Ғаббас әл-Жауһари, Аббас әл-Жауһари, Ғаббас ибн Сайд әл- Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы) — астроном, математик. ОтырароазисіндегіЖауһарана (қазіргі Гауһартөбе) қалашығында туған. Бағдатқа шақырылып, Ортаазиялык ғалымдармен бірге Бағдат обсерваториясы мен "Даналық үйінің" негізін қалаған. Ол 829—830 жылы Бағдатта жөне 832—833 жылы Дамаскіде жүргізілген астрон. бақылауларға қатысады. Бұл бақылаулар негізінде "Мамунның астрономиялық кестелері" деп аталатын еңбек жазылды. Ғаббас әл-Жауһари — Евклидтің "Негіздерін" түсіндіруге, толықтыруға арналған бірнеше трактаттардың авторы. Ол шығыс математиктерінің ішінде ең бірінші болып Евклидтің параллель түзулер аксиомасын сынға алды. Евклидтің 5-қағидасын дәлелдеуге әрекеттеңді. Ол бұл ретте үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы және бұрыш ішіндегі кез келген нүктеден бұрыштың 2 қабырғасын қиып өтетін тузу жүргізуге болатынын дөлелдеді. Ғаббас әл-Жауһаридің параллель түзулер туралы идеяларын кейіннен Әбу Жафар ат-Туси дамытты