1. Маркетинг туралы түсінік. Қоғамдық денсаулық сақтауда маркетинг негіздері. Маркетинг туралы түсінік


Қоғамдық денсаулық сақтауда маркетинг негіздері



бет2/2
Дата22.09.2023
өлшемі30 Kb.
#109702
1   2
Байланысты:
9 лекция

2.Қоғамдық денсаулық сақтауда маркетинг негіздері.
Денсаулық сақтау – қызмет көрсету саласы. Қызмет көрсетуде материалдық және таза қызмет түрлерін дұрыс бөлу . Денсаулық сақтауда ұсынылатын қызметтердің негізгі бөлігі таза қызмет категориясына жатады (рентгендік бейнелер, электрокардиограммалар, дәрігер ойымен клиникалық диагноз қоюдағы тіркелген шипашақтарды есептемегенде). Денсаулық сақтауда кәсіптік іс-әрекеттердің нәтижесі тікелей адамның іске асыруына байланысты болып және арқашанда жеке сипатқа ие болады. Бұл, қажетті нәтиже (әсер) шектелген маман топтарының немесе бір ғана адамның іс-әрекетімен де көрініс табады. Сонымен қатар денсаулық сақтаудағы нәтижелілік, жұмсалған шығын шамасымен де байланысты емес. Мысалы, дәрі-дәрмектік пайдалануды аса жоғарлату мен процедураны көп қолданудан біз жазылып емделген «әсер» науқасты көреміз
Медицинада аса көп немесе аз сериялы өндіріс болмайды. Денсаулық сақтауда қызметті алдын ала және керегінен артық көрсетіп, кейінірек сұраныстың туындауы мен осы өзіндік тауардың іске асуын күту керек емес. Денсаулық сақтау қызметінің нарығында (бұл көптеген таза қызмет түрлеріне тән) осы қызметтің барлығы емес, тек науқасқа көрсетілген қызмет туралы ғана мәліметтер шығарылып отырады.
Медициналық қызметте ұсыныс пен сұраныстың қалыптасуы, сонымен қатар бағаның туындауы көптеген факторларға байланысты болады. Осыған сәйкес халықтың денсаулығын сақтау нарықта медициналық қызметтің тиімді жұмыс жасауына байланысты, бірақ бірқатар бір-бірімен қарым-қатынастағы нарықтарға, әсіресе, қорлар нарығымен байланысты болады. (еңбек нарығы, медициналық құрал-жабдықтар нарығы, дәрі-дәрмектер нарығы және т.б.) Сонымен қатар, медициналық қызмет нарығында - сатушы ретінде, ал қорлар нарығында - сатып алушылар ретінде денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру.
Медициналық маркетинг осы саланың ерекшелігіне байланысты басқа кәсіп саласындағы маркетингтен өзгеше болып келеді және белгілі бір шектеулері де кездеседі. Максималды түрде адамға бағытталғандықтан, бұл бизнес бір кеңістікте жеке және мемлекеттік емханаларды біріктіреді, сол арқылы ортақ мәселелерді, яғни емдеу, жәрдем беру мәселелерін алға тартады. Ал олар белгілі бір дәрежеде өзгерістер мен стандарттауды талап етеді. Бұл орайда медициналық мекемелерде сынақтан өткізілген және бүкіл дүние жүзінде танылған маркетингті енгізу өзекті болып табылады. Маркетинг тұжырымдамасы Коммерциялық кәсіпорындарды басқаруда пайдаланылатын маркетинг тұжырымдамасы денсаулық сақтаудан да өз орнын тапты. Ол, тұтастай алғанда, халықтың медициналық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыруда, медициналық қызмет көрсетулердің сапасын арттыруда елеулі көмек жасауға қабілетті. Денсаулық сақтауға маркетинг тұжырымдамасын енгізу қазіргі уақытта медицинаның мемлекеттік және жеке меншік секторларының нақты қатар өмір сүруімен алдын ала анықталған, сондықтан да медициналық қызметтер көрсетуді тұтыну көлемі мен құрылымын оңтайландыру, сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімге қол жеткізу проблемалары өте өзекті, бұл маркетингтік тәсілдермен табысты шешіледі. Персоналды уәждеу. Денсаулық сақтау ұйымын тиімді басқару үшін қызмет көрсеткіштерінің әмбебап жүйесін енгізу. Денсаулық сақтау ұйымы персоналының уәждемесі кадрлық саясаттың ғана емес, сондай-ақ әртүрлі деңгейлердегі басшылардың күнделікті қызметінің аса маңызды құрамдасы болып табылады. АҚШ Солтүстік-Батыс университетінің жанындағы Дж. Л. Келлог менеджмент Жоғары мектебінің халықаралық маркетинг профессоры – Ф. Котлердің пікірінше, – егер кәдімгі жағдайларда маркетинг гүлдену үшін қажет болса, онда дағдарыс жағдайларында ол емдеу-профилактикалық мекемеге аман қалуға және оған халықтың денсаулығын сақтау бойынша жүктелген функцияларды орындауға көмектесетін маңызды тетікке айналады. Денсаулық сақтаудағы аспап ретінде маркетинг мақсаты халықтың денсаулыққа, медициналық препараттарға, әртүрлі медициналық мамандардың қызметтер көрсетуіне, медициналық техникаға және т.б. қажеттілігі болуы мүмкін алмасуларды жүзеге асырумен байланысты жұмысты ұйғарады. «Маркетингтің мақсаты – көрсетілетін қызметтер жөнінде күш-жігер жұмсауды керексіз ету. Оның мақсаты – клиентті тауар немесе көрсетілетін қызмет соңғысына дәл келетіндей және өзін-өзі сататындай жақсы тану мен түсіну» Медұйымның маркетингтік саясатын қалай әзірлейді Қазақстанда медқызметтерді алға бастыру және пациенттерді тарту Нарық медициналық қызметтер көрсету сапасын талап етеді «Нарықтық экономиканың негізгі идеясы адамдардың өз жеке таңдауын - нені және қай жерде сатып алуды, қай жерде жұмыс істеуді, жинақ қорын қайда орналастыруды жүзеге асыруына келіп тіреледі, ал кәсіпорын мен мекемелер осы таңдауға қарай орайластырылады». Маркетингтің басты идеясы: оның кез келген жүйесі олардың өмірін жақсарта отырып, тұтынушылардың мұқтаждықтарын қағып алатындай, қызмет көрсететіндей және қанағаттандыратындай қызмет етуі тиіс. Маркетинг алмасуларды жүзеге асыруға бола нарықпен жұмыс істеу болып табылады, алмасулардың мақсаты – адамдардың адамзат қауымдастығына игілік әкелетін мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру. Маркетингтің мәні мына формуламен анықталады: «сатып алушыға нарықпен келісілмеген өнімді таңуға әрекеттену емес, сөзсіз өткізілетін нәрсені өндіру». Медициналық маркетинг – бұл кәсіпкерлік қызмет, ол медициналық қызметтердің оны өндірушіден (дәрігер, медбике, фармацевт және т.б.) тұтынушыға (пациент) қарай алға жылжуын басқарады; бұл онымен бір мезгілде, әлеуметтік үдеріс, оның көмегімен оларды жетілдіру, алға жылжыту және іске асыру арқылы медициналық көрсетілетін қызметтерге деген сұраныс болжамданады, кеңейтіледі және қанағаттандырылады. Бүгінгі күні нарық заңы бойынша пациентке қызмет көрсетуді берушіні таңдау құқығы беріледі: денсаулық сақтаудың мемлекеттік немесе жекеменшік секторы, емдеу-профилактикалық мекеме (бұдан әрі – ЕПМ) мен ондағы дәрігер-маман – жалпы, ол талап етілетін медициналық қызметті сатып алғысы келетін кез келген қолжетімді жер. Медициналық қызмет (бұдан әрі – МҚ), дегеніміз оның заттық емес өнімін (материалдық емес қызмет) алумен материалдық өндіріс. Бұл қатынастардың экономикалық қыры – бір тараптың қызметті өндіруі мен оны басқа тараптың тұтынуы не нарықтық шарттық негізде, не мемлекет белгілеген ережелер негізінде өтеді. Кәсіптік тұрғыдан тараптар: денсаулық сақтау мекемесі (медициналық қызметкер) және пациент болып табылады. МҚ кәсіптік көрсетілетін қызметтердің түр өзгерісі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қызметті орындаушыға жоғары біліктілік талаптары қойылады. Бұған МҚ орындаушының кәсіпқойлығын растайтын медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен сертификаттар беру тәртібі негізделеді. Медициналық қызметкерлер негізінен емдеу, қалпына келтіру және денсаулығын нығайту үшін оның ағзасына әсер етудің әртүрлі тәсілдері (инвазивті және инвазивті емес және басқа) енетін қызмет жүзеге асырылатын ауырған адаммен істес болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет