1. Малшылардыц қоңырау аспабын қолдану мақсаты



бет2/4
Дата23.05.2023
өлшемі39,79 Kb.
#96303
1   2   3   4
Байланысты:
Ос 18.05

3-мәтін
Аттила
Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия кеңістігінде үстемдік жүргізген.
Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан, тарихта осы есім қалған. Алайда оны әр халық әртүрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Etzel), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін...
434 жылы Ғұн империясының билеушісі Ругила өлгеннен соң, мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына көшеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына алады.
Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста - Кавказға, батыста - Рейнге, солтүстікте - даниялық аралдарга, оңтүстікте - Дунайға дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады.
Аттила әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді. Қуатты Шығыс Рим империясына (Византия) жорық жасап, оны тізе бүктіреді. 451 жылы Ғаллияға басып кіреді. Мұның соңы тарихта бұрын болмаған үлкен шайқас осы дәуірдің ұлы оқиғасы - Каталаун (Франция жерінде) шайқасына алып келеді. 452 жылы Италияны бағындырып, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, тек салық жинап кері қайтады.
Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. Қаншама халық пен қала Еділдің алдында бас иген. Осылайша Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болады. Оның денесі Тисса өзенінің маңына қойылған. Аттила дүниеден өткеннен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті.
Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ - Аттиланың есімі адамзат тарихындағы ұлы адамдар -Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерімен қатар аталады.

7. 452 жылы Атилланың мейірімі түскен қала
A) Милан
B) Падуя
C) Галлия
D) Рим
E) Каталаун
8. Атилланың тарихта бұрын болмаған шайқасы, ұлы дәуір оқиғасы
A) Ругила
B) Тисса
C) Иллирия
D) Фракия
E) Каталаун
9. Скандинавия тарихында Аттила есімі
A) Скиф
B) Этцель
C) Македонский
D) Атыл
E) Еділ
10. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Аттиланың өлімінен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті.
2. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді.
3. Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі.
4. Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген.
A) 4, 2, 3, 1
B) 4, 2, 1, 3
C) 3, 1,4,2
D) 2, 3, 4, 1
E) 2, 1,3,4
11. Еділ қағанның жерленген жері
A) 452 жылы Италия елі
B) 434 жылы Ғұн империясы
C) 451 жылы Галлия қаласы
D) 453 жылы Тисса өзенінің маңы
E) 447 жылы Фракия қаласы
12. Берілген тұжырымдардың дұрысы
1. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді.
2. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен.
3. Атилланың тұсында Ғұн империясы өзінің шарықтау биігіне көтеріледі.
A) екінші, үшіншісі
B) үшінші, біріншісі
C) бірінші, екіншісі
D) барлығы дұрыс
E) тек үшіншісі



4-мәтін
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (Адам Жүсіп) 1858 жылы Батыс-Сібір генерал- губернаторының құрамына кіретін Баянауыл ауылдық округіне қарасты Қызылтау тауының етегінде дүниеге келген. «Мәшһүр» есімін оған сегіз жасында Орта жүздің атақты биі аға сұлтан Муса Шорманулы берген. Халыққа сыйлы М.Шорманұлынан мұндай атақ алудың өзі бала Жүсіп үшін зор құрмет еді. Мұса Шорманулы алдына келген бала Жүсіптен қандай да бір өлең оқып беруін сураған. Баланың жауабына риза болған мырза қонақ болып жатқан үйдің бойжеткен қызының бас киімінен бір тал үкісін алып, баланың басындағы тақиясына тағып, өлең өнері жолында тұсауын кесіп, «Мәшһүр» деген айдар таққан. Кейін Мәшһүр Жүсіптен тақиясындағы үкінің сырын сурағандарға ол «Муса мырза үкі тағып, басыма бақ қусы қонды. Содан бері басымнан бұны тастаған емеспін» деп айтқан.
2. Есейген кезінде Мәшһүр Жүсіп Бұқарға барып, араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін меңгереді. Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Эли ибн Сина, әль- Фарабидің еңбектерін оқиды. Елге оралған кезде ауыл балаларының сауатын ашқан. 1887, 1895, 1907 жылдары Орталық Азияны саяхаттаған. Түркістан, Бұқара, Ташкент, Самарқант, Хиуа қалаларын аралап, өз білімін тереңдете түскен.
3. Мәшһүр Жүсіп Көпсевтің өмірі мен шығармашылығы өмірдің келбетін, адамның ішкі жан-дүниесін тереңірек түсінуге мол таным береді. Бүгінгі таңда көптеген ғалымдар Мәшһүр есімін Авиценна, Ұлықбек, Яссауи сияқты ғұламалардың есімдерімен қатар атайды. Бұлай айтылуының өзіндік себебі де бар. Өйткені, Мәшһүр Жүсіп Көпеев халық арасында тек ақын, ғалым ретінде ғана емес, қасиетті әулие, көріпкел ретінде де үлкен құрметке ие болған.
4. Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдік қасиетінің құдіретіне өзінің ажалының жететін күні туралы айтқан болжамы нақты дәлел болады. Әулие өзінің дүниеден өтетін күнін бір жыл бұрын айтып, шариғат жолы бойынша барлық жоралғыны жасатқан. Сонымен қатар, ол көзі тірісінде өзінің бейітіне мазар тұрғызған. Мәшһүрдің жаназасына жиналған туған-туысқандары оның тірі екенін көріп, бұл әрекетіне наразылық білдіргендерге: «Келер жылы осы уақытта сендердің не болып, қайда қалатындарыңды ешкім білмейді» деп қана жауап берген. Шынымен де, әулие дүниеден өтер кезде 1931 жылы қазақ даласында жұт болып, ашаршылық күндерінің зауалынан бар туғандары елдің түкпір-түкпіріне босып кетіп, өзін соңғы сапарға шығарып сала алмайтынын білген. Ол отызыншы жылдардагы аштық пен репрессия туралы да анық айтып кеткен.
Мәшһүр өз бейітінің болашақ мазарын өзі сызып, жасатқан. Кіретін есігін мұсылман шариғаты бойынша шығыс жақтан болса да, ол солтүстікке қаратқан. Бұл оның өз өтініші болған соң оған ешкім қарсы шыға алмаған. Зират-үйін екі бөлме етіп соқтырған. Бірінші бөлмеде өзінің аманаты бойынша Құран, өзінің кітаптары, ер-тұрманы, ат әбзелдері, ақынның өзі қолданған жеке заттарын қойғызып, келушілер үшін шағын үстел, ыдыс-аяқ, пеш жанында көмір, ағаш қойғызған. Келесі бөлмеде адам басынан асатын тереңдіктегі 3x4 метр көлемінде жертөле қаздырған. «Әрі-бері өткен жолаушылар келіп түнеп қалса, барлық мүлкімді пайдалансын. Бірақ жуып-тазалап, қайыра орын-орындарына қойып кететін болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын», - деп тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің: «Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етемін. Тек жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады», - деп үлкен баласы Шарапиденге шырақшылықты өсиет етеді. Мәшһүр өзі атап айтқандай 1931 жылы 27 қарашада дүниеден өтеді. Оның денесі 1952 жылға дейін бұзылмай жатқан.

13. Мазардың бірінші бөлмесінде орналасқан заттар
A) келушілер үшін шағын үстел, оқитын кітап, майшам
B) өзінің оқыған кітаптары, қолжазбалары, ыдыс-аяқ
C) ер-тұрманы, ат әбзелдері, жеке заттары, сандықша
D) ер-тұрманы, ат әбзелдері, жеке заттары, ыдыс-аяқ
E) ат әбзелдері, шағын үстел, майшам, қалам-қағаз
14. Баласына қалдырған өсиеті
A) қолжазбаларын сақтау
B) мүлкін пайдалану
C) мазарын салу
D) жеке заттарын сақтау
E) шырақшылық еіу
15. Мәшһүр Жүсіптің қасиеттілігін танытатын нұсқа
A) ауыл балаларының сауатын ашуы
B) адамның жан-дүниесін терең түсіне білуі
C) туысқандарына серт беруі
D) ұзақ жылдар денесінің бүлінбеуі
E) үкі тағып, өнер жолына түсуі
16. Мәшһүр Жүсіптің баласы
A) Ұлықбек
B) Мәшһүр
C) Шарапиден
D) Шорман
E) Мұса
17. «Мәшһүр» атағын берген адам
A) Шоң би
B) Мұса Шорманұлы
C) Саққұлақ шешен
D) Бөгенбей батыр
E) Шорман би
18. Мәшһүр Жусіптің зират-үйіне келіп тоқтаған адамдарға қойған шарты
A) жеке заттарына қол тигізбесін
B) қолданған заттарды жаңартып отырсын
C) мүлікті жуып-тазалап, орындарына қойып кетсін
D) есікті құлыптап жататын болсын
E) үйдің ішін жуып-тазалап кетіп отырсын
19. Үкінің сыры туралы сұрағандарға берген жауабының дұрыс нұсқасы
A) Мұса мырза үкі тағып, басыма бақ құсы қонды
B) Мұса мырза бай қызының үкісін сыйлады
C) Көз тимес үшін арнайы тағылды
D) Мұса ІІІорманұлы арнайы сыйға тартты
E) Аға сұлтан қызының бас киімінің үкісін берді
20. Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдік қасиеті ашылатын бөлім(-дер)
A) 2
B) 4
C) 2,3
D) 1,5
E) 1,3





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет