Таланттар



Pdf көрінісі
бет1/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.




 
 
ЖАНЫМ САДАҒА 
 
 
 
Жанның «мені» 
 
 
ТАЛАНТТАР 
 
Алдымда  томпиып-томпиып  отырған  мынау  25  баланың 
әрқайсысының  бойында  бұққан  таланттар  жатуы  сөзсіз. 
Суыртпақтап  тарта  бастасаң,  қиғаштай  туған  жаңа  айды 
көргендей  ұлы  қуанышқа  батасың.  Бұлардың  ішінде  тіпті 
талантсызы жоқ, бір қызығы, филолог боламын деп келіп отырған 
кейбірінің таланты – шаруашылықта, саудада. Аудиторияда өзін 
сенімді  сезіне  алмайтын  шаруақорды  сенбілікте  көрсең.  Әрбір 
істеген ісі орнына келіп, елеусіз ғана балаларды басқарып кетеді. 
Олар  үшін  бес  жыл  уақытын  жіберген  филологтің  дипломы 
күнкөріс кепілі ғана болып қалады. Нағыз жан рақатын сабақтан 
басқа жерден, мысалы, шаруамен айналысқанда табады. 
Өзінің  ашық  мінезіне,  қысылмай  сөйлей  алатынына  қарап, 
«әдебиетші болу үшін туғанмын» деп есептеп қойған бала бар. Ол 
қандай  тақырыпқа  болсын  сөйлей  кетуге  дайын.  Бірақ  сөзі 
жаттанды  болып  шығады,  тіпті  күлкі  туғызады.  Бұл  студенттің 
бойындағы  тамаша  таланты  –  ойындағысын  жасқанбай  айта 
алушылығын өшіріп алмасақ, кәнеки.                                     
Тұйық баланың табиғаты тіпті қызық. Ылғи да партаның ең 
соңғысына  жайғасатын  Ғаниді  сөйлетпек  түгіл,  оқыс  түртіп 
қалып, селк өткізу де мүмкін емес сияқты. Оның өзінде біраздан 
кейін  ғана  мойнын  бұратын  шығар.  Жұрт  дуылдап  күліп 
жатқанда,  білінер-білінбес  жымиғанының  өзіне  ұялғандай, 
сабырлы  қалпынан  бір  ажырамайды.  Емтиханда  болмаса, 
даусының қандай екенін ешкім білмейді. Сынақ кітапшасындағы 
бағалары орташа ғана. Бірақ өзіме осы баланың көзінде тұнған ой 
жатқандай көрінеді. Кейде бір туып кеткен шабытты сөздерімді 



 
соған қарап айтамын. Ондай кезде партаның арт жағынан морзе 
шамындай  жарқ  етіп  бір  қарап  қояды.  Ішінде  қызулы  шоқ  бар 
екенін  содан  сездіреді.  Қызықты  пікір  алмасу  болса,  байқамай, 
басын  көтеріп:  «Ол  былай  ғой»,  –  деп  қалады.  Сондайда  әуе 
толқынынан  S0S-ты  тапқан  радиоқабылдағыштай,  аузынан 
шыққан сөзді қағып алып, құлақ түремін. Бір қуанышты оқиғаны 
күткендейміз.  Ал  содан  кейін  Ғани  айтқан  сөздерді  тыңдауға 
құлақ  керек.  Тек  асықтырма,  ойланып  айтатын  сараңдығына 
шыдау керек. Бірақ аузынан шыққан әрбір ойы қандай салмақты!  
Әйтеуір  сөйлеу  үшін  айтыла  салған  жеңіл-желпісі  жоқ.  Өзі 
сенгенді ғана айтады және ол пікірден қайтпайды. 
Оқу  жылымызды  бітіргеннен  кейін  сол  бала  көпке  дейін 
көзіме  түспей  кетті.  Бір  күні  қарсы  беттегі  аудиториядан  әлгі 
Ғани шығып келе жатыр. 
– Мен баяғы Желтоқсан оқиғасына қатысып едім ғой. Ол үшін 
оқудан шығарып жіберген. Биыл ақталып келіп тұрғаным, – дейді 
басын  сипап.  Жай  ғана  ауылға  барып  келгенін  хабарлағандай 
жымиып. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет