Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру Сабақтың міндеттері



бет1/4
Дата18.06.2023
өлшемі269,73 Kb.
#102122
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі ( 8-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалары.
Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Қан айналым мүшелерінің міндеттерімен қызыметін түсіндіру
Тәрбиелілігі : табиғатты қорғауды қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу.
Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, слайдтар
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздарма? Кезекші класта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Иммуеитет дегеніміз не?
Туа біткен иммунитетті сипаттаңдар?
Жүре пайда болған белсенді иммунитетке сипаттама беріңдер?
Жүрк пайда болған енжар иммунитет қалай сипатталады?
Емдік қан сарысуы дегеніміз ен? Ол қандай жағдайда қолданылады?
ЖИТС тен қалай сақтануға болады?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Қанайналым мүшелері. Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді. Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттекті қабылдап, зиянды заттардан тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын) қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты.

60-сурет. Кеуде қуысы:
1 – жүрек; 2) – қабырғалар 3 –көкет (диафрагма)
Жүректің құрылысы. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше (60-сурет). Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады (61-сурет). Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.

61-сурет. Жүректің сыртқы құрылысы:
1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша; 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша (стрелка) қанның ағу бағытын көрсетеді
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.
Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде жұқа. Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан. Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.
Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулы қақпақшаларорналасқан (62-сурет).

62-сурет. Жүректің ішкі құрылысы:
1 – қолқа доғасы; 2 – жарты ай тәрізді қақпақшалар; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – сол жақ қарынша; 5 – жүректің емізік тәрізді бұлшықеттері; 6 – жүректі ұзынынан бөліп тұратын қалың бұлшықет қабаты; 7 – оң жақ қарынша; 8 – жақтаулы қақпақшалар; 9 – төменгі қуысты вена тамыры; 10 – оң жақ жүрекше; 11 – жоғары қуысты вена тамыры
Қарыншалар мен олардан басталатын артерия қантамырларының арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар (полулунные клапаны) бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.
Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытқа қарай өткізеді. Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға қарай өтеді. Жарты ай тәрізді қақпақшалардан қан артерия қантамырларына қарай ағады. Қақпақшалар тығыз жабылып, қанның кері бағытқа қарай өтуіне кедергі жасайды. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.
Жүрек қуыстарымен қанның ағу бағыты:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет