара-тұра қызық көріп, жалаңаяқ қар кешіп, жүгіріп келетін әдетіміз болатын. Бірде Аманжол деген ұзын сирақ бала: «Ал кеттік, ұзын сирағымызды көсілтіп келейік» деп дауыcтап өзі бастай жөнелді, біз ере жөнелдік. Қар үстінде жүгіріп бара жатқанда аяқ тоңа қоймайды. Жүз метрдей жүгіріп, қарқынымыз басылған соң, ішке кірейік десек есік ашылмайды. Аш, аш! – деп айқайласақ, іштен Сабыржан ағайымыздың: «Ұзын сирақтарыңды тағы да біраз көсілтіп келіңдер», деген дауысы естілді. Ішімізден бұрышқа тұрғызғандай уақыт тұрғызса, біттік дедік. «Ағай, тоңып барамыз, ашыңызшы», деп дірдектеп тұрмыз. Әйтеуір ашты-ау. Сөйтсек ағай кетіп қалмай, бұрыштан бізге көрінбей байқап, бәрін естіп тұрыпты. Содан кейін ұзын сирақты көсілтуді қойып кеттік. Тәртіп сақтауды қалыптастырудағы бұл да бір дәйектілік болса керек. Бұрын біздің оқушы кездерімізде, одан кейін де әйелдерден ер мұғалімдер көп болатын. Мектептерде бұрын тәртіптің болғаны да сондықтан. Мектепке әйел директор болғанын көрген емеспіз. Ал қазір керісінше, ер мұғалімдер мүлдем аз. Тәртіптің жоқтығынан мектептерде қазір полиция күзеті енгізілді. Масқара емес пе. Мектепке сырттан ешкім де басып кіріп шабуыл жасамайды. Мектептің өз ішіндегі қиын балалардан қорыққандықтан солай жасалуда. Айтуға ұят. Мектептерде қыздар мен әйел мұғалімдердің көп болғаны осындай ауыр жағдайға соқтырып отыр.Ер мұғалімдер көп болуы керек. Ұлдарға айтарым, мұғалімдік жұмыстан қашпаңдар. Ұстаздық мамандық – ең тамаша мамандық! Мұғалімдік нағыз ерлер атқаратын жұмыс. Мен өзім мектепте де, институтта да мұғалім, оқытушы болғанымды мақтан етемін. Бұл мамандығымды жан-тәніммен сүйдім, оқушыларымды да, студент шәкірттерімді де жанымдай жақсы көрдім. 1971 жылы елден Алматыға көшіп, журналистік жұмысқа ауысқанымда мектеп пен оқушыларымды қимай-қимай қоштасқаным есімде. Қорыта келгенде, ұлдар мен сендерді мектеп бітірген соң мұғалімдік мамандықты таңдап, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге шақырамын. Ерлер атқаратын жұмысты әйелдердің мойнына артып қойғанымыз дұрыс емес. Мектепте ер мұғалімдер көп болса, полиция күзеті болмас еді, тәртіп бұзатын қиын балалар да азаяр еді сөзсіз. Мысалы, жоғарыдағы «Жұлдыз жүректі ұстазым» атты естеліктегі Сабыржан Оташұлының ұстаздық бейнесі мектептерде ер мұғалімдер көп болуы керектігінің жарқын көрінісі емес пе. Ұлдар ұстаздық мамандықты таңдаңдар деген шақыруыма үн қосуларыңды сұраймын. Қазір мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы екі есе көбейтілді. Жас мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету де қарастырылған. Педагогикалық мамандықты таңдаған ұлдарға жоғары оқу орнына түсуде артықшылықтар беру де көзделетін болады. Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің патриот ер жігіттері болып, мектептерде басты билікті өз қолдарыңа алуларың керек, онда қалыптасқан қазіргі кемшіліктерді таяу болашақта өз қолдарыңмен түзеулерің керек. Мектеп –Отанымыздың болашақ тағдырын шешетін жастардың оқып білім алып, тәрбиеленіп, түлеп ұшатын ұясы, алтын бесігі. Сол ұя, сол алтын бесігіңді бүгінгі күйінде яғни полиция күзетпесе өздерін өзі қорғап, өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алмайтын дәрменсіз жағдайда қалдыруға болмайды.
№29 БІЛІМ САПАСЫ:ТҮСІНІГІ,ТӘСІЛДЕРІ,ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ «Сапа» терминінің философиялық түсінігінде біз сапаны бір объектіні екіншісінен ажырататын маңызды белгі, қасиет ретінде анықтауға негіздейміз. Өндірістік көзқарас тұрғысынан сапа - бұл тұтынушы үшін маңызды болып табылатын тауардың немесе қызметтің маңызды тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы. Метафоралық мағынада мектептің «өнімдері» - бұл жақсы немесе нашар білімі бар, азды -көпті дәрежеде қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгіленген нормалар, талаптар мен стандарттар. Сонымен, білім сапасы деп оқушылардың оқу нәтижелерінің (жетістіктерінің) сәйкес келу дәрежесін және білім беру процесін нормативтік талаптарға, әлеуметтік және жеке күтулерге сәйкестігінің дәрежесін көрсететін оқу процесінің сапасы түсініледі және ол мыналарды қамтиды: келесі компоненттер:
· білім беру бағдарламасының сапасы;
· оқу процесін ұйымдастыру сапасы ( білім беру технологиялары, оқыту формалары, әдістері, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары);
· білім беру жүйелері мен процестерін басқару сапасы (білім берудегі басқару технологиялары);
· оқу -тәрбие процесіне қатысатын ғылыми -педагогикалық кадрлардың әлеуетінің сапасы;
· ресурстарды қамтамасыз ету сапасы (материалдық -техникалық, оқу -әдістемелік қамтамасыз ету);
· жеке адамды әлеуметтендіру процесінде адамгершілік, рухани, адамгершілік тәрбиенің сапасы;
· сапасы Денсаулық сақтау, тамақтану, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
· отбасы мен қоғаммен серіктестіктің сапасы;
· оқушылардың потенциалының сапасы;
· білім сапасы.
Білім беру нәтижелерін бағалау мен білім сапасын бақылаудың мектепішілік жүйесін ұйымдастыру моделі қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады. білім беру саясатыЯкутск қаласының білім бөлімі мектептердегі білім сапасын бақылау мен басқаруда. Мектептің тартымдылығын арттыру саясаты, оның ресурстарын жақсырақ басқарумен бірге, әрбір білім беру мекемесінің басшылығы үшін, алайда, ауданның бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды. Бұл мәселенің негізі - барлық бюджеттік секторды қайта құрылымдау Ресей Федерациясымектеп басшыларының өз мекемелерінің жұмысына экономикалық жауапкершілігін күшейту үшін жағдайлар жасау және мектептер арасындағы белгілі бір бәсекелестікті ынталандыру. Бұған көбінесе мектептердің әдеттегі аудандарындағы оқушылар санының ауытқуымен және олардың білімге қызығушылықтарының өзгеруімен байланысты демографиялық өзгерістер ықпал етеді. Соңғысына олардың білімін желілік және алыстағы формаларға көшіру, мектеп оқушыларының жартылай ауданішілік қоныс аударуы (географиялық қол жетімділік пен көліктік желінің шегінде) және қашықтықтан оқытудың әр түрлі формаларын қолдану кіреді. Бұл жағдайда мектептердің жаңа миссиясы іске асады - оқушылар мен түлектердің әлеуметтік жетістіктері үшін жеткілікті және қажетті білім беру жағдайларын жасау. Мұндай міндет, әрине, білім беру процесінің сапасы жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Педагогикалық өлшеулер әдістерінің бүкіл кешенін қолдану аналитикалық және түзету жұмыстарының негізін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Есептеуге болатын орта баллжәне әр тапсырма үшін пайыздар әр түрлі салыстыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда: тақырыптардың қайсысы жақсы меңгерілген, қай тақырыптар жылдан жылға тұрақты төмен және жоғары нәтижелер; күтілетін нәтижеге жету динамикасы мен білім сапасын анықтау үшін сыныптар, жұмыс істейтін мұғалімдер арасындағы салыстыру, білімді бағалауды алу. Сонымен қатар, алынған материал білім берудің күтілетін нәтижелері мен сапасына жетудегі тәуекелдер мен шектеулерді анықтауға мүмкіндік береді. Рейтингті құрастыру кезінде үнемі жоғары және төмен нәтиже көрсететін студенттерді бөліп көрсетуге болады, бұл оқытуда оқушыларға жеке көзқарасты қолданудың алғы шарты болып табылады.
Мониторингтік зерттеулердің негізгі нәтижесі - оқу процесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты қалыптастыру.
Осылайша, мониторинг қызметі тиімділік мәселелерінен басқа келесі мәселелерді шеше алады:
Біртұтас құрылымды, біртұтас корпоративтік мәдениетті, оқу процесінің технологиясына қойылатын талаптардың бірыңғай жүйесін құру.
Оқушылар мен ата-аналарға бір оқу орнында нақты және ұзақ мерзімді білім беру стратегиясын құруға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңдегі шығындарды азайта отырып, жалпы білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
Білім алушылардың өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «негізінің» негізгі элементтерін қайта қарамай, білім мазмұнының нақты өзгермелілігін құру. Бұл әсіресе орта мектепте және арнайы білім беру жағдайында өзін дәлелдеді.
Жеке білім берудің қазіргі қажеттіліктеріне ғана емес, сонымен қатар негізгі және қосымша білім берудің әр түрлі салаларында оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. жеке дамуыжалпы.
Білім беру процесінде ақпараттық ресурстарды, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, бұл қазіргі коммуникацияларды меңгеруге қойылатын талаптарды ескеруге мүмкіндік берді.
Жеке білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдердің біліктілік қорының өсу векторын анықтау. Бұл жерде біз мектеп қызметкерлерімен жұмыс бағдарламасын айтамыз (кадрларды даярлау, қайта даярлау және кеңейту), олар жұмыс жасай алатын мамандарды дайындауға бағытталған. жеке бағдарламалар.
№30 ПЕДАГОГ-БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
Ұстаз – шәкірт жанының бағбаны. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.
«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет – бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты» деген екен бір ғұлама. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші – отбасы, екіншісі – өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстаз – берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық – ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бес жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету.
Күн сайын алдымда пәк көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен сезінемін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, дер кезінде жаға білу – менің ұстаздық парызым.
Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды елестететінмін. Болашағыма нық сенетінмін.
Осы мен қандай мұғаліммін? Мен – өз жасыма қарамастан заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы жаңашыл мұғаліммін.
«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде даму – уақыт талабы.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» – демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Барлық мұғалімнің қолында.Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
№31 БІЛІМ БЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛІГІ.БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН АТТЫРУ ЖОЛДАРЫ Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.
Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.
Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.
Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:
• басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;
• білім сапасын диагностикалау;
• оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;
• білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;
• білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;
• білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану;
• ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Білім сапасын арттыру бағытында ғы бағдарламада:
• жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыру үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету;
• ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықтау;
• бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;
• дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;
• ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу;
• барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
• педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу;
• оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу;
• гуманитарлық таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;
• сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;
• пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;
• математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;
Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:
• тұлғаны дамыту;
• педагог мәртебесін көтеру;
• оқытып-үйрету әдістері;
• іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;
• оқушы позициясы;
• жаңа ақпараттық-технология;
• бәсекеге қабілеттілік;
Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді.
№32 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖІНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ