Көкірек қуысы:Көкірек қуысында сарғыш түсті жалқаяқтар болды.
Өкпеде: Өкпеде миграциялық жолмен келген фасциолалар және ересек фасциолалар өкпе плеврасын тескен.Плевра астында және паренхимада қызыл түйіршіктер кездесті. Өкпеде мөлшері 0,3 мм паразит құрттар кездесті. Мөлшері грек жаңғағы сияқты ошақтар бар.Капсула ішінде сары-күрең түсті созылмалы масса болды.Өкпенің плеврасында қызыл қан түйіршіктері байқалды.
Сулы диагностикалық әдіс: Өкпе кесіндісі су бетінде ауыр қалқып жүр кескен жері бірікпейді, біраз ұлғайған. Бронхыларын кескенде көпіршікті сұйықтық кездеседі, бездерінің көлемі қалыпты.
Жүрек: Жүрекқапта сарғыш түсті сұйықтық байқалды.Эпикардінде қызыл дақтар көрінеді. Жүрек еті бозғылт, талшықты құрылымы байқалмайды, босаң. Қуыстарында қан ұюы бар сарғыштау және қошқыл түсті. Қос жармалы қақпақшалары едәуір қалыңдаған, тығыздығы шеміршек тәрізді, ол қолқа қақпақшаларына қоңыр - сарғыш түсті тромб шөккен, ішінде ұзындығы 12-13 мм ақшыл - қызғылтым екі жұмыр құрт табылды. Қан тамырларының қабырғалары қабынған аневризмдер көрінеді.