1. Малшылардыц қоңырау аспабын қолдану мақсаты



бет3/4
Дата23.05.2023
өлшемі39,79 Kb.
#96303
1   2   3   4
Байланысты:
Ос 18.05

1140-нұсқа
1-мәтін
Әлем кітапханалары
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылган. Оның құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға беріледі. Ескере кететін жәйт, бұл кітап оқуға құштар кез келген адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.
Копенгагендегі Корольдік кітапхана Данияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен мөлшердегі қоры сақталган. Корольдік кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Дания да басылған түңғыш кітап сақталған.

  1. Корольдік кітапхананың бір ерекшелігі

A) Әлем ғұламаларының еңбектері сақталған
B) Құрылыс жұмыстарының ұзақ жүргізілуі
C) Данияда басылған соңғы кітап өңделген
D) Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған
E) Басылымдардың үлкен қоры аударылған

  1. Стокгольм кітапханасының тұргызылған уақыты

A) XVIII ғасыр
B) XXI ғасыр
C) XX ғасыр
D) XIX ғасыр
E) XVII ғасыр



2-мәтін
Менің қолымдағы шағын ғана қызыл қоңыр домбыра отыз төрт жылдан бері сақталып келеді.
Домбыраның оқиғасы мынадай:
1938 жылдың қаңтарында қазақтың кәсіби музыкасының ардагер ағасы, ұйымдастырушысы Ахмет Жұбанов осы қызыл қоңыр домбыраны маған сыйға берді.
Сол жылдың күзінде Алматыда бір үлкен өнер жиыны болып, оған Жамбыл бастаған көптеген халық таланттары келді. Жәкең - бізге аталас, жақын кісі. Өнер жиыны өтіп жатқан тұста әкем Тілендінің туған інісі Тілегеннің әйелі қыз туып, шілдехана куанышына құтты болсын айтуға қасына бір топ өнерпаз ақындар Кенен, Иса, Үмбетәлі, Шашубайды ертіп, Жамбыл ата біздің үйге келді.
Үлкендер енді бір кезекте маған күй тартқызып, қызықтады. Мен әу баста сәл қысылып, абдырап қалдым да, жұрттың «ұялма, сал барыңды» деген кеу- кеуімен Жәкеңнін Бекболат батыр көтерілісі туралы шығарған дауылды «Ұран» күйін соқтыра жөнелдім. Бәрі сілтідей тынып, тыңдай қалыпты, күй біте «ау, бәрекелді, тағы да тарт» десті. Енді Тәттімбет, Кұрманғазы күйлерін, Жәкеңнің «Ой, дүние-ай» күйін тартып бердім. Ұйып тыңдаған ұлы ақын мен күйді тартпі болғанда, үнсіз ғана қолын созып, домбыраны маған бер дегендей ишара қылды. Домбыраны Жәкең қолына алып, айналдырып, аударып- төңкеріп, әрі-бері қарап отырып: «Домбыраң шешен екен» деп жай ғана шегін қағып байқады, бірақ күй тартпады.
Ақын домбыраны маған қайта ұсынып: «Жарығым, домбыраңды сақта!» Қазақтың қара домбырасының бойына халықтың бар өмірі мен тарихы, қуанышы мен мұң-зары сыйып кеткен. Соны ыждағатпен, ұқыпты үйрене берсең, осы домбыра халқыңа көп нәрсе айтып берер»,- деп еңкейіп, қасында отырған менің маңдайымнан сүйіп, бата берді.

3. Орындалған күйлердің авторларының бірі
A) Үмбетәлі
B) Иса
C) Тілеген
D) Бекболат
E) Кұрманғазы
4. «Домбыраң шешен екен» деген пікірді айтқан
A) Кенен
B) Жамбыл
C) Тәттімбет
D) Ахмет
E) Нұрғиса
5. Мәтін мазмұнынан тыс ақпарат
A) Бір топ өнерпаз шілдехана қуанышына келді.
B) Жамбыл батасын беріп, шығарған күйін тартты.
C) Қолымдағы домбырамның ұзақ жылдық тарихы бар.
D) Дауылды «Ұран» күйін тартып бердім.
E) Үлкен жиын болып, халық таланттары жиналды.
6. Мәтін мазмұны бойынша ой реттілігі
1. Жәкеңнің батасы
2. Қонақ Жамбыл
3. Қызыл қоңыр домбыра
4. Сый домбыра
A) 1.2.4.3.
B) 1.4.2.3.
C) 3.4.2.1.
D) 2.4.1.3.
E) 3.2.4.1.



3-мәтін
Киіз басу - дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған өнер түрі. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр басу процестері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.
Жүн - үйысуға бейім талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады. Киіз басу даты ең жоғары тығыздық - 0,55 г/см3 (байпақтың табаны - 0,42 г/см3). Тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.
Киіз басу ісімен қазақ халқы ертеден таныс. Ғасырлар бойы көіппелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да, қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.
Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады. Солардың бірі - булау. Қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді, оның тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен, үш-төрт әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап жинайды. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін- әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10-12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам киізді алға қарай домалатады. Сосын шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, үш-төрт рет шиыршықтап бүктейді. Екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып, үстін тонмен жылылап жауып тастап булайды.

7. Мәтін мазмұны бойынша маусымдық сипат алған дәстүр
A) киіз басу
B) арқан есу
C) жіп иіру
D) іс тігу
E) ши тоқу
8. Механикалық әрекет нәтижесінде ширайтын зат
A) тон
B) сүзгі
C) жүн
D) ши
E) шуда
9. Киізді булау кезінде қолданылатын зат
A) ши
B) уық
C) фетр
D) шұға
E) жіп
10. Жүн талшықтарының үзіліп, материалдың ыдырай бастау себебі
A) әлсін-әлсін ыстық су құйылғандықтан
B) тартылған жүнді біріне-бірін қосудан
C) киіздің бір жақ шетін жұмарлай білектеуден
D) киіз басу да тығыздықтың артуынан
E) кірікпей қалган бос қылшықтарының түсуінен
11. Киіз басуга қажетті зат
A) аттың жалы
B) түйенің шудасы
C) ешкінің түбіті
D) қойдың жүні
E) сиырдың терісі
12. Киіз басудың булау кезеңіне қатысты дұрыс ақпарат
A) Үстіне салқын су құйып, тонмен жауып тастайды.
B) Су себіле басталысымен 3-4 әйел басылып жатқан жүнді шашады.
C) Су тартылған жүн мен шабақталған жүнді бір-бірінен бөледі.
D) Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су қүяды.
E) Ыстық су жүннің өте баяу киізденуіне жағдай жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет