1. Малшылардыц қоңырау аспабын қолдану мақсаты



бет1/4
Дата23.05.2023
өлшемі39,79 Kb.
#96303
  1   2   3   4

1135-нұсқа
1-мәтін
Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әртүрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталатын қоңырауды мектепте де қолданады.

1. Малшылардыц қоңырау аспабын қолдану мақсаты
A) уақыттың мөлшерін анықтау
B) көңілді әуенді тыңдау
C) малдың қауіпсіздігін ойлау
D) баланың көңілін аулау
E) малдың иесін таныту
2. Қоңырау аспабы жасалатын металдарға тән қасиет
A) Балғамен ұру арқылы дыбысталуы
B) Дыбысының сыңғырлап шығуы
C) Шар тәріздес болып келуі
D) Іші қуыс болып жасалуы
E) Жұмсақ металл түріне жатуы



2-мәтін
Аты жаһанға мәшһүр данышпандардың бірі достарымен қала қыдырып жүріп, пойызына кешігіп қалады. Әрең дегенде қуып жетіп, енді міне бергенінде, аяғындағы аяқ киімінің бір сыңары шешіліп, түсіп қалады. Бұл кезде жерге қайта түсіп алу мүмкін емес еді. Себебі жүйткіген темір тұлпардың жылдамдығы сәт сайын күшейіп келеді. Жанындағы жолдастары "Енді қайтер екен?" деп тұрғанда, данышпан аяқ киімінің екінші жұбын шешіп алып, анау алғашқысы түсіп қалган жаққа қарай лақтырып жібереді. Данышпанның мына қылығына түсінбеген біреуі шыдай алмай: "Неге бұлай жасадыңыз?" - деп таңғала сұрайды. Оған күле қарап, оқымысты былай деп жауап береді: "Теміржолды паналаған бір пақыр аяқ киімнің бір жұбын тауып алса, екіншісін де тауып кисін", - дейді. Дара сыңарының өзіне керегі болмайтынын ұғынып, өзінен гөрі бір жарлыға көмек болатынын түйсінген данышпанның даналығы өзгелерге үлгі болды.

3. Түсіп қалған аяқ киімді ала алмай қалуының себебі
A) жолдастарының әңгімесін тыңдау
B) жарлыға көмек бергісі келуі
C) пақыр адамды байқап қалуы
D) пойыздың жылдамдыгының артуы
E) ескі аяқ киім болғандықтан
4. Мәтін жоспарының реті
1. Пойызға кешігіп қалуы.
2. Оқымыстының ұтымды жауабы.
3. Аяқ киімнің бір сыңарының түсіп қалуы.
4. Жолдастарын таңғалдырған данышпан әрекеті.
A) 1,3, 4, 2
B) 3,2,4, I
C) 2,3, 1,4
D) 1,3, 2, 4
E) 4, 1,3,2
5. Мәтіндегі негізгі ойға сай келетін мақал-мәтел
A) Жақсы сөзіңді сыйлар.
B) Ер татулығы ел татулығы.
C) Шындықтың шырағы сөнбейді.
D) Жақсылық қылсаң, бүтін қыл.
E) Ер өнерімен мақтансын.
6. Данышпан сөзі арқылы көрінетін адам бойындағы қасиет
A) сабырлылық
B) ұқыптылық
C) жинақылық
D) шыдамдылық
E) қайырымдылық





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет